Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тармақталу алгоритмдерін программалау


Тармақталу алгоритмдерін программалау

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.
Дамытушылығы: Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық 9 сынып, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Білімнің өзектілігі және білімдерін тексеру.
«Тест» сұрақтары арқылы еске түсіріп, білімімізді тексеріп өтейік:
Паскальда бағдарламаны орындау:
а) compile
ә) run
б) user screen
в) file
2. Меншіктеу операторы дұрыс жазылған:
а) a:=z+5
ә) a*x3+b:=0
б) z:=z+1, 4
в) a: b - sqr(4)
3. «integer» типінің диапазоны неге тең:
а) - 2147483648... +21474833647
ә) - 32768... +32767
б) - 127... + 127
в) - 1. 7*10308... - 1. 7. 10308
4. Қабырғалары a, b, c үш санға тең үшбұрыштың болатындығын тексеретін дұрыс шартты көрсет:
а) a b+c) or (b > a+c) or (c > b+a)
б) a > b+c
в) дұрыс жауабы жоқ
5. Логикалық тип:
а) integer
ә) string
б) boolean
в) byte
6. [F9] Borland Pascal - да қандай қызмет атқарады:
а) бағдарламаны жабу
ә) сақтау
б) орындау
в) компиляциялау
7. sqr(x) нені есептейді:
а) х - тің квадратын
ә) х - тің абсолюттік шамасын
б) х - ті кубтайды
в) х - ке, s - ті көбейтеді
8. Паскаль тілінде Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады:
а) INT(X)
ә) ABS(X)
б) ABC(X)
в) TRUNC(X)
9. Паскальда нәтиже алу операторын көрсет:
а) PRINT
ә) WRITE
б) OUTPUT
в) READ
10. «а» айнымалысын енгізу операторы.
а) read(a)
ә) write(a)
б) input(a)
в) print(a)
 

ІІІ. Жаңа сабақ:

       Тармақталған алгоритмдер алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
         Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.

Толық оператордың жазылу түрі: 


{егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> 

THEN <1 оператор> 

ELSE <2 оператор>; 

ІІ топ   Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Қысқа оператордың жазылу түрі: 
IF <шартты өрнек> 

THEN <1 оператор> ; 

IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін  өзгертетін  мүмкіндіктің ең кең тараған  тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:

IF сөзінен соң  жазылатын өрнек түрінде  берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік)  типте болады. Егер ол шарттың мәні  TRUE  ақиқат болса, онда THEN (онда)   ELSE (әйтпесе)  сөзінен кейінгі  2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда  ELSE сөзінен кейінгі   2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF  операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып  та орындала береді.

       

IF <шарт> THEN <1-серия> ELSE <2-серия>

Алгоритмдік тіл

Блок-схема


IV. Практикалық жұмыс:
 

 

=

Тең

   >

Үлкен

Кіші

   >=

Үлкен немесе тең

<=

Кіші немесе тең

   <>

Тең емес

Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.

 

 
 

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру  белгілерін пайдаланамыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 тапсырма. Берілген сан х нақты саны х>0 - ге тең болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе.
Есептің программасы:
Program esep_1;
Var x, y: real;
Begin
Readln(x);
If x>0 then y:=x+2 else y:=2*x;
Writeln(‘y=’, y);
End.

№ 2 тапсырма. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір екенін анықтайтын программа құру керек. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.
Program esep_2;
Uses crt;
Var x, y, z, a, b, c, S, S1: real;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘bilet nomerin engiz…’);
Readln(x, y, z, a, b, c);
S:=x+y+z;
S1:=a+b+c;
If S=S1 then writeln(‘bakitty nomer’) else writeln(‘bakitty nomer emes’);
End.

№ 3 тапсырма. Екі санның үлкенін табатын бағдарлама құру
Program esep_3;
Uses crt;
Var x, y, max: integer;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘Eki sandy engiz…’);
Readln(x,y);
If x>y then max:=x else max:=y;
Writeln(‘Eki sannyn ulkeni = ’, max);
End.
 

№ 4 тапсырма. N натурал саны берілген. Егер n саны тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767 - ден кем болса, онда ол санды 2 - ге көбейтіңдер. Басқа жағдайда санды өзгеріссіз қалдырыңдар.
Program esep_4;
Uses crt;
Var n: integer;
Begin
Clrscr;
Write(‘n - ді енгізіңдер: ’);
Readln(n);
If (n mod 2=1) and (n<32767) then n:=2*n;
Writeln(‘n=’, n);
Readln
End.
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтан §6 оқу. 59 беттегі №12 практикалық жұмыстың  а, с тармақтарын шығару
 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таңдау операторы
Тармақталу операторы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Қайталау операторы
Тармақталатын алгоритмдер
Циклдік алгоритмдер
Циклдік алгоритмдер
Көп өлшемді жиымдармен (массивтермен) жұмыс
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 7677 | Қосты: Жиенбаева Әлия Нәсілжанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык