Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғажайып информатика


Ғажайып информатика

Тақырыбы: «Ғажайып информатика»

Мақсаты:   Оқушылардың компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін  арттыру, компьютерлік  іскерлігін дамыту.
 
І жүргізуші :     Тойлап маржандай боп өлеңдесіп ,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата-салт , баба дәстүр  жолыменен,
Алайық біз әуелі  сәлемдесіп
 
ІІ жүргізуші:    Уа, жараңдар жараңдар
Мына бізге қараңдар
Мінеки  залда  тыныштық
Естілмейді дыбыс түк 
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді  тоспаймыз
Ғылымдардың  ғылымы
Информатика  жайында 
Ойын  сайысты бастаймыз
 
І жүргізуші:    Жас достарым 
Мұны жақсы  ұғайық 
Информатика құрметтеуге лайық
Дүниедегі  құбылыстың мәніне 
Табиғаттың қозғалыстың бәрін де 
Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну
Есебіңіз , программаңыз  дүние кілті әлі де 
ІІ жүргізуші: «Ғажайып информатика» сайысына қатысушы ойыншыларын ортаға  шақырып,         
                        сайысымыздың әділ бағасын беру үшін  әділ қазылар алқасын сайлайық.
 
І жүргізуші:   Әділқазы, ақ қазыға  бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем 
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл 
 
ІІ жүргізуші:  Демейін заман сөздері 
Түбі бүгін өзгерді 
Бағыңды сынап сайыста 
Көрінетін кез келді –дей отырып ,  сайысымыздың І кезеңі «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруға сөз береміз 
 
І жүргізуші:  Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып , шындарға  биік қонғайсың демекпіз. Сайысымыздың  «Білімді мыңды жығар» атты ІІ кезеңін бастаймыз. 
 
ІІ  жүргізуші:  Сіздерге ортақ 20 сұрақ беріледі .
1. Вирустардың кері әсерін жоятын программа  (антивирус)
2. Деректерді сақтауға арналған  құрылғы (жад)
3. Екілік  жүйенің сандары (0,1)
4. Логикалық қосу қалай  аталады ?  (дизьюнкция)
 
5. Логикалық  көбейту қалай аталады ?(коньюнкция)
6. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал   (компьютер)
7. Қағаздағы көріністі дисплейге (экранға ) түсіруші құрылғы (сканер)
8. Компьютердің ми, ең басты бөлігі  (процессор)
9. Компакт дискіні оқуға  арналған құрылғы (CD-ROM)
10. Winzip, winrar  қандай программа (Архиватор)
11. Принтердің  түрлерін ата  (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
12. Ақпарттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
13. Компьютердің атасы деп кімді атаған?   (Ч. Бээбидж)
14. Эем-нің неше буыны бар ?  (5 буыны)
15. «Информатика»  ғылымы  нені зерттейді ?  (ақпараттық процестерді)
16. Ақпарттың неше түрі бар ? (3 түрі бар Мәтіндік, символдық, графикалық)
17. Компьютердің  негізгі құрылғыларын ата.  (жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан)
18. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы ( модем)
19. Дүние жүзілік компьютерлер арасындағы байланыс (Интернет )
20. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (интерфейс)
 
І жүргізуші:    Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы  үйреткен 
Компьютер емей немене ?
 
ІІ жүргізуші:  Робаттай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене ?   сайсымыздың «Көркем сурет» атта ІІІ кезеңінде компьютермен жұмыс істеу яғни Paint редакторында геометриялық фигураларды пайдаланып  құрақтардың эскизін жасау .   
 
І жүргізуші:    Білмегенді білдірген 
Өлшем киім кигізген 
Компьютер емей немене ?
 
ІІ жүргізуші:  Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене ?  ІV кезең «Белгісіз әлем»  Оқушылар бұл кезеңде берілген сөздерді ASCII коды және сәйкестендіру кестесі арқылы кодтап табу керек 
І топ
88 8Д 94 8Е 90 8С 80 92 88 8А 80
10001000 10001101 10010100 10001110 10010000 10001100 10000000 10010010 10001000 10001010 10000000
И Н Ф О Р М А Т И К А
 
ІІ топ 
57 69 6Е 64 6F 77 73
01010111 01101001 01101110 01100100 01101111 01110111 01110011
W i n d o w s
 
ІІІ  топ 
8F E0 AE A3 E0 A0 AC AC A0
10001111 11100000 10101110 10100011 11100000 10100000 10101100 10101100 10100000
П р о г р а м м а
 
ІV  топ 
88 АD E2 A5 E0 E4 A5 A9 E1
10001000 101011011 11100010 10100101 11100000 11100100 10100101 10101001 11100001
И н т е р ф е й с
 
І  жүргізуші :  Болам десең , теңізші , не ұшқыш қаласың
 Дәрігерлікте жақсы ғой 
 Қызметке жарасың 
Сондықтан да , сондықтан 
Сол ғылымның тілін біл !
 
ІІ жүргізуші :  Ал сол үшін біздерге 
 Информатика керек қой !
Сондықтан да , сондықтан 
Сол ғылымның тілін біл !
 
І жүргізуші:  V кезең  «Ұшқыр ойлар» бұл кезеңде оқушылар белгілі бір тақырыпқа    
                           обьектілер орналастырып , анимациялық эффектілер орнату
 
ІІ жүргізуші : Сайысымыздың сонңында білімімен, ұтымды жауабымен , шапшаңдығымен жеңіп шыққан топтарды  марапаттау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз. 
 
І жүргізуші:    Осымен бұл қызықты тамамдасақ
 Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы ,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар ,білім қусақ 
 
ІІ жүргізуші :   Көңіл бөліп бұл кешке ,
                          Келгендерге көп рахмет !

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алтын сақа танымдық ойын
«Гимназия мергендері»
«Біліміңді сынап көр»
Информатика және өмір.
Жас информатиктер
Информатика әлемінде сайысы
Информатика әлемі
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2285 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык