Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.


Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.

Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді. Модельдер түрі.

Сыныбы: 6

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: стикердегі диалог(шығыршық), Блум токсономиясы, АКТ, блоб ағашы, ұшқыр ой

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, 3D Maker модельдеу бағдарламасы

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

- амандасу,

- түгендеу,

- психологиялық дайындық («Әуенді терапия»)

Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

- Көздеріңізді жұмыңыздар да терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып менің сөздеріме құлақ салыңыздар.

- Ал бастаймыз. Соқпақ жолмен жүріп келесіз…

- Жол ұзақ. шаршадыңыз, шөлдедіңіз…

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді…

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде…

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз…

- Дәмі керемет…

- Жеген сайын жегіңіз келеді…

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз…

- Күн кешкірді…Қайту керек…Бақтан шығып жолға түстіңіз… Иығыңызда дорба…

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді…

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз…

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз… Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты…

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз…

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза…

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

Оқушылар көздерін ашып, өз әсерлерімен бөліседі.

Ал енді оқушылар қағазға жасырылған нысандар арқылы бірігіп, топқа бөлінейік:

Математикалық, ақпараттық, графикалық модельдер болып бөлінеді.

 -графикалық модель

Компьютердің құрылғыларын қосып, ажыратуға болмайды.

Экран мен көздің арақашықтығы  60-70 см болуы керек.

Вирус – өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа. – ақпараттық модель

15+5, 896-123, 458*78 – математикалық модель.

«Шығыршық» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы тексереміз. Мен сіздерге сұрақ қоямын, ал жауабы сіздердің біреуіңіздің қолында отыр, жауабын тапқан оқушы келесі адамға сұрағын оқиды. Осылайша шығыршығымыз үзілмеуі тиіс нәтижесінде тақтаға шығыршық жасаймыз. Ал шығыршығымыз материалдық модельге жатады.

Сынып оқушылары үшін үзіліссіз жұмыс істеу уақыты қанша?

60 мин

Микроәлем қандай нысандардан тұрады?

 

Өлшемдері өте кішкентай – молекула, атом сияқты нысандардан

Ақпараттық үдерістің үш түрін ата?

 

Сақтау, өңдеу, қабылдау.

Ақпараттың қасиеттерін ата?

 

Толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

Вирус дегеніміз не?

 

Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.

Вирусқа қарсы программа?

 

Антивирус

Ең тез тарайтын вирус?

 

Мелисса

Алгоритмді жүзеге асырушыны қалай атаймыз?

 

Орындаушы

Алгоритмнің басы мен соңы қалай сипатталады?

 

шеңбермен

Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

 

ІІ. Мағынаны тану.

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Енді оқушылар Блум таксономиясының  алты негізгі деңгейінің 4 деңгейі арқылы жұмыстанатын боламыз:

1-топ Білу, түсіну деңгейі тапсырмалары:

Қосымша ақпарат. Модель – ол:

  • Нысанның қарапайым көшірмесі;
  • Заттың кішірейтілген түрі;
  • Табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету;
  • Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.

Алдын ала сызбасын салмай күрделі механизмнен бұрын, қарапайым детальді де орындау мүмкін емес. Ғимараттарды, зәулім сарайларды жобалау алдында сызбадан басқа, олардың сұлбасын жасайды.Модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып, жойылып кеткен нысанды зерттеуге болады.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:

  1. Қолдану аймағы бойынша;
  2. Уақыт факторы бойынша;
  3. Білім саласына қарай;
  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай

Қолданылу аймағы бойынша:

Оқыту модельдері – үйрету, оқыту барысында қолданылады. Әртүрлі жаттықтырушылар, көрнекі құралдар, оқыту бағдарламалары. Зертханалық модельдер – жобаланған мысалдың үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі. Ғылыми – техникалық – әртүрлі құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге арналады. Ойын модельдері – іскери, экономикалық әскери ойындар.

Уақыт факторы бойынша:

Динамикалық модель уақыттың  өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді. Мысалы: оқушының оқу үлгерімін көрсететін  сынып журналы. Статистикалық модел деп оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы, яғни, сол уақыттағы үлгерімін айтады.

Білім саласына қарай: бұған келесі модельдерді жатқызуға болады: физикалық, химиялық, географиялық, тарихи, математикалық.

      Модельді көрсету тәсіліне қарай:   Материалдық(заттық) модельдердің қарапайым мысалдары: ойыншықтар, сабақтарда қолданылатын адам қаңқасы, глобус. Суретші салған картина, оқулықтың ішіндегі сызбалар графикалық модельКомпьютерлік модель деп - программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельді айтамыз.

 

Тапсырма:

  1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері - мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларға анықтама беру
  2. Маңызды өмірлік даналық (мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз)
  3. Иллюстрациялық бейнелеу (мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көрсету)
  4. Үлгі боларлық қорытынды (оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды)

 

2 топқа Қолдану деңгейі - "Модельдер сыры"

Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау

 

Химиялық, Физикалық, Географиялық, Биологиялық

                                              

Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және

ақпараттық бағытқа топтаңыздар

  1. Глобус
  2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
  3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі
  4. Адам қаңқасының макеті
  5. Химия реакцияларының теңдеуі
  6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
  7. Қуыршақ
  8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)
  9. Пойыздар қозғалысының кестесі
  10. Паровоз ойыншығы
  11. Метроның сызбасы
  12. Шаршының ауданын табу формуласы
  13. Чарльз Бэббидж суреті

 

Материалдық модельдер

Ақпараттық модельдер

1, 2, 4, 7, 8, 10

3, 5, 6, 9, 11, 12, 13

 

Талдау деңгейі:

1-тапсырма:"Логикалық есеп"

Кімнің қандай іспен айналысатынын анықтап, шешімін

 кесте  түрінде көрсету керек.

  • 3 жасөспірім: Қайрат, Мақсат және Архат бір көшеде тұрады. Біреуін барлығы мықты шахматшы ретінде біледі, екіншісі – футболшы, үшіншісі – достарымен жиналып, уақытын солармен өткізгенді жақсы көреді.
  • Бірде футболшы досына шахмат ойынын үйренуге барады, бірақ анасы баласының сол көшеде тұратын, барлығына таныс досымен би кешіне кеткенін айтады.
  • Архат Мақсат жайлы ешқашан естімегені белгілі

 

Көмек: Есепті шешу жолын Архат шахматшы емес деген ойдан бастау керек. Өйткені шахматшы футболшыны да, би кешін жақсы көретін баланы да тануы керек. Мақсат - би кештеріне қызықпайды, өйткені би кешін жақсы көретін баланы барлығы таниды, ал Мақсатты Архат танымайды.

 

Қайрат

Мақсат

Архат

Шахмат

-

+

-

Футбол

+

-

-

Би

-

-

+

2-тапсырма: Қайық, ұшақ, гүлдің моделін қағаздан құрастыру.

Топтар бір – бірін өзара бағдаршам түстері арқылы арқылы бағалайды.

Жасыл- өте жақсы, сары – жақсы, қызыл – орташа.

 

ІІІ. Толғаныс.

"Ұшқыр ой"   3D Maker-де машықтық жұмыс, яғни графикалық модель құру

 

Сергіту сәті.

Тақтаға мынандай сөздер ілінеді: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

Жауабы: "Бірлік, бекінген, күштөртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсанжүзім, жымыңдаған"

 

Топтарға қосымша тапсырма: Нысанның ақпараттық моделін құрастыр.

Нысан атауы

пішіні

Түсі

құрамы

әрекеті

Доп

дөңгелек

Қызыл

резеңкелі

секіреді

         
         

Үйге тапсырма

  1. Адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының моделін құру

1 - топ "Жер сілкінісі"

2 - топ "Кеме апаты"

3-топ «EXPO-2017» қалашығының графикалық моделін құру

 

Кері байланыс: "Блоб ағашы"

Топтар өздері бағалауларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:

 «Модель, нақты обьектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.

Модель түрі.»

 

                                            Өткізген: информатика пәні мұғалімі

 

                                      Құстаубаева Б.Е.

 

 

2014-2015 оқу жылы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік
Модель және модельдеу
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері
Модельдер түрлері
Модельдер түрлері
Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды
Семей көшелері
Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері, Модель түрлері
Модель және модельдеу
Модель, модельдің түрлері.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 11811 | Қосты: Құстаубаева Бақыт Ерболатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык