Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 2735 |
|
|
|
Кестеаралық байланыстарды құру
Кестеаралық байланыстарды құру
Зертханалық жұмыс №8.3.
Тақырыбы: Кестеаралық байланыстарды құру
- Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).
- Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз,өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.
- Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестесінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.
- Аспаптар панелінен Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис→Мәліметтер схемасы (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдердің кез-келгенін қолданыңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.
- Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз – Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.
- Shift пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.
- Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
- Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.
- Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема связей) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады.
- Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |