Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұхиттағы тіршілік дүниесі


Мұхиттағы тіршілік дүниесі

Мұхиттағы тіршілік дүниесі

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру

 2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады.

Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.

Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, мұхиттағы тіршілік дүниесімен таныстық.

Адамдар теңіздер мен мұхиттардың тіршілік дүниесін қандай мақсатта пайдаланатынын білдік.

Үйге тапсырма: §10 оқу. Мұхитта тіршілік ететін жануарлары мен өсімдіктерін толықтырып дәптерге жазып келу. Кескін картаға дүниежүзілік мұхиттағы баклыққа бай аудандарды анықтап, картадан көрсету


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар.
Мұхиттар
Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Тынық мұхиты
Мұхиттар
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Ғаламшардағы тіршілік
Мұхиттар
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 16846 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 6 октября 2015 18:56
спосибо за рефарат
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык