Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері


Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері

Windows  терезелері. Терезелердің құрылымы  мен элементтері

Сабақтың тақырыбы: Windows  терезелері. Терезелердің құрылымы  мен элементтері

Сабақтың  мақсаты:

1.Windows  терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару  тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows  оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру

2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал-саймандар тақтасының арналу  білу қабілеттерін  дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың типі: Практикум элементтері  бар, көрсете -түсіндіру

Білім – біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар:        -     Windows терезесі ұғымын;

-          терезелерді көрсету нұсқаларын;

-          активті терезе ұғымын;

-          меню қасиеттері мен анықтамасын;

-          қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;

-          терезенің негізгі элементтерін;

-          құрал-саймандар тақтасының арналуын;

-          активті терезе белгілерін;

-          команданың активтілігінің белгілерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

-          терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;

-          активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;

-          терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;

-          Windows оқулығымен жұмыс жасауды;

-          маустың көмегімен қолданбаларды іске қосуды;

-          айналу жолағын қолдануды.

Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың жоспары:

  1. Білім - оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).
  2. Кім жылдам (компьютермен жұмыс).
  3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).
  4. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).
  5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).    

1. Білім - оқу анасы(жаңа тақырыпты түсіндіру).   

ТЕРЕЗЕЛЕР.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймақ. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

-          толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

-          қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

-          белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар   

зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:

-          терезені есептер тақтасындағы жазуға  жималау;

-          терезені толық экранның бетіне жаймалау;

-          терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден  жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню

Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу  - қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

2.Кім жылдам(компьютермен жұмыс).

  1. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

Түрі

                 

   

           

                                                   

Жою

Қиып алу

Кірістіру

Бір деңгейге жоғары өту

Орындатпау

Алға қарайөту

Көшіру

Кері ауысу

Іздеу

 

  1. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).   

1)Үйге тапсырма §3.2 (72-87 бет)

Windows  терезелері. Терезелердің құрылымы  мен элементтері.

2)Оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері.
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Windows операцялық жүйесі
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Терезелер
Файлдар мен қапшықтар
Windows басқару элементі. Жұмыс үстелі. «маус» типті манипулятор Есептер тақтасының элементтері мен арналуы, «Пуск»
Анықтама. Windows-тың анықтама жүйесімен жұмыс істеу. Бағдарламаларды іске қосу және ашу
Windows типті ОЖ. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеу бұйрықтары
Ms Excel кестелік процессоры. Іске қосу, жұмысты аяқтау. Жұмыс кестесінің элементтері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4265 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык