|
|
Жер шарындағы халықтар және елдер
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік Оқушыларды Жер шарының халықтарымен және елдерімен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Материктер бойынша халықтың қоныстануы. Ең алғашқы адамдар мен олардың қоныстары Африка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік-Батыс Азия жерінен табылған. Адамдар біртіндеп осы дүние бөліктерінің тіршілікке қолайлы жерлеріне қоныстанып, табиғат байлықтарын игерді. Кейіннен жаңа жерлер мен дүние бөліктерінің ашылуына байланысты адамдар Жер шарының Антарктикадан басқа материктеріне де қоныс аударды.
Шаруашылықтың дамуы, халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы біртіндеп халық санының өсуіне мүмкіндік жасады. Есептеулер бойынша, осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3млн-ға жуық қана халық тұрған. Ал бүгінгі таңда Жер шары халқы 6 млрд-тан асып отыр. Халықтың басым көпшілігі табиғат жағдайы қолайлы теңіз жағалаулары мен жазықтарда тұрады. Жер шарында халық тығыздығы жоғары төрт аймақты ажыратуға болады. Олар: Оңтүстік Азия, Шығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың шығыс бөлігі.
Негізгі этностар мен діндер. Әрбір нәсіл көптеген халықтардың жиынтығынан тұрады. Ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда «этнос» сөзі «халық» деген мағынаны білдіреді. Жеке этностар ішкі айырмашылықтарына байланысты ұлттар мен ұлыстарға, тайпаларға жіктеледі. Қазіргі кезде Жер шарында 4 мыңға жуық этнос бар.
Жер шары халқының діни құрылымы да күрделі. Діндер жүйесін материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән синтоизм, үнді халқына тән индуизм, еврей халқының иудаизм діндері жатады. Ал христиан, буддизм, ислам діндері әлемдік діндер болып табылады.
Елдер. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Жер шарындағы елдердің шекаралары, мемлекеттік құрылымы дүние жүзінің саяси картасында бейнеленеді.
Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар, олардың әрқайсының ауданы 3 млн км²-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті немесе оның тең жартысын алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы Ватиканның ауданы 1 км², ол Рим қаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.
Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн-нан астам халық тұрады. Бұл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын құрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 25 мыңдай ғана адам тұрады.
Елдер мемлекеттік құрылымы мен ұстанып отырған саясатына қарай да топтастырылады. Мемлекеттік құрылымына қарай республикалық және монархиялық елдер, ұстанған саясатына қарай буржуазиялық (капиталистік), социалистік және бейтарап елдерге ажыратылады
Жаңа сабақты бекіту:
- Жер шарында халық неге біркелкі қоныстанбаған?
- Миграция дегеніміз не?
- Жер шарында қанша халық тұрады?
- Халықтың ірі тобы қалай аталады? Өздерің білетін ірі этностарға мысал келтіріңдер.
- Қандай материктер мен дүние бөліктерінде елдердің саны көп? Оның себебін түсіндіріңдер.
- Елдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?
Қорытынды: Дүние жүзінің саяси картасы әрбір дәуірдің айнасы болып табылады. Ол үздіксіз өзгеріп, дамып отырады. Адамзат тарихындағы саяси картаны ең күшті өзгерістері ХХ ғасырда жүрді.
Үйге тапсырма: §62-оқуға. Қосымша материалдар жинап, реферат жазып келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |