Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 1660 |
|
|
|
Адрестік кітапта пошталық клиенттің жазбаларын құру
Адрестік кітапта пошталық клиенттің жазбаларын құру
Зертханалық жұмыс №5.2.
Тақырыбы: Адрестік кітапта пошталық клиенттің жазбаларын құру
Электрондық поштаның хабар даярлауын жеңілдеті үшін, алдын-ала адрестік кітапқа жобамен алынған корреспонденттердің адрестік мәліметтерін енгізу қажет. Microsoft Outlook Express программасының адрестік кітабы Контакт панелінде ұсынылған. Оқып-үйрену мақсатында адрестік кітапта бірінші жазбаны өзің туралы жасау ұсынылады. Кейін осы өз адресіңізге хат жіберуге болады. Осы әдіспен электрондық поштаның жұмыстары тексеріледі.
- Microsoft Outlook Express программасын іске қосыңыз.
- Файл→Куәлік ауыстыру (Файл→Смена удостоверения) командасымен алдында №5.1. зертханалық жұмыста құрылған өзіңіздің ұқсастыру жазбаңызды таңдаңыз – пошталық клинеттің жұмыс үстелін ашыңыз.
- Контакт панелінде Контакт ашылмалы батырмасын, сонан соң Контакті құру (Создать контакт) батырмасын шерту керек. Контакт қасиеттерінің сұхбат терезесі ашылады.
- Берілген сұхбат терезедегі қыстырмаларды оқып-үйренуге зейін қоямыз. Онда жеке және қызметтік ақпараттарды енгізуге арналған құралдар орналасқанына назар аударамыз. Іс жүзінде Аты (Имя) қыстырмасындағы бірнеше өрісті толтырса жеткілікті.
- Аты (Имя) қыстырмасының өрістерін толтыруды Кітаптағы аты өрісінен бастаңыз. Мұнда контактілер тізімінде көргіңіз келетін жазбаларды енгізіңіз, мысалы Фамилия (Қазбек), Аты (Жасұлан) және әкесінің аты (Мұқтар) өрістерін толтырыңыз. Электрондық поштаның адрестері өрісіне өз электрондық поштаңыздың адресін енгізіңіз, мысалы: kazbek@abcmail.kz.
- Қосу (Добавить) батырмасын басыңыз, сонан соң ОК батырмасын шерту арқылы сұхбат терезені жапсаңыз контактілер панелінде корреспонденттің адрестік мәліметтеріне сәйкес жазба пайда болады.
- Егер енгізілген мәліметтерді өзгерту қажет болса, онда жазбаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Қасиеттер (Свойсва) бөілімін таңдап алыңыз. Бұрын қарастырылған контактілер туралы жазбалардың қасиет терезесі ашылады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |