Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пернетақта (клавиатура). Тышқан.


Пернетақта (клавиатура). Тышқан.

Пернетақта (клавиатура). Тышқан.

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі

7 «А» сыныбы

Пәні: информатика

Пән мұғалімі: Бекеева Гульжамал Мейркуловна

 

Сабақтың тақырыбы:

Пернетақта (клавиатура). Тышқан.

Жалпы мақсаты

Оқушыларды  ДК-ның енгізу құрылғылары пернетақта және тышқанмен таныстыру, олардың құрылысы мен қызметі туралы мәліметтер бере отырып, білімдерін толықтыру.

Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың логикалық және сыни ойлауын дамыту, өз бетімен, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Оқудың нәтижесі

Сабақ соңында оқушылар:

  • Дербес компьютердің енгізу құрылғыларын және олардың құрылысы мен қызметтерін біледі.
  • Топпен жұмыс жасауды, сабаққа қызығушылықпен қарап, өз бетінше білім алуға ізденуді үйренеді.

Дереккөздері, қажетті құрал-жабдықтар

Интернет, электронды оқулық, қосымша оқулықтар.

Проекциялық аппарат, экран, плакаттар, фломастер.

Негізгі түсінік

 

Пернетақта (Клавиатура)  Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысыболып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:

-  басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер)

-  функционалды пернелер: Ғ1 -Ғ12

-  арнайы операциялар пернелері: Епtег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе

-  меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы

-  сандық пернетақта.

 Тышқан - компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мұғаліммен сәлемдесу

Оқушылар өз оқу-құралдарын партаның үстіне қойып күнделікті дағдысын іске асыру.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты сұрақтар арқылы сұрап, қорытындылау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өткен сабақты қорытындылайды

Топқа бөлу

Сұрақтардың реттік саны бойынша жұп және тақ сандар болып екіге бөлу.

Сандар  бойынша топқа бөліну, топқа бірігу. Топтық ережені сақтай отырып жұмыс жасау.

Білу

Әр топқа жеке-жеке  тапсырма беріледі.

Тапсырма «Кері кодтау»

  1. 011010110110010101111001011 0001001101111011000010111001001100100  
  2. 0110110101101111011101 010111001101100101

 

  1. Keyboard  (пернетақта)
  2. Mouse (тышқан)

Топтар өз тапсырмаларын орындап, жауабын табады және сөздің қазақша аудармасын айтады.

Тапсырманың шешімі топтың аты.

Түсіну

Жаңа сабақты ашу оқушылардың өздеріне тапсырылады. Әр топ кері кодтауда анықтаған сөз бойынша жұмыс жасайды

 

Жаңа сабақты оқушылар өздері оқулықтан, электронды оқулықтан ашады. Топта талқылайды, әр топтан бір оқушы тақтада бүкіл сыныпқа қорғайды.

Қолдану

Оқушыларға электронды оқулықтан практикалық тапсырмалар орындату

Топтың әрбір  мүшесі ортаға шығып, электронды оқулықтан тапсырмалар орындайды

Талдау

Әр топқа өз атына бес жолды өлең құрастыруды тапсыру

Топ мүшелері өз тобының атына бес жолды өлең құрастырады

Сергіту сәті

Компьютер құрылғыларына қатысты жұмбақтар қою

Жұмбақтарға жауап беру

Жинақтау

Венн диаграммасы (тышқан, пернетақта)

 

Не үйрендім? Не үйренгім келеді? тапсырмасы (Инсерт)

Венн диаграммасын құрады

 

Не үйрендім? Не үйренгім келеді? тапсырмасы бойынша өздерінің бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгенін және не үйренгісі келетінін стикерлерге жазып шығады.

Бағалау

Оқушыларды  сәуле түрлерімен бағалау

Сабақтың әрбір сәтінде тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беруін бағалау үшін сәулелерді (γ – өте жақсы, β –жақсы, α –қанағат) пайдалану Оқушылардың жинаған сәуле түрлеріне қарай жиынтық бағалау

Үйге тапсырма

2.2.-тақырыпты оқу ( ребус, сөзжұмбақтар дайындау)

Қосымша: келесі тақырыпты оқып келу

 

Үй тапсырмасын күнделікке түртіп алу

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютердің қосымша құрылғылары
Пернетақта
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғысы
Есептеу техникасының даму тарихы.
Информатика әлемі
Блокнот бағдарламасы
Пернетақта мен тышқан құрылғысы. Олармен жаттығу
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4253 | Қосты: Бекеева Гульжамал Мейркуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык