Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Жер қабықтары» тарауын қайталау, бекіту


«Жер қабықтары» тарауын қайталау, бекіту

«Жер қабықтары» тарауын қайталау, бекіту

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың тарау бойынша алған білім, біліктері мен дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларға  жер қабықтарының маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру

Сабақтың әдіс тәсілдері: сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, интерактивтік тақта материалдары.

Сабақ жоспары:

  1. Оқушыларды топқа бөлу
  2. Әр топтың атын белгілеу («Тастағы таңба»; «Алау»; « Толқын»; «Тіршілік»)
  3. Топтың ішінде микротоптарды белгілеу
  4. Тапсырмалармен таныстыру
  5. Жарыстың ережесімен топтарды таныстыру
  6. Жарысты өткізу
  7. Жарысты бағалау

Ұйымдастыру кезеңі: сынап оқушыларының зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру.

Негізгі кезең: тапсырмаларды тур бойынша беріп отыру

І- тур-  Әр топ өз ұрандарын айтып өтеді де, жер қабықтарына қысқаша сипаттама береді.

Толқын тобының ұраны:

Білім алып бүгін алтын ұяда

 Ертең әлі шарықтаймыз  қияда

Алау тобының ұраны:

Асау тұлпар желдей өскен арынды,

Оқуменен еңбекке сал барыңды

Тастағы таңба тобының ұраны:

Табиғатты сүйейік

Сүю үшін білейік!

Тіршілік тобының ұраны:

Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық

Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!

ІІ- тур- әр топқа өз тақырып тарына сәйкес 5 сұрақ беріледі (әр сұрақтың дұрыс жауабына 2 ұпай беріледі)

Карточкада жазылған сұрақтар:

Тастағы таңба тобына-

1.Жердің ең орталық өзегіндегі ядро қандай заттардан тұрады? ( темір мен никельден)

2.Қандай органикалық шөгінді жыныстарды білесіңдер? ( тас көмір, ұлутас, бор, мұнай, газ, т.б)

3. Жер қыртысының қозғалуының екі түрін атаңдар. (жер қыртысының баяу төмен түсуі мен көтерілуі және тау жасалу қозғалысы)

4.Қатпарлы тауларды атаңдар (Альпі, Кавказ, Кордильер)

5.Жер бетіндегі ең үлкен ойпатты атаңдар (Амазонка ойпаты)

Алау тобына сұрақтар:

1.Бүкіл ауаның 80 пайызы атмосфераның қай қабатына тиіселі? (тропосфера)

2.Атмосфералық қысым дегеніміз не, оны қандай құралмен өлшейді?

3.Су буының конденсациясы дегеніміз не?(су буының су тамшыларына айналуы)

4.Жергілікті желдердің негізгі түрлерін атаңдар (муссондар мен бриздер)

5.Климат дегеніміз не?

Толқын тобына сұрақтар:

1.Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін атаңдар

2.Қызыл теңіздің тұздылығы неше промилле ?

3. Цунами дегеніміз не, ол қалай пайда болады?

4.Өзеннің басынан құяр жеріне дейінгі бөліктерін ата

5. «Арасан» дегеніміз не, біздің еліміздегі арасандарды ата

Тіршілік тобының сұрақтары:

1.Биоценоз дегеніміз не?

2.Ағзалардың атмосфераға әсері қандай?

3.Тіршілік таралуының жоғарғы шегі қай қабатқа дейін жетеді?

4.Табиғат  бірлестігі дегеніміз не?

5.Топырақ дегеніміз не, ол қалай пайда болады?

ІІІ- тур- тапқыр болсаң талас жоқ –жұмбақтар шешу: төрт топқа бір-бірден жұмбақ жасырылады. (5 ұпай)

1.Дыбыс шығармай кіреді,

   Терезеден енді                                  (жарық)

2.Кешкісін дүниеге келеді,

   Таң атқан соң өледі                           (шық)

 3.Жазғытұрым тулайды,

   Жазда ақырын шулайды                     (өзен) 

4.Қара кемпір есептеп,

Жықты жұртты төсекке

(түн)

ІV-тур-Үй тапсырмасы- «Табиғат» сөзжұмбағын шешу: әр топ осы тақырыпқа сөз жұмбақ жасап келеді де бір-бірімен ауысып оны шешеді.   (10 ұпай)

V-тур- әр топқа бір-бір әріп беріледі сол әріптен басталатын жер су аттарын тез  жазып берулері керек.(белгілі уақытта қанша жазса сонша ұпай алады) М, К,С,Т -әріптері

Әр топтың ұпайлары есептелініп жеңімпаз топ анықталады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
«Гидросфера» тарауы бойынша қорытынды сабағы.
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Ойын сабақ
Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы
Шешен билер. Ашық сабақ
Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Ғажайып тапқырлар сайысы
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5449 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык