Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғат кешені


Табиғат кешені

Табиғат кешені

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.  Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жер қыртысындағы заттардың алмасуы

Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.

Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.

Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не?

Жауап:  Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не?

Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.

  • Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?
  • Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер
  • Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды дәлелдейтін құбылыстрды атаңдар

Қорытынды:Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.

Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картамен жұмыс. Қосымша материалдар жинау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Жер құрылысының жалпы сипаты
Африка материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Географиялық зоналылық
Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс
Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары
Географиялық белдеулер және зоналар
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстанның табиғат зоналары
Табиғат кешені ашық сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 21440 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык