Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Иондық байланыс,металдық байланыс.


Иондық байланыс,металдық байланыс.

  Иондық байланыс,металдық байланыс.   

Са б а қ т ы ң   т а қ ы р ы б ы :   Иондық байланыс,металдық байланыс

  С а б а қ т ы ң   м а қ с а т ы :  Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.

         Қ ұ р а л  –  ж а б д ы қ т а р :  «Химиялық байланыстар», «Ионды және металдық  байланыс» интерактивті тақтадан көрсетілетін көрнекілік.

         Ж а ң а   м а т е р и а л д ы   б а я н д а у .  Бұл сабақ өткен сабақтың жалғасына жатады деуге болады. Оқушылардан ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың қалай түзілетіні элементтердің терісэлектрлік ұғымы туралы сұралып, ионды байланысты қарастыруға кірісеміз. Ол үшін мына жағдайды сипаттаймыз:

  1. Ионды байланыс – терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз:

 

+11Na0  2e-, 8e-, 1e- + F 2e-, 7e- → Na+F-

                                  e

                         Na0   +   F → Na+F- 

            Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.

           Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да  сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады:

                                         Na+, Cl-, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+.

 

Металдық  кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе  олардың иондары  орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі  делокальданған

электрондар көптеген ядролардың арасында өзара  тарту  күштерін  тудырып,  металдық байланыс түзеді.Металдық  байланыстың  түзілу  схемасы  (М – металл): 

 

Me – ne- → Me+n

         Мұндай  қабілетті  металдар  бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.

 

 

           Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет:

  1. Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.
  2. Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.
  3. Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.
  4. Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

                                     а) Li + O2 →                           б) Cs + S →

                                     ә) Ca + F2 →                                            в) Na + F2

  1. Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

                                   Na+ және Na0                     Mg2+ және Mg0                  N3- және N0

                                   S2- және S0                   S2- және S0  

         Ү й г е   т а п с ы р м а  б е р у:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі.
Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар.
Химиялық байланыс және зат құрылысы. Ковалентті байланыс
Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті байланыстың қасиеттері
Металдық химиялық байланыс
Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Кристалдық торлар
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 30378 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык