Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Циклдік алгоритмдер


Циклдік алгоритмдер

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға циклдік алгоритмдерді программалау туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері
- циклдің түрімен таныстыру
-  операторлардың жазылу ережесін түсіндіру
- циклдік алгоритмдерді программалауды біліктілігін қалыптастыру. 
Негізгі идеялар 
• Оқи білуге үйрету арқылы, оқушыларда циклдік алгоритмдерді программалау ұғымын қалыптастыру
• оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету
көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, жаңа тақырып ресурстары, компьютер, стикер
 
Жүру барысы Ұйымдастыру 1,2,3 санау арқылы топқа бөлу 
 
 "Білім " "Сөзтізбек" командалар тізбегін табу
w t e t y o p f w
g p i n t e g e r
v a r g e n k l i
s s d o b d m s t
t h e n g d f e e
a z s d m r e a l
d f v h m v a r n
i n x v b n x m h
f r e a d l n a z
 
"Сәйкестендір"- терминдерді сәйкестендіру
1. Program 1. бүтін сандар типі
2. writeln 2. программа соңы
3. Integer 3. егер
4. end. 4. айнымалыларды сипаттау
5. then 5. программа тақырыбы
6. readln 6. мәліметтерді шығару
7. real 7. нақты сандар типі
8. if 8. онда
9. Var 9. әйтпесе
10. else 10. мәліметтерді енгізу
 
Түсіну - "Білгенге маржан" жаңа сабақ бойынша өз бетінше оқуға баулу
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл  — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE,  REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;
FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;
Мұндағы, S1 және  S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер;  for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор>  — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН,  TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. 
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет.  Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO  немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO  — кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
 Қолдану "Практикалық жұмыс"
 
 
Жинақтау "Бес сұрақ" -Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 5 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
 
Бағалау - "2 жұлдыз, 1 тілек" бойынша бағалау
-2 жұлдыз - жұмыс кезінде ерекше ұнаған 2 зат
1 тілек - бұл жақсартуға болатын нәрсе
Қорытындылау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Циклдік операторларды пайдаланып бағдарламалау
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Информатика пәнінен 9-сыныпқа арналған тест сұрақтары
FOR қайталау oператоры
Қайталау операторы
Циклді ұйымдастыру тәсілдері. Циклді ұйымдастыруға есептер шығару
Циклдік алгоритмдер
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 10848 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 5 декабря 2014 20:55
жинақы жазылған
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык