Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Литосфера


Литосфера

Литосфера

Бұл тақырып мына жоспарлар бойынша оқылады:

1. Жердің құрылысы: Литосфера

2. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

3. Литофсералық тақталар туралы ұғым

4.Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілікіну

5. Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер.

6. Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөліну

7. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі.

8. Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы мен өзгеруі

9. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар.

Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Тақырыпты меңгеруге арналған жоспарға: а) жер қыртысының қозғалу ерекшеліктерін; ә) жер бедерінің негізгі түрлерін, өзгеруін; б) мұхитта, аралдар, қайраңдар, шұңғымалар: биіктік бойынша айыомашылықтары және оларды картада бейнелеу; в) өзі тұрған жердің жер бедерін; г) қартамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
  2. Тәрбиелігі: Жер бедері пішіндерінің алуан түрлілігі олардың табиғат жағдайларына тигізетін әсері және адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтаудағы ролі туралы қызғылықты, мазмұнды баяндау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.
  3. Дамытушылығы: Оқушыларға ойландыратын сұрақтар қойылып, оларды физикалық және «Жер қыртысының құрылысы» карталарын салыстыру арқылы жер бедері пішіндерінің қалыптасу жолдары мен алып жатқан ауданына қарай топтастыру жұмысын жүргізе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тақырыбы: «Жердің құрылысы» (бірінші тақырып)

І – блоктың мәні: Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары.

Танымдық мақсаты: Оқушыларға жердің сыртқы құрылысы, географиялық қабық туралы түсінік беру.

Жер шарының беті қатты қабықпен қапталған осы қатты қабықты литосфера деп атайды. (лито-тас, сфера – қабық). Жер қыртысының көтеріңкі бөліктері материктер мен аралдар болып саналады. Ал жер қыртысының басқа аласа бөліктерінің көпшілігін мұхиттер мен теңіздер құрайтын су басып жатыр. Су массаларының бәрі жер шарының су қабығы немесе гидросфераны құрайды. Жер шарының сыртын ауа қабығы немесе атмосфера қоршап тұрады. Атмосфера жердің ең сыртқы қабығы болғандықтан оған ғарыштың, соның ішінде әсіресе Күннің әсері өте қатты тиеді. Жерде тіршілік ететін түрлі организмдер, яғни микроптық бактериялардан бастап адамға дейін Жердің ерекше қабығы – биосфера жатады.

ІІ – болктың мәні: Жердің ішкі құрылысы: 1 сурет бойынша. Жердің ең сыртқы қабаты Жер қыртысы деп аталады. Жер қыртысы құрлықтың астында қалын (2 сурет).

Жер қыртысы әрі шамамен 2900км тереңдікке дейін мантия орналасқан. Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынын тұратын қабаты литосфера деп аталады. Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады. Ядро темір мен никельден тұрады. Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған күйде, ал ішкі ядро қатты заттан тұратын болуы керек.

ІІІ – блоқтың мәні: Жер қыртысын зерттейтін әдістері және оның қажеттілігі жайлы өз беттерінше оқулықпен жұмыс.

Танымдық мақсаты: Оқушылар мәтінді оқыған соң, олар мына мәселелер жайында пікір айту ұсынылады.

  1. Жер қыртысын бұғылау әдісімен зерттеуге бола ма?
  2. Жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және оны өзгерткен құбылыстар туралы мәлімет алуға бола ма?
  3. Сейсмикалық әдіс жер қыртысы қандай жыныстардан тұратындығын айқындай ма?

(2 суретті оқушылар дәптерлеріне салады) Үйге тапсырма §17. Пысықтау сұрақтары.

1. Жер шарының сыртқы қабықтарын атаңдар.

2. Жер шарының ішкі құрылысы қандай?

Жер қыртысын не үшін зерттейді?

Үйге тапсырма «Жердің құрылысы» §17.

І – блоктың мәні: Литосфералық тақталар туралы ұғым.

Танымдық мақсаты: Оқушыларға литосфералық тақталар жайлы ұғым беру. Литосфераның ылғи даму үрдісінде болғандығы жайлы дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру. Литосфералық тақталар сызбасы мен жарты шарлар картасынан тақталардың шекараларын салыстыра алуды үйрету (3 сурет бойынша). «Жерлің тектоникалық картасы» Жер бетіндегі материктер маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталар құрайды. Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхиттың солт – шығысы және Солтүстік Мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіреді. Африка тақтасы Атлант мұхиты мен Үнді мұхиттарының іргелес бөліктерін қамтиды. Тек Тынық мұхит және Насқа тақталары ғана жекедара мұхитты алып жытыр. Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Тақталар бір жерлерде бірінен – бірі алшақтайды, екінші бір жерлерде өзара түйіседі.

ІІ – блоктың мәні: Мұхиттық қабықтың материктік қабықтың астына енуі.

Танымдық мақсаты: Мұхит асты литосфералық тақталармен таныстыру.

Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жарықтан жан – жаққа бытырып жылжи бастайды. Соның нәтижесінде жарықтың екі жағын ала су асты жоталары түзіледі. Олардың мұхит ортасы жоталары деп атайды (2000 – 3000м көтеріледі)

Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан – ұзақ созылған шатқалдар бар. Тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы бар (11022м Мариан) Насқа мұхитық тақтасы мен О.А. тақтасы (Анд тауы)

Еуразия (мат – мен) тақтасымен Үнді Аустралия тақтасымен соқтығысқан жерінде Гималай тауы түзілген.

ІІІ – блоқтың мәні: Жаңа материял бойынша сұрақтар қою.

Танымдық мақсаты: Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.

Сұрақтар арнаулы пакеттен алынады. Сұрақ саны – 8 оқушылар өз  клаулары бойынша алып, жауаптарын айтады.

Үйге тапсырма §18. Жұмыс дәптерлерін толтыру.

Келесі үшінші сабақтың тақырыбы. Жер қыртысын түзетін жыныстар.

І – болктың мәні: Тау жыныстары және минералдар.

Танымдық мақсаты: Тау жыныстарының үлгілерін пайдаланы отырып, олардың пайда болуы жайлы түсінік беру. Оқушылардың тау жыныстарын белгілері бойынша анықтай білу қабілеттірен қалыптастыру. Жаңа тақырып түсіндірместен бұрын табиғаттану пәнінен алған білімдерін айқындау мақсатында сұрақтар қойылады.

Газ (гранит, құм, әктас, тұз, көмір, мұнай тау жынысы)

Тау жынысарын құрайтын заттар минерал деп аталады.

Ас тұзы – 1 минералдан тұрады. Минералдар                3000

(Оқушылар пайдалы қазбалар коллекциясын пайдалана отырып тау жыныстарын үш топқа бөледі)

ІІ – блоктың мәні: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары.

Танымдық мақсаты: Оқушыларда магмалық, шөгінді метаморфтық тау жыныстары туралы ұғым қалыптастыру. (4 схема қолданылады)

Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары магмалық тау жыныс деп аталады. Жердің терең қойнауында жоғары t мен үлкен қысым жағдайында түзілетін бай, балқыған отты қоймалдың зат. Жер қыртысы негізінен магмалық тау жыныстарынан түзіледі. Магмалық жыныстаордың ішінде бозалып пен гранит өте көп таралған. Жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді тау жыныстары деп аталады. Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады, мұндай жолмен химиялық шөгінділер. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділер құрайды. Шөгінді жыныстарды су ерітінділері біріктіріп қатырады, тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айырылады, құрамы өзгереді, өзгерістің нәтижесінде метаморфтық деп аталады. Әктас – мәрмәр, құмтас – кварцит.

        Таблицаны толтыру (мәтінді оқи отырып әрбір графасын толтыру)

Магмалық жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфтық жыныстар

Органикалық

Химиялық

Кесек

Гранит

Базальт

Әктас

Тас тұзы

Қиыршық тас

Мәрмәр

4 сабақтың тақырыбы: «Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілікіну» І – блоктың мәні: Жер қыртысының қозғалыстары.

Танымдық мақсаты: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайлы білім беру.

Жер қыртысы қозғалуының екі түрі болады: біріншісі жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі. Жер қыртысы ешқашанда тынышжатпайды; оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен: теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақ қозғалысының екінші түрі – тау жасалу қозғалысы. Мұнда қозғалыс жер бедерін өте өзгертіп жібереді, жазық жердің орнына таулар пайда болады. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.

ІІ – блоктың мәні: Жер сілкіну.

Танымдық мақсаты: Оқушылардың «Жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

(4 суректті пайдалану). Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып ығысатын жері Жер сілкіну ошағы деп аталады. Оның дүмпуінің жер бетіне шығатын жері эпицентр деп аталады. Жер сілкінудің күші 12б шкаламен өлшенеді.

ІІІ – блоктың мәні: Жер сілкінуді зерттеу.

Танымдық мақсаты: Жер сілкіну аймақтарын картаға түсіру жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым саласымен таныстыру. Жыл сайын Жер шарында мыңдаған жер сілкінулер өтіп жатады. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады. Жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін сейсмограф құралдары тіркеп отырады (сейсмо – жер сілкіну, граф – жазу). Қазіргі кезде ғалымдар жер сілкінудің болатын уақытын алдын ала болжау жолдарын іздестіруде. (Контур картамен жұмыс жүргізу) Үйге тапсырма §20

Жұмыс дәптерлерін толтыру.

5 сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.

І – блоктың мәні: Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы.

Танымдық мақсаты: «Жанарту» ұғымын қалыптастыру. Оқушыларға жанарту үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуымен байланычтылығын және жанартау әрекетінің литосфера, гидросфера және атмосфера қалыптасуына әсері туралы білім бері.

Жанарту – көмейінен ыстық газ, күл, тас т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат – лаватасыр төгілетін конус формалы тау. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айрылған магма лава деп аталады. Магма ошағынан жоғары қарай өңеші, яғни жанартау көмейі. Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы – кратермен аяқталады.

ІІ – блоктың мәні: Сөнген және сөнбеген жанартаулар.

Танымдық мақсаты: Жер шарындағы сөнген және сөнбеген вулкандарды картаны пайдаланы отырып түсіндіру. (5 суретті пайдалану).

Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнген жанартау деп атайды. Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жанартаулар дейді. Жанартаулардың көпшілігі. Тынық мұхиттың жағалауында орналасқан. Мұны Тынық мұхит жанартаулық белдеуі деп аталады. Жанартаулар құрлықта ғана емес, сонымен бірге мұхиттар мен теңіздердің түбінде де атқылайды. Куриль аралдары. Жанартаулардың литосфераның, гидросфераның және атмосфераның пайда болуында маңызды рол атқарған.

ІІІ – блоктың мәні: Ыстық бұлақтар: Гейзелер.

Танымдық мақсаты: Ыстық бұлақтар, гейзерлер жер қойнауында қандай себептерден пайда болатынын түсіндіру.

Жер шарының кейбір аудандарында жер асты суының t – сы жоғары болады, оның құрамында еріген тұздар болады. Оларды минералды сулар деп аталады. Жанартаулық әрекеттердің бір көрінісі – гейзерлер. (5 сурет) Гейзер дегеніміз мезгіл – мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын көз.

(2 схемасы бойынша жұмыс жүргізу) (Жұмыс дәптерлерін толтыру)

Үйге тапсырма §21


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Литосфера» тарауын қайталау
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Литосфера Қайталау сабағы
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер
Әлемдік география
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12028 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык