Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3076 |
|
|
|
Информатика патшалығында
Информатика патшалығында
Қазалы қаласы
Информатика патшалығында
(сыныптан тыс сабақ)
Сыныбы:5, 6 Күні: 8.04.2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Топты таныстыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. «Кім жылдам?»
2. «Құрал жабдықтар»
3. «Ауыстырмақ»
4. «Көкпар»
5. «Логикалық сұрақтар»
Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар сайланады.
Барысы:
І-ші кезең«Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Әр командаға 12 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттыңеңкішіөлшембірлігі килобайт депаталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттықпроцестердіжүзегеасыратынқұрал.(ия)
7. Тышқанақпараттысақтауғаарналғанқұрылғы. (жоқ)
8. Қазіргікомпьютерлердіңпернетақтасында 80 пернеболады. (жоқ)
9. Deleteалдыңғысимволдыөшірупернесі (жоқ)
10. Компьютердежұмысжасауүшіноперациялықжүйеніңқажетіжоқ. (жоқ)
11. 1 Мегабайт 8 байтқатең. (жоқ)
12. Процессор - олкомпьютердіңмиы. (ия)
ІІ командаға
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - ніңкөмегіменақпараттардыжинау, сақтау, өңдеузаңдылықтарынзерттейтінғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқатең. (ия)
3. Монитор компьютер экранынаақпараттышығарушықұрылғы (ия)
4. Сканерақпараттыенгізуқұрылғысы. (ия)
5. Электрондыесептеуіштехниканың даму тарихыбірнешебуындарғабөлінеді. (ия)
6. Бит, байтақпараттыңөлшембірліктері. (ия)
7. Пернетақта, сканер ДК - діңсыртқықұрылғыларынажатады. (ия)
8. Принтер - ақпараттықағазғабасыпшығаратынқұрылғы. (ия)
9. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
10. Пернетақтакомпьютергеақпараттыенгізуқұрылғысы. (ия)
11. 1 Килобайт 8 байтқатең. (жоқ)
12. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннантұрады. (жоқ)
ІІ-шікезең«Құрал жабдықтар» кезеңі
Құрал жабдықтар суреті салынған карточкаларды суыру арқылы әр топ кезекпен олардың атын атап, қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Принтер
Дискеталар
Жүйелік блок
Монитор
Колонкалар
Сканер
Постер қорғау
ІІІ - ші кезең:«Ауыстырмақ»
Келесі сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет. Қай бұрын қол көтерген топ бастап жауап береді. Егер жауап дұрыс болса бір ұпай, егер қате болса сұрақ келесі топқа көшеді.
иакматорфни – информатика
аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
интором – монитор
зертее – терезе
рсутивнаи – антивирус
ІV-ші кезең
Келесі сайыс түрлі - айтыс
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған топ мақтайды, келесі көк алған топ даттайды. Тақта: «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Компьютердің зияны мен пайдасы.
V-ші кезең.
«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай
• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Сабақты қорытындылау:
Марапаттау
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика патшалығында ” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |