Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер


Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер

Сабақтың тақырыбы Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық. Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту.

3.Тәрбиелілік. Табиғатты сүйюге баулу, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың өтілу әдісі: Сөздік (сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру) көрнекілік(картадан көрсете білу)практикалық(географиялық координата анықтау)

Сабақтың көрнекілігі:Д|ж физикалық картасы, жанартау макеттері, жанартау түрлері бар плакаттар

Сабақтың жоспары:

 1. Ұйымдастыру бөлімі

 2. Үй тапсырмасын тексеру

 - Өткен сабақта «Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну» туралы өткен едік, соған тоқталып өтейік.

 - Жер қыртысы қозғалысына мысал келтіріңіздерші

 - Қай жылдары өте күшті жер сілкінісі боды?

 - Неше баллмен өлшенеді?

 - Біздің еліміздің қай аймағында жер сілкіну құбылысы байқалады?

 - Жер сілкінісінің құрылысына тоқталып көрейікші

Сабақтың барысы: 3. Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

 1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы

 2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар

 3. Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы.

4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер

а-кратер           ә-көмей         б-бүйірлік кратер  в-мағыма ошағ

Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарына айырлған мағыма лава деп аталады. Мағыма ошағынан жоғарға қарай өңеші, яғн жанар тау көмейі кетеді. Көмей жоғарғы тостақан дәріздес ұңғы- кратермен аяқталады. Жанар тау көмейінен ыстық газ, бу, қүл,тас, т.б тау жыныстары жер бетіне отты қоймалжын-лава тасып төгілетін конус формалы тау. 

Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан – от құдайы.

Жанартау атқылауы – күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 м кейде 45 м дейін биіктікке атқылайды

 Жыл сайын 15-20 км3 – магма- литосфераға шығады, ауаға әртүрлі газдар тарайды.

Жанартау атқылауы – реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ жағдай.

 24 тамыз 79 жылы адамзат тарихында ең күшті қорқыныш пен үрейге толы – жанартау атқылауы болды. Ол Италияда Неаполитон шығанағының жағалауында.(Везувии).

 Түтін бұлттары Күн көзін басты, кенеттен жер астынан гуіл естіліп, ошақтан тас пен тозаң атқылай бастады. Басында жанартаудан шыгатын түтін мен буға ешкім көңіл бөлмеді.

 Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды.

 Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды.

 Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында сақтаулы.

 Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар – Помпей мен Геркуланум қаласын тапты. Қалыңдығы 15 м кул басқан екен.

 1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам зардап шекті.

11 маусым 1783 ж Лаки жанартауы- Исландияда

1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді.

1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді.

Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты жанартауының үлесіне тиеді.

 Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау атқылауы болған.

Сөнген және сөнбеген жанар таулар. Адамзат тарихында атқылау жөнінде еш бір мағлұмат қалмағам жанартауларды- сөнген жанартау  дейді . Мысалы  Кавказдағы Эльбрус пен Казбек сөнген жанартауларына жатады. Кейде сөнген жанартауларда кенеттен атқылый бастайды . 1960 ж Чилиде жер сілкіну кезінде  сөнген деп есептелген 9 жанар тау атқылай бастаған. Сондықтан оларды <<уйқыға кеткен>> жанар тау деп атау дәлірек болады. Ұдай атқылап жатқан жанартауларды сөнбеген жанартау дейді

Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп болмаған.

 Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін зардап шегуде.

 1912 ж Альяска (АҚШ) Натмай жанартауының атқылағанын ешкім көрмеген.

 1980 ж 123 жылдан кейін жанартау Сент-Хеленс АҚШ (Вашингтон) жер бетіне 400 млн тонна зат шығарған.

 1982 ж Мексикада ЭльЧичона 1200 жылдан кейін атқылады.

 Ең қорқыныштысы –Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады. Колумбияда биіктігі-5398 м.

Жанартаудың пайдасы – Ыстық бұлақтар.Гейзер. Жанартау атқылауы – кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді.

 Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады.

 Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера – миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады. Осы мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса – Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады.

Жанартау атқылауы – аралдарды қалыптастырады.Ява аралында ең көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары.

 1. Құнарлы топырақ

 2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады

 3. Құрылыс материалдары

 4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.

 5.Геотермальды энергия береді

 6.Ыстық бұлақтар – минерал тасымалдағыш.

Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады. Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа мен суды тезөткізетін топырақ қалыптасады.

 Мерапидің беткейінде күріш Испанияда-астық, Орталық Америкада-кофе, Оңтүстік Жапонияда – фосфор, калий тұздары

 Шығыс Африкада – натрий карбонаты-сода.

 Сонымен бірге химия өнеркәсібіне қажетті –күкірт, нашатыр, құрылыс материалдары.   Қазақстанда мыс кені ежелгі жанартаудың көмейінде қалыптсқан. Молибден, вольфрам, мырыш, мыс, сурьма, күміс,қорғасын, алтын және т.б. Орталық Америка мыс белдеуі – Чили-Перу.

 Кордильерада 137 орталықта мыс өндіріледі.

 Никарагуа мен Гватемалада – алтын .Камчаткада Толбачикте мыс-мырыш-қорғасын рудалары қалыптасқан.

  Курил өзендерінің барлығы дерлік металл тасығыш деп есептеледі.

 Міне, табиғат берген осындай байлықтарымен қоса ең маңыздысы олардан алынатын –геотермальды энергия.ГеоТЭС-Жапония,Филлипин.АҚШ 1200 ыстық бұлақ бар,оның 100-нің суы қайнаған.Камчатка ,Исландияда-Рейкьявикте үйлердің -90 % жылытылады ыстық бұлақтардан шыққан сумен.

 4. Қорыту сонымен бүгінгі сабақта Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартауды зерттеу не үшін қажет, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы айттық

5.Бекіту сұрақтары

 1. Жанартау қалай пайда болады?

 2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.

 3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?

 4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?

 5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

 6.Үйге тапсырма беру. Параграф 19.Кескін картаға жер сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жасаған карталарыңды физикалық картамен салыстырып, сейсмикалық және жанартаулы аймақтар орналасуының жер бедерімен байланысын анықтаңдар

7. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Литосфера тақырыбын қайталау
Литосфера
Литосфера» тарауын қайталау
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Еуразияның жер бедері
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Әлемдік география
Жерде тіршіліктің пайда болуы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6429 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык