Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар


Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің меншіктеу операторлары туралы толық мағлұмат алуын қамтамасыз ету және стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ жоспары

Сабақтың атауы:

Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

Сілтеме:

Информатика-9 Бөрібаев, Нақысбеков,Мадиярова, қосымша ресурстар, РР презентация, электрондық оқулық

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға Паскаль программалау тілінің меншіктеу операторлары туралы толық мағлұмат алуын қамтамасыз ету және стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;

Оқу нәтижесі:

Оқу және оқыту үшін бағалауды ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқу үшін ұйымдастыра отырып, информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылату.

Негізгі идея

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты  оқыту мақсатына жету.

Дереккөздер:

Оқулық, дереккөздері, электронды оқулық, презентация.

Тапсырмалар:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Тренинг «Атомдар мен молекулалар»

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы

4.Блум таксономиясымен құрастырылған тапсырмалар ұсыну арқылы іске асыру.

4. Рефлексия

Кейінгі тапсырмалар:

1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) 1 , у = a* b

2. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

Сабақтың барысы:

І. БІЛІМ. ( үш  топқа үй тапсырмасын пысықтау арқылы тексеруге шығармашылық жұмыс беріледі ).-3мин

А тобына – Мәліметтер типі

Сұрақтары:

1)      Шамалардың қабылдайтын мәндерін берілетін сипаттама дегеніміз не?-Тип

 2) Мыналардың қайсысы стандартты типтерге жатпайды? Оларды сызып таста. INTEGER, REAL, ARRAY, BOOLEAN, VAR, STRING, TEXT, TYPE.

  3) Логикалық шамалар қандай мәндерді қабылдайды? - 0-false,1-true

Б тобына – Айнымалылар

Сұрақтары:

1)      Программаның орындалуы барысында әртүрлі мәнді қабылдайтын шама - айнымалы

2)      Айнымалылар сипатталатын  бөлімнің түйінді сөзі.- var

3)      айнымалылардың қандай түрлері бар? -  Қарапайым және индексті

В тобына – Стандартты типтер

Сұрақтары:

1) SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE,  WORD қандай типке жатады?- бүтін

2)      BOOLEAN типінің мәндері қандай болады? - 0-false,1-true

3)      Символдық тип неше мән қабылдай алады? - 1

 

  1. Түсіну кезеңі.Өз ойларыңды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер, мысал келтіріңдер. -10 -12мин

Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.

    1. Арифметикалық функциялар
    2. Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

Атқаратын қызметі

Функция типі

|x|

arctg x

cos x

sin x

ex

[x]

 

Inx

П

х 2

х

Abs (x)

Arctan (x)

Cos (x)

Sin (x)

Exp (x)

Frac (x)

Int (x)

Ln (x)

Pi

Sqr (x)

Sqrt (x)

 

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х-санының бөлшек бөлігі

х-санының бүтін бөлігі

х-санының натурал логарифмі

п-діңмәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

 

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

 

х-тің типіндей

нақты

Стандартты типтердің сипатталуы

Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.

Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:

атау1, атау2, ...., атауn: тип;

мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte

Арифметикалық амалдар.

Белгілер

Операциялар

Операндтар типі

Нәтиже типі

+

қосу

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

-

азайту

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақт

*

көбейту

Екеуі бүтін немесе екеуінің

біреуі нақты

Бүтін, нақты

/

бөлу

Бүтін немесе нақты

Нақты

Div

Бүтін бөлу

Бүтін

Бүтін

Mod

Бүтін қалдық

бүтін

бүтін

Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:

Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы

Sqr(x) – бүтін х анының квадраты

Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі

Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.

Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.

Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар

мәнін есептейді.

2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды

Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.

Көшу операторы. Көу немесе шартсызкөшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:

GOTO<белгі >;

мұндағы <белгі > - LABELбөлімінде сипатталған белгінің біреуі.

Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы түрі.

READ(al, a2,…,an);

READLN(al, a2,……,an);

READLN;

Шығаруоператоры.Паскальтілінденәтиженіэкранғашығаруүшін WRITE

операторықолданылады.

WRITE (al, a2,…,an);

WRITELN(al, a2,……,an)

3.   Қолдану кезеңі. – 5 мин

  А – тобы    1-мысал. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a, b, x integer;

Begin

Write (‘a, b-сандарыненгіз');

Readln(a, b);

X:=a+b;

Writeln(‘x =’,x);

End.

Б – тобы

2-мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

Program bolindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Write (‘a, b-сандарыненгіз');

Readln(a, b);

X:=a/b;

Writeln(‘x=’,x);

В – тобы

3-мысал. Екі санның көбейтіндісін  табу программасын құру керек.

Program kobeitindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Write (‘a, b-сандарыненгіз');

Readln(a, b);

X:=a*b;

Writeln(‘x=’,x);

4. « Ой дамыту » Бүгінгі өткен тақырыптарымызды қорыта келе тест тапсырмаларына жауап береміз.-10 мин

Тест № 1

1. Паскаль тілі қай жылдарда жасалды

А) 1965 – 1968                Ә) 1985-1987     

Б)  1968 – 1971               В) 1963 – 1970

2. с = а+b , мұндағы   a, b  - ның  типі   integer   болса, с – ның типі ... болады.

А)   integer            Ә)  real        

Б)  var                    В)  const

3. Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет.

А)  PRINT              Ә) WRITE         

Б ) OUTPUT          В) READ   

4. Паскаль тілінде Х  санының бөлшек бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

А) INT (X)              Ә)  ABS (X) 

Б)    FRAC (X)        В) TRUNC (X)

  1. Сonst қызметші сөзі не үшін қолданылады?

А) тұрақтыларды сипаттау                      

 Ә) белгілерді сипаттау

Б) айнымалыларды сипаттау                 

 В) программа  тақырыбы

6. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет?

А)  char          Ә)   const    

Б)   var           В)    Label

7. b = a,  мұндағы   a   бүтін сан болса,     b  -нің типі ....  болады. 

А)  Real           Ә)   integer    

Б)    string       В)   character

  1. Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады?

А)   PROGRAM         Ә)     END    Б)       BEGIN        В)      DATA   

9. Программа денесі қандай қызметші сөзбен аяқталады?

А)   PROGRAM         Ә)     END    Б)       BEGIN        В)      DATA   

10.   Х  санының модулі ....

         А)   SQR (X)                   Ә) SQRT (X)      

          Б)  MOD (X)                  В)  ABS (X); 

11. Х санының квадраты

        А)   SQR (X)                   Ә) SQRT (X)     

        Б)  MOD (X)                    В)  ABS (X); 

  1. Х санының квадрат түбірі ....

         А)   SQR (X)                 Ә) SQRT (X)        

          Б)  MOD (X)                В)  ABS (X); 

2-нұсқа

  1. Сonst қызметші сөзі не үшін қолданылады?

А) тұрақтыларды сипаттау                      

 Ә) белгілерді сипаттау

Б) айнымалыларды сипаттау                 

 В) программа  тақырыбы

2. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет?

А)  char          Ә)   const    

Б)   var           В)    Label

3. b = a,  мұндағы   a   бүтін сан болса,     b  -нің типі ....  болады. 

А)  Real           Ә)   integer    

Б)    string       В)   character

4. Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады?

А)   PROGRAM         Ә)     END    Б)       BEGIN        В)      DATA   

5. Программа денесі қандай қызметші сөзбен аяқталады?

А)   PROGRAM         Ә)     END    Б)       BEGIN        В)      DATA   

  1. Х  санының модулі ....

         А)   SQR (X)                   Ә) SQRT (X)      

          Б)  MOD (X)                  В)  ABS (X); 

7. Х санының квадраты

        А)   SQR (X)                   Ә) SQRT (X)     

        Б)  MOD (X)                    В)  ABS (X); 

  1. Х санының квадрат түбірі ....

         А)   SQR (X)                 Ә) SQRT (X)        

          Б)  MOD (X)                В)  ABS (X); 

  1.     өрнектердің дұрыс жазылуын таңдаңыз?

А)    abs (sin(x/(x+2/3))        

Ә)    abs (sin)(x/x+2/3));      

Б)    abs (sin(x/(x+2/3)))

В)abs (sin*(x/(x+2/3)))

  1. Нақты сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?

А)  integer        

Ә)    real   

Б)    array   (1…n)  of  real  

В)    array (1….n) of integer;      

11.  Қай өрнекте қате бар?

А) (x1/x2)*y              Ә)        sqrt (p)*q/r    

Б)   b+(a-(c/3))           В)   (a*(b/(c(d/(e*f))))

  1.   өрнегі берілген. Паскаль тілінде келесі түрде көрсетіледі.

       А)   a*(b/c)+(c/a)*b      

       Ә)   a^b/c + c/a^b      

       Б)  a*b/c+c/a*b            

       В)  a*b/(c-c)/a*b

5. СИНТЕЗ.- 3-4 мин

Практикалық жұмыс №11  - ге арналған тапсырмалар

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

А-ның келесідей мәндері берілген:

а) А:=1.0;     ә) A:=4;        б) A:=5

х-тің мәндерін анықтау керек.

B:=2.4*A;

x:=(A+B)/A*B-A;

x:=A/B MOD B;

B:=A*A-2*A;

A:=(B2)*(B-1);

x:=A+B;

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында. Қатесін тап.

а) x = K + 4;

ә) x:= x + 4;

б) x:= 3,74*A;

в) 3*K:=M;

г) –W:=A + B;

д) x:= A/-B;

е) y:= y>2;

ж) 5: = A- B;

з) P:= 2.5 mod 2;

и) x:= sin x +cos x;

Тапсырма №3. Дәптеріңе орында. Типтер сәйкестігін және меншіктеу операторының дұрыс жазылуын тексер.

Программаның қатесін тап (2 қате бар).

Program esep1;

Var   K: integer;

         N: real;

         A: boolean;

         C: char;

         S: string;

Begin

         K:=56;

         N:=K/4;

         A=false; 

         S:=’InFoRmatic’;

         C:=4587;

         N:=K;  End.

5. Бағалау. – 3 мин

1)    Меншіктеу операторының жазылу пішімі?

2)    Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

3)    Меншіктеу операторына мысал келтір (әр түрлі типті деректер үшін кемінде 5 мысал).

Үйге тапсырма беру. – 3мин

1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) 1 , у = a* b

2. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

Білім шыңы. Оқушыларды бағалау.Топтағы жұптар бірінің жұмысын бірі тексеріп жауап парағына белгілейді. Қорытынды бағаны шығарады.-5 мин

Рефлексия – смайлдарға ұсыныс жазылған стикер жапсыру арқылы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
9 сынып бойынша Информатика пәнінен тест
Информатика пәнінен 9-сыныпқа арналған тест сұрақтары
Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы
Паскаль
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 12821 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык