Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 2217 |
|
|
|
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Зертханалық жұмыс №3.4.
Тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
- Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын ашыңыз (Пуск→Избранное→Мои документы).
- Алынған терезені толық экранға жайыңыз.
- Меню жолында Файл→Құру→Қаптаманы →(Файл→Создать→Папку) командасын орындаңыз. Терезенің жұмыс кеңістігінде Жаңа қаптама (Новая папка) деген жазумен қаптама таңбашасы шыққанына көз жеткізіңіз.
- Ағымдағы қаптама терезесінің жұмыс кеңістігіндегі таңбашалардан бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Құру→Қаптаманы (Создать→Папку) командасын таңдаңыз. Терезе кеңістігінде Жаңа қаптама (2) Новая папка(2)) деген жазумен қаптама таңбашасы шыққанына көз жеткізіңіз.
- Жаңа қаптама (Новая папка) деген таңбашаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Қайта атау (Переименовать) командасын таңдаңыз. Қаптамағы \Тәжірибе деп ат беріңіз. Операциялық жүйе бір қаптамады аттас екі объектіні қабылдамайтынына көз жеткізіңіз. Екінші қаптамаға \Менің тәжірибем деп ат беріңіз.
- Жаю батырмасын шерту арқылы Менің құжаттарым қаптамасының терезесін қалыпты мөлшерге қойыңыз.
- Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз. Оның ішінен құрамында қатқыл дискісі (С:) бар терезені ашыңыз. Айналдыру сызғыштарын пайдалана отырып одан \Windows қаптамасын тауып алып, оны екі рет шерту арқылы ашыңыз. Бұл жүйелік қаптамадағы мазмұнның өзгеруі өте қауіпті екені туралы алдын-ала ескертумен танысыңыз. Файлдарды көрсету гиперсілтемесіне шерту арқылы қаптама құрамындағы бейнені қосыңыз. Ашылған терезенің құрамына \Temp қаптама таңбашасын іздеп тауып және оны ашыңыз (Бұл қаптама мәліметтерді уақытша сақтау қаптамасы болып есептеледі, оның құрамындағы файлдарды ешбір қорқынышсыз мысал үшін қолданып көруге болады).
- С: \Windows\ Temp терезесін ашыңыз. Шерту арқылы \Тәжірибе қаптамасының таңбашасын ерекшелеңіз. CTRL пернесінің басулы күйінде \Менің тәжірибем қаптамасының таңбашасын ерекшелеңіз. Жұмыс кеңістігіндегі екі объектінің бірдей ерекшеленгеніне көз жеткізіңіз.
- CTRL +Х пернесінің көмегімен ерекшеленген объектіні алмасу буферіне алып кетіңіз. Қаптаманың жұмыс кеңістігінде олардың белгілерінің де жоғалғандығына көз жеткізіңіз.
- \Менің құжаттарым қаптамасының терезесін ашыңыз. Оған алмасу буферінде орналасқан объектілерді орналастырыңыз (CTRL +V).
- \Менің құжаттарым қаптамасындағы \Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашаларын ерекшелеңіз. Тышқанның оң жағын басып, ашылған жанам менюден Жою (Удалить) бөлімін таңдаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде объектіні жою қажеттігін құптаңыз. \Менің құжаттарым қаптамасы терезесін жабыңыз.
- Таңбашасын екі рет шерту арқылы Себет (Корзина) терезесін ашыңыз. Онда жойылған \Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашалары бар екеніне көз жеткізіңіз. Екі таңбашаны да ерекшелеңіз. Тышқанның оң жағын басу арқылы ашылған жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) бөлімін таңдаңыз. Себетті жабыңыз.
- \Менің құжаттарым қаптамасы терезесін ашыңыз. Онда\Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашалары қайта орналасқандығына көз жеткізіңіз. Екі таңбашаны да ерекшелеңіз. Shift пернесін басып тұрып Delete пернесінің көмегімен оларды өшіріңіз. Ашылған сұхбат терезеде объектіні жою қажеттігін құптаңыз. \Менің құжаттарым қаптамасы терезесін жабыңыз.
- Қоржын (Корзина) терезесін ашыңыз. Shift пернесін басып тұрып өшірілген объектілер Себетке түспегеніне көз жеткізіңіз. Себетті жабыңыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |