Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Химиялық реакция теңдеулері


Химиялық реакция теңдеулері

Химиялық реакция теңдеулері

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакция теңдеулері

Сабақтың мақсаты

  1. Өткен тақырыптарды еске ала отырып, химиялық реакция теңдеулерінің жүру механизмін  түсіндіру. Теңдеулерді теңестіруге үйрету.
  2. Пәнге қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық реакция теңдеулерін құра білуге, оларды теңестіре білуге дағдыландыру. Жылдам ойланып, жылдам жауап беруге дағдыландыру.
  3. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу. әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін  жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі

Тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)

Сабақтың әдісі

Жазбаша, ауызша, СКТ технологиясының тапсырмалары, есептер шығару, дәріс, сынақ

Сабақтың көрнекіліктері

Үлестірме қағаздар, жеке тапсырмалар,кеспе қағаздардағы формулалар, плакат

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина  Химия – 8сынып Оқулық;
  2. Г. Е. Рудзитис, Ф. Г. Фельдман,  Химия – 8 сынып Оқулық;
  3. Ә. Е. Темірболатова, Есептер мен жаттығулар жинағы – 8 сынып
  4. Н. Б. Мұхаметжанова, Қ. Қ. Сәдуақасова, Сатылай кешенді талдау технологиясы

Сабақтың жүру барысы

Уақыт

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекетінен күтілетін нәтиже

Ұпай

Кіріспе бөлім

3 мин

Психологиялық ахуал

«Ыстық алақан» тренинг.

Мақсаты:тұлғааралық байланысты орнату.

  1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
  2.  «Ыстық алақан» тренингін жүргізу.
  3. Оқушыларға бүгінгі сабақтың кезеңдерімен таныстыру.
  4. Оқушыларға бағалау парағын тарату.
  5. Оқушылар бір-бірінің алақандарын ұстап тұрып, сәттілік тілейді.
  6. Сабаққа қызығушылықтары артады.

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

3 мин

 

Мақсаты:Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру.

Ашық тест

Заттарға жазбаша сипаттау/есептер шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша дәлелдеу/формулаларды талдау/

Символдармен өрнектеу/химиялық элементтердің таңбаларын жазу/

 

 

 

 

Оқушылардың білімдерін тексеру үшін түрлі тапсырмалар таратылады.

1.Реттік санмен берілген өзгерістер әріппен белгіленген құбылыстардың қайсысына сай келеді?

1.темірдің таттануы              а) химиялық

2.судың булануы                  б) физикалық

3. адамның ойлауы               в) екеуіне де жатады

4.қанттың суда еруі               г) екеуіне де жатпайды

5.жаңбырдың жаууы

6.Асқазан-ішекте қатты астың қорытылуы

2.Атомдар дегеніміз.......

А) көзге көрінбейтін, бөлінбейтін, мәңгі қозғалыста болатын бөлшектер.

Б) барлық заттар осы бөлшектерден тұрады.

В)заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшегі.

Г)қатты заттарды ұсақтағанда жойылып кетеді.

3. молекулалар дегеніміз.........

А) барлық заттардың ең ұсақ бөлшегі

Б) химиялық реакция кезінде ыдырайтын заттар

В) химиялық реакциялар кезінде тұз түзетіндер

Г) құрамы мен химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшектері

4. Жай заттар дегеніміз..........

А) айналаны қоршаған барлық денелер

Б) бір ғана химиялық элемент атомдарынан түзілген заттар

В) газ күйінде болатын барлық заттар

Г) атомдардың бір түрінен түзілген заттар

5. Күрделі заттар дегеніміз.......

А) атомдардың әр түрінен  түзілген заттар

Б) темір үгіндісі мен күкірт ұнтағының араластырылған қоспасы

В) түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген заттар

Г) инертті газдар

6. валенттілік дегеніміз............

А) қосылыстардағы түрлі атомдардың саны

Б) заттардағы бір элементтердің саны

В) күрделі қосылыстардағы түрлі атомдардың қатынастары

Г) бір химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті

 

  1. Заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табу. Әр оқушыға бір-бірден формулалар беріледі.

Бауыржан: NaCl

Бақытжан: CaO

Лаззат: NaClO3

Айкемай: KMnO4

Ақбота: KClO3

Ақмарал: CuSO4

Санжар: CaCO3

  1. Заттардың құрамындағы әр элементтің массалық үлестерін табу:

Бауыржан: FeO

Бақытжан: NaCl

Лаззат: CuSO4

Айкемай: HNO3

Ақбота: H2SiO3

Ақмарал: KNO3

Санжар: MgO

  1. Элементтердің химиялық таңбалары берілген және валенттіктері көрсетілген. Мыналарға сәйкес формулалар құрыңдар:

Бауыржан: LiO, BaO

Бақытжан: PO, KO

Лаззат: SnO, PH

Айкемай: MnO, FeO

Ақбота: BO, HS

Ақмарал: NO, CO

Санжар: CrCl, CH

 

Тақтада тапсырмалық формулалар ілініп тұрады.

 

Бауыржан: 4Н

Бақытжан: 5О2

Лаззат: Na2SO4 /натрий сульфаты/

Айкемай: 5NaNO3 /натрий нитраты/

Ақбота: 6H3PO/фосфор қышқылы/

Ақмарал: 3CaCO3 /кальций карбонаты/

Санжар: KClO3 /калий хлораты/

 

Әр оқушыға жеке-жеке химиялық элементтердің сөзбен жазылған тапсырмалар таратылады. Оқушылар ол элементтердің таңбаларын жазу керек.

Бауыржан: хлор, фтор, фосфор, темір, сынап, сутек, оттек, натрий, мыс, мырыш, марганец, магний, қорғасын;

Бақытжан: күміс, күкірт, кремний, көміртек, кальций, калий, йод, бром, бор, барий, алюминий, алтын, азот;

Лаззат: бром, йод, калий, кальций, көміртек, кремний, күкірт, күміс, қорғасын, магний, марганец,  мырыш, мыс, натрий, оттек, сутек;

Айкемай: сынап, темір, фосфор, фтор, хлор, бор, барий, алюминий, алтын, азот, күміс, қорғасын магний;

Ақбота: азот, алтын, алюминий, барий, бор, бром, йод, калий, кальций, көміртек,  кремний, күкірт, күміс;

Ақмарал: қорғасын, магний, марганец, мырыш, мыс, натрий, оттек, сутек, сынап, темір, фосфор, фтор, хлор;

Санжар: азот, алюминий,  бор,  йод,  кальций, кремний, күміс, магний, мырыш, натрий, сутек, темір, фтор.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар біледі:

 

  1. Өткен тақырыптарды;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Заттардың құрамындағы массалық үлестерін, валенттіктерін, салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді;

5 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 балл

 

Жаңа сабақ

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

10 мин

  1. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.

Жад жазуы/кесте

толтыру/

 

 

 

 

2. Химиялқ теңдеу.

 

 

 

 

 

 

3.Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.

Негізгі ұғымдар:

  • Химиялық теңдеу.
  • Реагент
  • Өнім

 

 

Тақтада берілген заттарды есте сақтап, берілген кестеге  АВ, АВ2, АВ3, А2В3, АВбөліп жазу.

HCl, CaF2, NH3, Al2O3, CH4

NaCl, CO2, AlCl3, Fe2O3, SiH4

АВ

АВ2

АВ3

А2В3

АВ4

 

 

 

 

 

 

 

1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.

 

Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

 

 

2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:

 

1. Реагенттердің формуласын жазу:

 

2. Өнімнің формуласы:

 

3. Химиялық теңдеуді теңестіру:

Оқушылардан мұндай химиялық реакцияның толық теңдеуін қалай оқылуын сұрау:

«екі – аш – екі плюс – о - екі» тең «екі – аш – екі - о».

Енді алюминий мен оттек қосылып, алюминий оксидін Al2O3 түзетін реакцияның теңдеуін жазып жаттығайық. Бірден реагенттер мен өнімдердің формулаларын бағдаршамен бөліп жазайық:

Al + O2 → Al2O3

Оттектің коэффициентін табу үшін, олардың ең кіші ортақ еселігін пайдаланайық.  Теңдеудің сол және оң жағындағы оттек атомдарына ортақ ең кіші еселік 2*3꞊6 екенін біле отырып, реагенттің және өнімнің құрамындағы оттек атомдарының санын теңестіру үшін біріншісіне 6:2꞊3, екіншісіне 6:3꞊2 коэффициенттерін қоямыз:

Al + 3O2 → 2Al2O3

Алюминий атомдарының саны 4 болатынын өнімнің алдындағы коэффициентінен көрініп тұр, олай болса толық химиялық реакция теңдеуі төмендегідей болады:

4АІ + 3О2 ꞊ 2АІ2О3

  1. Заттың құрам тұрақтылық заңын біледі.

 

 

5 балл

 

 

Сабақты бекіту

5 мин

«Кім жылдам» аукционы /теңдеу құрып, теңестіру/

Әр оқушыға тапсырма беріледі. Химиялық реакция теңдеуін құрып, теңестіру қажет.

Ca + O2 →

Na + Cl2 →

Al + S →

Al + Cl2 →

Li + O2 →

Zn + Cl2 →

S + O

бұл тапсырмада оқушылардың жылдам ойлау, жылдам жауап беру, жылдам әрекет ету қабілеттері артады

5 балл

 

3 мин

Ойлан, тап! /тақтамен жұмыс/

Төмендегі химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын тауып,  коэффициенттерін қойыңдар:

А) ............ + О2 → ZnO;

Ә) ……… + O2 → CaO;

Б) ……… + O → Cr2O3

В) ............+ О2 → MgO

Г) ............ + О2 → Р2О5

Д) ............ + О2 → N2O3

Е) .............. + О2 → СО2

 

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады. Теңестіре білу дағдылары қалыптасады.

3 балл

 

Үйге тапсырма

 

1 мин

  1. §15 оқу. 40-41 беттер;
  2. 5,6,8 тапсырмалар, 42 бет.

 

Бағалау парағы

(балдық жүйе бойынша)

Кезеңдер 

 

 

Аты-жөні

Ашық тест

2 балл

 

Заттарға жазбаша сипаттау

5 балл

 

Ауызша дәлелдеу

2 балл

Символдармен өрнектеу

3 балл

Жад жазуы

5 балл

«Кім жылдам» аукционы

5 балл

Ойлан, тап!

3 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Химиялық реакция теңдеулері

(ашық сабақ)

Пән мұғалімі: А.А. Есембекова


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ
Химиялық реакция теңдеулері
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Бастапқы химиялық ұғымдар
Химиялық реакция типтері.
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
№1 бақылау жұмысы
Химимядан бақылау жұмысы
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 8319 | Қосты: Есембекова Акшолпан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык