Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz



ИРАК

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Ирак Республикасының  мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                          Ирак Республикасы
    ИРАК, Ирак Республикасы (Әл-Жумхурия әл-Иракия) - Бат. Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд Арабиясымен т. б. елдермен шектеседі. Оңт.-шығысында Парсы шығанағы. 
Жері - 434,9 мың км2.
Халқы - 28,1 млн. адам (2005-ж). 
Астанасы¬ - Бағдад қ-сы. 
Мемлекеттік тілі – араб, курд тілдері.
Әкімш. жағынан 16 мұ¬хафазға (губернияға) бөлінеді. Құра¬мына Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың 1/2 бөлігі кіреді. 
    Мемлекеттік құрылысы. Ирак – парламенттік рес¬публика. Уақытша конституциясы 1970 ж. 16 шілдеде күшіне енді. Онда ирак халқы негізгі екі ұлттан-араб¬тар мен курдтардан құралатыны, сон¬дай-ақ курдтарға ирактың мызғымас бірлігі шеңберінде барлық право то¬лық берілетіні жарияланған. Мемл. үкіметтің ең Жоғарғы органы – Революциялық Басқару Кеңесі (РБС).  Ол армияны, ішкі қауіпсіздік күштерін ба¬қылайды, соғыс жариялауға және бі¬тім жасауға праволы, министрлерді тағайындайды, заң шығарады т. с. с. РБС мүшелері (12 адам) Баас пар¬тиясы басшылығына да мүше болып есептеледі. Мемл. басшысы-президент, оны РБС сайлайды. Президент кең праволы өкілдіктермен пайдаланады. Үкіметі (атқарушы және әкімш. орга-ны) - Мин. Кеңесі Сот жүйесі кәдім¬гі, діни және арнаулы соттардан (әс¬кери трибуналдар ) құралады.  Мухафаздарды губернаторлар басқарады. Көппартиялы жүйе жұмыс істейді. Ирак БҰҰ-ы, ОПЕК, Араб елдері лигасы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.
    Табиғаты. Жерінің көбін Жоғ. жә¬не Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығ. жағын Армян және Иран таулы қы¬раттары, оңтүстігін, Оңт.-батысын Арабия-Сирия таулы үстіртінің шеті алып жатыр. Ең биік жері - Боздaг тауы (3612 м). Пайдалы қазындыла¬ры: мұнай және газ, фосфорит (Рутба), күкірт (Месопотамия). 
   Kли¬маты - жерортатеңіздік (солт. бөлi¬гінде) және тропиктік (оңтүстігі). Қаңтардың орташа темп-расы - 7¬-110 С, шілдеде 340 С; тамыз айында ау¬аның темп-расы 500 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөл¬шері 1000 мм-ден (оңт.-шығысында) 500 мм-ге (тауда) дейін. Басты өзен¬дері - Тигр және Евфрат (екеуі қocы¬лып Шатт-әл-Араб өзенін құрайды) шағын өзендері - Дилла, Әл-Узап Үлкен Заб және Кіші Заб (Тигрдің са¬лалары). Төм. Месопотамияда көлдер көп, олардың ірілері: Әл-Хаммар, Әл--Хаббания, Әл-Мильх. Жерінің көбі шөгінді және шалғын топырақты, ба¬тыс жағы сары топырақты. Территория¬сының негізгі бөлігі дала, оңт.-батыс ¬шөл және шөлейт; тау беткейлері мен өзен аңғарлары бұталы, сирек орман¬ды келеді. Шатт-әл-Араб, Дияла өзен¬дерінің төменгі жағында пальма өceді. Жазық жерлерінде газель, жабайы есек, тарғыл қорқау қасқыр, қабылан т.б. аңдар, өзендерде көкқұтан, қоқи¬қаз, бірқазан т. б. құстар кездеседі. 
    Халқы. Ирактың негізгі тұрғындары Ирактық арабтар - 76% мен курдтер - 19% түрікмендер - 2%  Арабтар елдің оңтүстік және орт. аудандарында, курдтер – солт/шығысында тұрады. Көшпелі ¬арабтар мен курдтер руға, тайпаға ¬бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа ұлт¬тардан парсылар, түрік¬тер, армяндар, еврейлер т. б. тұрады.
    Ресми діні: ислам - 96¬% (халқының 65%-ы мұсылман-сунниттер, 30%-ы шииттер), христиандар - 4%-ға жуық, йезид, мандейлер, йудеилер - 1%. 
   Экономикасы.  Ирак – аграрлы-индустриялы мемлекет. Экономиканың негізін мұнай өнімдері (Дүние жүзінде 2-орын) құрайды. Мұнай өндіру, газ, күкірт, фосфат, мрамор өндіру жақсы дамыған. Елде мұнай өңдейтін, цемент, текстиль, тері-аяқ киім, азық-түлік (қант, темекі) кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындар басым. Ауыл шаруашылығында көкөніс, бау-бақша өсіру мен экстенсивті мал шаруашылығы және балық аулау салалары дамыған. Иракта туризмді дамытуға мүмкіндік мол, алайда елдегі саяси тұрақсыздық бұған жол бермеуде. Экспорты: мұнай, тері және жүн өнімдері т.б.
Импорты: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар.
Негізгі сауда серіктестері: Иордания, Италия, Германия.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2397 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык