Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы


Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы

Тақырыбы: Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы

Мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау;           
                 2) Ғылым мен техника жетістіктеріне көздерін жеткізе отырып, пәнге  
                     деген қызығушылықтарын арттыру
                 3) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, іскерлікке                         
                    дағдыландыру 
Көрнекілігі: плакаттар, спорттық құралдар 
Пәнаралық байланыс: математика, физика, информатика, дене тәрбиесі, әдебиет 
Жоспары: 
«Біліктілік» сауалнамасы
Логикалық сауалнамалар
Математика – информатика айтысы
«Сыр сандық» кезеңі 
«Математикалық терминдер» сайысы
«Пингвиндер» сайысы
«Блиц-турнир» сайысы (капитандар сайысы)
Қорытынды 
1-жүргізуші.  Айдан хабар алғызар
Зәулім уйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Математика емей немене?
2-жүргізуші. Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тік бітіріп сойлескен 
Компьютер емей немене?
1-жүргізуші. Табиғат сырын аштырған 
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты 
Комбайнмен бастырған 
Математика емей немене?
2-жүргізуші. Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене?
1-жүргізуші. Шындықты алғаш таратқан 
Жыл-күнінді санатқан
Тауып ғажап жаналық 
Жоқтан барды жаратқан
Математика емей немене? 
Қазылар орнықтырар әділдікті 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында 
                        Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік. Әділ қазы алқасының  сайлайық


Мықты болсаң – алдағыны басып оз
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
«Біліктілік» сауалнамасы               1-бөлім.
І-нұсқа. (а)
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан.           (өзара жай сан)
Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді     (радиус)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.    (бұрыс бөлшек)
Бір тәулікте неше сағат бар?     (24 сағат)
Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар     (натурал)
369 саны 3-ке бөліне ме?       (иә)
 5/3-ке кері сан        (3/5)
Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең?   (1)
Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады?         (құрама)
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады?   (шеңбер)
І-нұсқа. (б)
Алғашқы есептеу құрылғысы.    (саусақтар)
Пернетақта дегеніміз не?    (компьютердің енгізу құрылғысы)
Бит деп нені айтады?  (екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды)
Компьютердің атасы деп кімді атайды? (Чарльз Бэббидж)
Баспа құрылғысы   (принтер)
Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық)
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.   (процессор, монитор, пернетақта, тышқан)
Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне? (курсор)
Файл дегеніміз не? (программалық деректер және олардың бөліктері)
Компьютердің жанындағы өсімдік? (кактус)
ІІ-нұсқа. (а)
Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді (диаметр)
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады?  (өзара кері)
640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
1 километрде неше метр бар? (1000)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
48 санының ½үлесі қанша? (24)
Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 радиус)
Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
 Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш   (шаршы, ромб)
ІІ-нұсқа. (б)
Операциялық жүйе дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы прогрмма)
Дыбыс шығару құрылғысы (фонограф)
ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен)
Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы   (модем)
Көрсеткі әйнек (монитор)
Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
Ұн қалталы қорап (картридж)
Үлкен темір жәшік  (жүйелі блок)
Сиялы қорап (бүріккіш принтер)
ІІІ-нұсқа (а)
Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (дөңгелек)
Квадраттың функцияның графигі (парабола)
Бағытталған кесінді  (вектор)
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең  (3,14)
Координаталық түзуден санақ басына дейінгі қашықтық?  (модель)
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер (айқас)
Жуықтап алғанда 1 радиан неше градусқа тең? (57 градус)
Периодсыз ақырсыз ондық бөлшек түрінде көрсетуге болатын сан? (иррационал сан)
Түбір астындағы 225 неге тең ? (15-ке)
3-ші дәрежелі функцияның графигі  (кубтық парабола) 
ІІІ-нұсқа (б)
Ақпарат жинақтаушы (қатты диск)
Сазгер қорап (сазтаған-колонкалар)
Оқығыш құрылғы (сканер)
Экрандағы қозғалыстарды басқарушы құрылғы  (джойстик)
Зиянкес программа (вирус)
Компьютер жиыны (желі)
Енгізу құрылғысының бөлігі (перне)
Ақпарат жинақтаушы (диск)
айлдар жиыны  (бума,папка)
Есте сақтау құрылғысы  (винчестер)
Логикалық     сұрақтар          2-бөлім.
 1 Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды.  /екеуі/
 2 Барлық  арап цифрларының көбейтіндісі неге тең. /нөлге/
3.Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады /бесбұрыш /
4 .16-шы қабатқа көтерлу жолы 4-ші қабатқа көтерлу жолынан неше есе көп /бесбұрыш/
5.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлнеді /ноль/
2- топ
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады . Екі аяғымен тұрса неше кг тартады  /3кг/
Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қойды . Егер олардың арасында  30 боялмаған жолақ болса , ақ жолақтар саны қанша болғаны  /31/
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан /Әл-жебір/
4.Түнгі сағат  10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін  күннің көзі шығып тұруы мүмкін бе   /жоқ/
5.Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады . Әрқайсысы неше сағаттан ойнады /2 сағаттан/
3-бөлім.   Математика-информатика айтысы.
4-бөлім. Сыр сандық кезеңі.
Мұнда математикалық мақал-мәтелдің және информатикалық сөилемнің жалғасын табу керек.
1.Бір жылы сөз ....            /көп күнге азық/
2.Жерді екі рет жыртқан....      /өнімді екі есе көп алар/
3.Не-компьютердің ақыл –ойы тәріздес.        /процессор/
4.Не  -ақпаратты автоматты  түрде компьютерге енгізуге арналған электрондық-оптикалық құрылғы.           /сканер/
2-топ
1.Не  -компьютердегі ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы.   /монитор/
2.Зиянкес программа            /вирус/

3. Дос егіз болса ...       /дұшпан сегіз болады/
4.Отыз күн оразаның         /бір күн айты бар/
5-бөлім. Математикалық терминдер сайысы.
Екі топқа да бірдей тапсырма,яғни екеуіне де К әрпінен   басталатын математикалық  терминдер жазу керек.
Мысалы: квадрат ,куб, конус, көлем , көбейту,калькулятор ....т/б. 

6-бөлім.Пингвиндер сайысы.
Тақтада әр топқа екі-екіден есеп жазылған.Сайыскер допты аяғына қыстырып алып , түсіріп алмай есептерді    шығарады.Әр топтың бір сайыскеріне бір есептен.
3,8+1,5+2,5=7,8                             3,2+0,8+5,7=9,7
84-50+11 =2                                   27+53+49=129
7-бөлім.Билиц –турнир сайысы. Капитандар сайысы.
Әр топ капитанына  5сұрақтан беріледі.
1-топ.
1.1 метр 1 дециметрден неше сантиметрге артық?     /90 см/
2.1минут 1 сағаттан неше минут кем?       /59 мин/ 
3.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек ?
4.Спутник жершарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат неше минутта айналып өтті.                 /1 сағ 43 мин/
5.Жаңа туған пілдің баласы бір тоннаның  1/8 бөлігін тартады. Жаңа туған пілдің  баласы неше кг тартады?
2-топ
1.Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем?    /23 сағ/
2.Кит 250000 кг. Ол неше тонна?       /250 тонна/ 
     3. Бір тоннада неше кг бар?        /1000 кг /
4. Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді.Неше метр неше дециметр неше сантиметр? 
  /2 м 8 дм 8 см/


5.1 секунд 1минуттан неше секунд кем?

 8-бөлім. Қортынды.  Кешті қортындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі 
Жеңген топ марапатталады.
     Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады ,
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі,
Болса егер көңілі жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген  көрерменге ,
Айтамыз біз рахмет .

Осымен   Математика –ғылымдар патшасы, Информатика-ақпараттар әлемі атты кешіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға алғысымызды білдіреміз. 
Сау болыңыздар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Математика- ақыл ой гимнастикасы
«Ғажайып математика»
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Информатика әлемінде сайысы
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Ғажайып информатика
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
ХХІ ғасыр көшбасшы. Ашық сабақ
ХХІ ғасыр көшбасшы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4453 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык