|
|
Интернет сервистері
Сабақтың тақырыбы: Интернет сервистері (Слайд1)
Сабақтың мақсаты: (Слайд2)
а) Оқушылардың интернеттің сервистері туралы білімдерін қалыптастыру. Жаңа тақырыпты меңгерту, Интернет туралы түсініктерін кеңейту. Интернеттің мүмкіндіктерін және түрлерін түсіндіріп, оларды пайдалануды үйрету. Ақпараттық іздестіру порталдарымен таныстыру. Интернетте ақпаратты іздеуді үйрету. Интернетті қолдануды практикада пайдалануды дағдыларын қалыптастыру.
ә) Логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыстануын дамыту. Өзін – өзі бақылау, бағалауға үйрету
б) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация слайдтарын қолдану, ACTIVstudio бағдарламасы, электрондық оқулық, компьютер, кітап журналдар, тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: Оқытудағы белсенділік және интенсивтік
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
• Амандасу, оқушыларды түгендеу.
• Сабаққа даярлығын тексеру
Бүгінгі Сабағымыз қызықты және өмірде қажетті болады деп ойлаймын.
Сабақтың жоспары: (Слайд3)
- «Х және О» ойыны
- Білген сайын келеді біле бергің
- Іздеген жетер мұратқа
- Ой қозғау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Слайд4-13)
Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.
- Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)
- Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
- Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
- Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет жүйесінің номерін білу қажет.)
- Компьютерлік желі дегеніміз не? (Ресурстарды (принтер, дискі, коммуникациялық құрылғы) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі)
- Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web - құжат бөлшек Web – тұрады.)
- Сайттардың түрлерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ. (Білген сайын келеді біле бергің) (Слайд14-16 Гиперссылка көмегімен)
Қателеспесем Осы жерде отырған бәріміз Интернет пайдаланамыз. Не үшін, қандай мақсатта пайдаланамыз?
Интернет сервистеріне не жатады:
- Интернет байланыс
- Интернет теледидар
- Интернет радио
- Іздеу жүйелері
- Электронды пошта
- Интернет жарнама
- Интернет төлеу
- Интернет дүкен
- Электронды кезек
- Интернет тапсырыс
Интернет байланыс.
Қазіргі замандағы интернет байланыс түрлері – Skype, Mail.Агент, Chat, ICQ, Fasebook, Tvitter. Интернет видеотелефон байланысы. Адам арасындағы байланыс.
Интернет теледидар
Интернет арқылы бүкіл әлемдік теле арналарды онлайн режименде көруге болады. Мысал ретін мен сіздерге Қазақстан ұлттық теле арнасын онлайн қосып берейін.
Интернет радио
Интернет арқылы бүкіл әлемдік радио желісін онлайн режименде тыңдауға балады. болады. Мысал ретін мен сіздерге Радио FM онлайн қосып берейін.
Іздеу жүйелері
Интернет жүйесінде мәлеметтерді іздеуге арналған арнайы программалар бар. Көбінесе іздеу қызметтерін көлемді мәлеметтерді сақтай алатын серверлік компьютерде қуатты іздеу компаниялар жүргізіледі. Іздеу қызметі тегін атқарылады, дегенмен оны ұйымдастыру бизнестің ең пайдалы түріне жатады. Бірнеше жыл шінде ------- іздеу жүйелерінің ұйымдастыру жобаларының бюджеті 10-15 долларлы көлемді қамтыды, ал олардың қазіргі бағасы -15 миллионнан кем түспейді.
Іздеу жүйесінің негізі.
мәлеметтерінің тұтынушылары – үлкен кітапхананың оқырмандары сияқты. Кітапхана қаншалықты үлкен болған сайын, оның ішінен керекті кітап табуға қиын болатыны белгілі емес пе? Сондықтан жұмысты жеңілдету үшін әр түрлі салалар бойынша арнайы каталогтар дайындалады.
Желідегі керекті мәлеметтерді табу ісін арнайы іздеу жүйелері қамтамасыз етеді. Интернетті пайдалану үшін осы іздеу жүйесін пайдалану керек. ----- қорларындағы іздеу жүйелері жұмысты гиперсілтімелер арқылы байланысқан ---- тіліндегі құжаттарға негізделген. Іздеу жүйесіне сұраныс бергенде, қандай сөз тіркесін табу керек екендігін көрсетеміз. Олар табылғаннан кейін экранға сол --------- құжаттар тізімі шығады, қажеттілерін қарап отырып, өте керектілерін өз компьютерімізге көшіріп аламыз немесе адрестерін есте сақтаймыз.
Осындай атқарылған жұмыс нәтижелігінің бірдейлігіне қарамастан (тұтынушы гиперсілтемелер тізімін алады), іздеу қызметтерінің жұмыс істеу ерекшеліктері әр түрлі болуа мүмкін.
Электрондық пошта
E-mail – интернет арқылы хат-хабарлама жазып, өзара байланысатын электрондық пошта. Оны пайдалану үшін интернетке қосулы компьютер, арнайы браузер немесе пошта клиенті бағдарламасы болса жеткілікті.
Электрондық поштаны пайдаланудың негізгі екі түрі бар:
- Web-интерфейс арқылы,
- Компьютердегі пошта клиенті арқылы.
Web-интерфейс арқылы байланысу үшін браузер программасы – Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Chrome сияқты арнайы интернетті шолушы программалардың біреуі компьютерде орнатылған болуы тиіс. Олар қазір тегін әрбір компьютерде орнатылады. Солар арқылы пошта провайдерінің сайтына шығып, пошта жәшігін ашу керек, логин мен пароль(құпия сөз) алу керек. Мысалы, Отандық – www.nur.kz , www.mail.kz және т.с.с. Ресейлік – www.mail.ru , www.yandex.ru , www.rambler.ru , шет елдік – www.gmail.com , www.yandex.com , www.hotmail.comжәне т.с.с. өте көп тегін пошта қызметін көрсететін провайдерлер. Ақылы пошта дегені тағы бар, бірақ оның бізге қажеті жоқ.
Электрондық пошта тиімділігі:
Хаты кез-келген уақытта оқуға болады;
Хаты кез-келген уақытта жіберуге болады;
Хаттың тез бару мүмкіндігі ;
Электрондық поштаны құрған кезде:
Пайдаланушыңы аты@сервер аты тұрады. Оны кез келген сайтта ашуға болады.
Интернет төлемдер ақшаны электронды түрде жұмсауға мүмкіндік береді. Электронды ақша немесе банк картасы арқылы.
- Коммуналдық төлемдер жасауға. (газ, су, жарық, телефон)
- Тас жол, темір жол, әуе жолы, келе жолдарына тапсырыстар беруге болады.
- Ақша арлықы тапсырыстардың барлығын қабылдайды
Төлем жүйелері:
- WebMoney
• Яндекс.Деньги
- RBKMoney
- E-Gold
- Moneybookers
- PayPal
Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаyлары
gov - үкіметтік
org - үкімeттен, коммeрциядан тыс
edu - білім
com -коммерциялық
mil - әскери
net - жeлілік
museum - музейлеp
name - жеке есімдер
aero - авиакомпании
coop - бірлескен, коммерциялық
biz - бизнес
info - ақпарaттық
pro - кәсіпқoй
daryn.kz Қазақстан Республикасы “Дарынды балалар” бірлестігінің ресми сайты
edu.gov.kz Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
akorda.kz Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің ресми сайты
google.kz Google ақпараттық – іздеу порталының сайты
khabar.kz Қазақстан Республикасы «Хабар» телеарнасының ресми сайты
kcell.kz Қазақстан Республикасының “Kcell” қалта телефон байланысының ресми сайты
mail.ru Ресей Федерациясының тегін электрон пошта қызметі
rambler.ru Ресей Федерациясының Rambler ақпараттық-іздеу порталының сайты
bankreferatov.ru Студенттер және оқушыларғы арналған дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының Ресей Федерациясына тиісті қор көзі
kazref.kz Студенттер және оқушыларғы арналған қазақша дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының қор көзі
IV. Жаңа сабақты бекіту. «Іздеген жетер мұратқа» (Слайд17-18)
ТАПСЫРМА №1
n Қазақстан Рeспубликасы Президентінің серверін тауып көрсетіңіз.
n В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
n «джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беpіңіз
ТАПСЫРМА №2
n Республикалық «Жас алаш» газeтінің серверін тауып көрсетіңіз
n Қазақстан Республикасының «Құрмeт» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
n «кабошoн» сөзінің түсіндірмеcін тауып беріңіз
V.Бағалау. «Ой қозғау» Электронды тест тапсырмасы.
VI. Үй жұмысы. «Электронды кілт қаншалақты пайдалы» тақырыбына мәнжазба
Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.
- Модем дегеніміз не? ()
- Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
- Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
- Интернетке қосылу үшін не қажет? ()
- Компьютерлік желі дегеніміз не? (Ресурстарды (принтер, дискі, коммуникациялық құрылғы) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі)
- Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )
- Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін барлық құрылғылардың қатынасын қамтамасыз етететін бағдарлама)
- WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web - құжат бөлшек Web – тұрады.)
- Сайттардың түрлерін ата?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |