Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты Информатика


Қызықты Информатика

Тақырыбы: Қызықты Информатика

Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
 
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 – ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
 
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қызықты Информатика» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етеңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды таныстырайын. Ойынға 6 оқушы қатысады.
1. «Компьютер» тобы – 6 «б» сыныбы
2. «Интернет» тобы – 6 «ә» сыныбы
 
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:
1. Таныстыру
2. Көңілді себет
3. Ойлан тап!
4. Жылдам тағы да жылдамырақ!
5. Инфобілім
6. Қиял әлемі
 
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап отыру жарасама.
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа – дей отырып, ойынымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыру» бөлімімен бастаймыз.
Әр топқа үй тапсырмасы ретінде, өтілген тақырыптар бойынша слайд дайындап келу.
Көріп тамашалап болсақ кезекті әділ – қазыларға ұсынсақ, бағасын біле отырайық.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей отырып сайысымыздың келеі бөлімі «Көңілді себет» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Сайысымыздың аты «Қызықты Информатика» болғандықтан осы бөлімнің маңызы зор. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады. Соған оқушылар қызықты етіп жауап беру керек.  (Себетке жеміс-жидектерді салып сұрақтарды жемістерге жапсырып қоямын, оқушы өзіне ұнайтын жемісті таңдап, сұраққа жауап береді.)
1. Интернет не үшін керек?
2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?
3. Кітапханадан қандай кітап алдың?
4. Ноутбук сатып алғың келеме?
5. Агентте кімге хат жазасың?
6. Информатика пәні ұнайма?
7. Компьютерді қалай өшіру керек?
8. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
9. Компьютер не үшін керек?
10. Вирусты қалай жоясың?
11. Интернеттен не іздейсің?
12. Саған ұнайтын ноутбуктың бағасы қанша?
(Әділ – қазылар алқасына қызықты бағаларлы көрсек.)
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді,
Жеңістің мынау шыңына – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап!» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд – шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұрып 5 секунтта суретті тауып, жауап беру керек.
1 топқа: жүйелік блок, кактус, құлақшын, жүзім, модем, қарындаш, колонка, калькулятор, телефон, флешка, глобус, принтер.
2 топқа: сағат, компакт – диск, тышқан, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап, парта, теледидар.
(Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
 
Ақпараттану күнбе – күн,
Тез – ақ дамып келеді.
Таппай іздер жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде,
Ақпараттық заманың – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі«Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден  минут ішінде сөз құрау  керек. (Әрбір сөзге  ұпай беріледі).
 
«Инфобілім»  12 ұяшық беріледі. 
Әрбір ұяшықта деңгейлік тапсырамалар мен сұрақтар жасырылған, таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі.
5 ұпай Зақымданған компьютердің жұмысы?
5 ұпай Операциялық жүйе дегеніміз не?
5 ұпай Адам өміріне қаупі бар құрылғы?
10 ұпай Информатика ғылымы қалай аталады?
10 ұпай Компьютердің атасы кім? Алғашқы бағдарламашы кім?
10 ұпай Информатика ғылымы нені зерттейді?
15 ұпай Алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір
15 ұпай Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді, оларды ата?
15 ұпай WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?
20 ұпай Paint графикалық редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?
20 ұпай Тосын сый! Командаға 20 ұпай
20 ұпай Paint графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз, баспаға жіберу әрекеті қалай орындалады?
 
Ойын толқын жатқандай асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс  басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе сайысымызың соңғы бөлімі «Қиял әлемі» . Бұл бөлімде 2 топқа тақырып беріледі. Сол бойынша 1 минут ішінде дайындалып қорғайды.
1. Егер мен мектеп директоры болсам.........
2. Егер мен информатика пәнінің мұғалімі болсам......
 
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден,
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген.
Информатикаға мың алғыс! –деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. 
 
Қорытынды. Жарыс соңында әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттаау.
 
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты ұстаздарға шын көңілден,
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін. Алар асуларыңыз көп болсын деген ниетпен біз сайысымызды тәмәмдаймыз. Қош, сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің.
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Информатикалық калейдоскоп
Информатика әлемінде сайысы
«Ғажайып информатика жұмбақтар әлемінде»
Көңілді тапқырлар
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Көңілді тапқырлар
Информатика патшалығында
Информатика әлеміне саяхат
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 10056 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык