Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ


ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                   Иран Ислам Республикасы
   ИРАН (1935 жылға дейін П е р ¬с и я) - Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі  мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығы¬сында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде - Каспий те¬ңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман  шығанақтары.
Жер аумағы - 1,6 млн. км2. 
Хал¬ық  68 млн. (2005ж).
Астанасы- Теге¬ран қ-сы. 
Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді. 
   Мемлекеттік құрылысы. ИРАН - конс¬титуциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы - шаh. Ол парламент қа¬былдаған заңдарды бекітеді, премьер¬ министрді тағайындайды, үкімет құ¬рамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы¬ - екі палаталы парламент. Төменгі па¬латаның (меджлис) депутаттарын  (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап - сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне: 
Жоғарғы кассациялық сот, апелляция¬лық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери три¬бунал т. б. арнаулы соттар да бар. 
   Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Ар¬мян таулы қыратының оңт.-шығ. жа¬ғы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақ¬тарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жо-талары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-¬Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосин-клиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар тө¬менгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шө¬гінді палеозой-триас, теңіздік мезо¬зой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары - мұнай (та¬биғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 три¬ллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.
    Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы сол¬түстігінде салқын, оңтүстігінде жы¬лы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шыға¬нағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жыл¬дық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысын¬да 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері - Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бө¬лігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері - Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты ке¬леді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары - шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құс¬тың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар - Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағала-уындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары. 
   Халқы. И-да 30-дан астам халық тұ¬рады. Халқының 75%-і иран тілі то-бына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24%   гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі - парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.
 Ірі қалалары - Те¬геран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
ИРАК
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
МАЛАЙЗИЯ
КАМБОДЖА
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2370 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык