Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Металдардың адам өміріндегі маңызы.


Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Металдардың адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, кейбір кеңінен қолданылатын металдар туралы түсінік беру; оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.

Дамытушылық:

Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік:

Оқушыларға экологиялық және кәсіптік бағдар беру.

 

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.

 

Сабақтың әдісі: М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», INSERT, тест, өзін - өзі бағалау әдісі, полиглот, жарнамалау әдісі.

 

Пәнаралақ байланыс: география, тарих, биология, экономика.

 

Сабақ көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған буклет: «Темір - тоттанып тозар», «Қуатты қол - құрыш», «Орын тапқан шеге оңды», «Аз сөз алтын, көп сөз көмір», «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»; электрондық оқулық «Химия» 9-сынып.

Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ.Сәтпаев.

 

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сыныпты төрт топқа бөліп отырғызу. «Өзіңді бағалау» тренингі бойынша топ басшыларын сайлау. Банктер мен конверттерді, түрлі-түсті қағаздарды тарату.

Металдардың шығу тарихына шолу. (Химия 9-сынып оқулығынан 108-беттегі 7-кесте)

Металдың пайдаланыла

бастаған дәуірі

Алғаш табылған Ме

Біздің заманымызға дейінгі

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын.

ХҮІІІ ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут

ХҮІІІ ғасырда

Платина

ХІХ ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған Ме

ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен а

лынған металдар актиноидтар, лантаноидтар

 

Кестеден біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болғанын көріп отырсыздар. Оған дәлел Ү-ҮІІ ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам 1969 жылы Есік қорғанынан табылғанын жақсы білесіздер. Бұл жерде 4000-дай алтын детальдар табылған. Тағы да адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланысты.

Қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны анық.

 

Металдардың аталуы:

Алтын – таңғы арай.

Мыс – Кипр аралы мысқа бай.

Күміс – ақ, жарық.

Темір – латын тілінен аударғанда «қамал».

Сынап – сүйық күміс.

Вольфрам – қасқыр көбік.

Платина – күміске ұқсас.

Берилий -  тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл, әрі мықты, арзан. Қазақстанда Алматыда өндіріледі)

 

Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде:

  1. Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
  2. Тотығу дәрежесі оң.
  3. Күшті тотықсыздандырғыштар.
  4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.
  5. Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.
  6. Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.
  7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер.
  8. ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.
  9. Сілтілік металдар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr .
  10. Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған созылғыш, тапталғыш қасиет береді. Металдардың кристалл торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, Al жақсы өткізеді, Hg- нашар өткізеді).

 

Өзінді тексер.

Тест

 

  1. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.

          А) 90%                  Ә) 80%                   Б) 50%

2. Сілтілік  Ме

А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr.   Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al.       Б) Na. K. Fr.Au. Al.

3. Жеңіл балқитын  Ме

А) Күміс, алюминий, мыс     Ә) Сынап, цезий, галлий 

Б) Мыс, қорғасын, алтын.

4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын  Ме

А) Ti                                      Ә)V                Б) W

5. Негізгі топшаның Ме

А)  s.d  элементтер                   Ә)  p.d элементтер  Б)   s.p элементтер.

6.Қосымша топшаның элементтері.

А) s.p                                      Ә) d                             Б) p.d 

7. Электр тогын ең күшті өткізетін Ме

А) Күміс, мыс, алюминий      Ә) Мыс, титан, алюминий

Б) Күміс, алтын, хром

8. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім Ме

А) Марганец                                  Ә) Мыс      Б) Темір

9. 4 Al + 302   2 Al2 O3 реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al2 O3 түзіледі?

А) 0,5 моль                              Ә) 2 моль               Б) 1 моль

10. Қай элементке сәйкес келетін электрондық формула.

1s2 / 2 s2 2 p6 / 3 s2 3 p6/ 4 s 2

А) Fr                                      Ә) Ca             Б) K

     Дұрыс жауабы тақтада беріледі.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ә

А

Ә

Б

Б

Б

А

Б

А

Ә

Шкала:

     «5»  - 8-10;  «4»  - 4-7;  «3» - 1-3.

 

Көк «5», жасыл «4», қызыл «3», сары «толықтыру» +1

бағалау парағына әр оқушы тиісті бағасын қояды.

 

Инсерт.     

Мыс, марганец – 1-топ; хром, күміс – 2-топ; темір, сынап – 3-топ; алтын, титан – 4-топ.

 

Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латын, халықаралық атауын беру, формуласын жазу.

Полиглот.

  1. МСЫ – мыс, Cu, купрум, медь.
  2. НЫТЛА – алтын, Au, аурум, золото.
  3. МІРТЕ – темір, Fe, феррум, железо.
  4. ЛЮАИЙМИН – алюминий, Al, алюминиум.

 

Жарнамалау.

Әр топтан екі оқушыдан шығып,  металдарды жарнамалайды.

 

Қорытынды.

 Сатпаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) аса көрнекті ғалым, әрі қоғам қайраткері, Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым. Ол үлкен Жезқазған, Ұлытау мыс-минералды шикізат қорларын тұңғыш жан-жақты зерттеді. Ғалымның құрметіне Қаратаудағы Ванадий кенінен табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.

Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетунің бірден-бір кепілі.

 

Бағалау.

Әр оқушы жетонын есептеп орташа балл шығарады. Топтар жиналған жетондарды есептейді.

Үйге тапсырма.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдар туралы түсінік
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдар тарауын қайталау
Практикалық сабақ №3. Металдар
Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер, химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы.
Натрий және калий
Кальций және оның қосылыстары
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Алюминий
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 6864 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык