Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көлдер



Сабақтың тақырыбы Көлдер

Сабақтың мақсаты:

 а) білімділік:  

Оқушыларға гидросфераның  бір  бөлігі-көлдер туралы,                             олардың қазаншұңқырларының  пайда болуы,түрлері,шаруашылықтағы маңызы  туралы  білім беру;

ә) тәрбиелік :

Оқушыларды жер бетіндегі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға,  экологиялық тәрбие бере отырып,табиғатқа ұқыптылықпен қарауға , табиғатты сүюге тәрбиелеу;

б) дамытушылық:

 Оқушыларды  картамен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өз бетімен ізденушілік қабілетін шыңдау, ой еңбегі дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, дүниежүзінің физикалық картасы,Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақтаға арналған   слайдтар тізбегі

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, сатылай кешенді талдау, венн диаграммасы,

                      картамен саяхатқа шығу.

Пән аралық байланыс: экология, биология, география.

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру.

                                     II. Үй тапсырмасын сұрау

                                     III. Жаңа сабақ

                                    IV. Топтық  жұмыс

                                    V. Картамен жұмыс

                                   VI. Бекіту тапсырмалары

                                   VII. Қорытынды

                                   VIII. Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасып,түгендеп ,белгілеу.

2.Назарларын сабаққа аудару.

3.Оқушыларды топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі  кедергілерден өту арқылы білім шыңына  жету.Сабақтың бағалану түрі :

  «өте жақсы»

  «жақсы»

 «қанағаттанарлық»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма.

«Құпиялы сандық»  ішіндегі сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауапты экраннан тексеру.

2-тапсырма.

Тынық мұхиты мен Атлант мұхит топтарына:

кескін картаға еліміздің  ірі өзен жүйелерін белгілейді.

Үнді мұхиты мен Солтүстік мұзды мұхит топтарына:

кескін картаға дүниежүзіндегі   ірі өзендерді белгілейміз.

Миға шабуыл.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Біздің құрлық суына бағалаңыз,

Жер біздің қасиетті Жер-Анамыз.

Шежіреміз жер асты су жайлы,

Көл, өзен, батпақ болып тараламыз.

Көрген жанды шынымен тамсандырған,

Сурет болып көрінер қарсы алдыңнан,

Ең үлкен көл болып  аталады.

Әсемдігі әсемге жар салдырған,

Екіншісі арыстан жалды өзендер,

Толқындарды тудырған мәнді өзендер,

Үшіншісі жер асты суы болар,

Қандыратын сусыны шөлдегенде,

Төртіншісі мұздықтар, мұз бұлақтар,

Тұщы суды және де мұзды жақтар,

 Осында тұщы судың көп бөлігі,

Тасымаған , жайымен сырғып аққан.

                  Көл

3. Жаңа сабақ                                 Сатылай кешенді талдау

Топтық жұмыс.

Мағынаны тану.

1.Тынық мұхит тобына  (Жер беті суларын қорғау)

2.Атлант мұхит тобына (Арал  теңізі)

3.Үнді мұхит тобына (Каспий теңізі)

4.Солтүстік мұзды мүхит(Балқаш көлі)

Тапсырмалар:

1.Географиялық диктант

1.Қазаншұңқырларда  жинақталған суларды ...... атаймыз.

2........  жартас арқылы ағып келіп ,төмен қарай құлай ағады.

3.Арна арқылы ағатын суды ......... атайды.

4.........  материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі.

Көп нүктенің орнына қойылған сөздерді орыс және ағылшын тіліне аудару.

Көл – река – Lake       

Өзен – озера – River   

Теңіз  - море – Sea      

Сарқырама –водопад – Waterfall 

2.Атлант мұхит тобына

Семантикалық карта

Атауы

               Өзен

               Көл

Каспий

 

 

Ертіс

 

 

Зайсан

 

 

Балқаш

 

 

Жайық

 

 

3. Үнді мұхит тобына

Адасқан әріптерді табу.(Көлдерді картадан көрсету.)

(ЫҚЖЙА)  - Жайық

(КЛӨРАҚМА)-Марқакөл

(ЛАКАӨЛ)-Алакөл

(КЛӨАССҚЫ)-Сасықкөл

(СІЛЕЗТТІЕҢІ)-Сілетіттеңіз

4.Солтүстік мұзды мұхит тобына

Көлдердің шаруашылық маңызы туралы эссе жазу.

Қорытынды.

Рефлекция.(Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айту) «Білім шыңы»

Үйге тапсырма : §42 Көлдер (133-136 беттер аралығы)  ,мазмұндау Кескін картаға ірі көлдерді түсіру.

Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан топтты мадақтап,оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұхиттар
Евразияның ішкі сулары
Құрлық сулары
Теңіздер мен көлдер
Гидросфера
Мұхиттар
Өзен және көл. Суды қорғау.
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2208 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык