Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сілтілік металл -натрий


Сілтілік металл -натрий

Сілтілік металл -натрий

Сабақтыңтақырыбы:   §68. Сілтілік металл -натрий
Сабақтың
  мақсаты:   

Білімділік: Натрийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу  тарихы, табиғатта кездесуі мен физикалық және химиялық  қасиеттерінтүсіндіру;
Дамытушылық:Типтік металл натрийдің қасиеттерін реакция теңдеулерімен  жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық  белсенділігін арттыру;

Тәрбиелілік: Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін  жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын   ояту,еңбекті бағалай білуге,сүйіспеншілікке,оқушының шығармашылық,ойлау қабілетін дамыту,өз ойларын жеткізе білуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Дәстүрлі сабақ  
Сабақтың әдісі:Іздендіру,түсіндіру,сұрақ -жауап,ой-қозғау,топтастыру,шығармашылық,көрнекілік. Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар.

Пәнаралық байланыс:          Тарих, биология, қазақ тілі, география,биология,физика.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақты, сілтілік металдар  коллекциясы, натрий хлориді, натрий гидрокорбанаты, су, химиялық стакан, лакмус индикатрлары,оқулық.

 Күтілетін нәтиже:   1. Натрийдің қасиеттерін сипаттай білу.

                                     2. Өзгерістер тізбегін, химиялық реакциялар теңдеулерімен  жаза білу.

                                     3. Есептерді шығара білу.

                                     4. Теориялық білімдерін жүйелей білу.

                                     5 .Оқушылар тақырыпты өз беттерімен меңгереді.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Нұрахметов, т.б. Химия – 8сынып

                                               2. Д.М.Кирюшкин, т.б. Химияны оқыту методикасы

                                               3. Н.Нұрахметов, т.б. Химия жұмыс дәптері-8 сынып

                                               4. Тренинг – сабақтарын өткізу бойынша 

                                                   мұғалімдерге арналған  әдістемелік ұсынымдар .

Сабаққа қойылатын ереже:

-Бірін бірі тыңдау

-Уақытты үнемдеу

-Ойды еркін айту

Сабақтың міндеті: Іздеймін,табамын,ойланамын,біліп аламын.
Сабақ барысы:                
1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сабақта қалыпты жұмыс істеуге жағжай жасау

-Оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау

-Сәлемдесу

-Оқушылардың  сабаққа дайындығын тексеру

-Балалардың назарын сабаққа аудару

-Сабақтың мақсатын айқындау

-Сабақты өту жоспарымен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:

    I. Қызығушылықты ояту.

Интерактивті тақтадан Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы көрсетіліп, үй тапсырмасы бойынша ауызша тест сұрақтары қойылады.

-         Сілтілік металдар қай топта орналасқан?

-         Сілтілік металдарды ата?

-         Қандай топшада орналасқан?

-         Валенттіліктері нешеге тең?

-         Сілтілік металл деп аталуы неліктен?

-         Электртерістілігі қандай?

-         Тотығу дережесі қанша?

Карточкамен жұмыс

1. Сілтілерді теріп жаз:

NaOH, Fe(OH)2, Cu(OH)2, KOH, LiOH,Na2SO4,H2O,KNO3,Ba(OH)2,H2SO4

2Al+H2SO4=Al(SO4)3+H2. Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін құру.

3.Тотығудәрежесінанықта:
SiCl4, MgI2, NaBr, H2O, K2Cr2O7,
Na2SO4,H2O,KNO3

       3. Жаңа сабақ.

Ертегі: Натрий

         Менделеев қалашығында сілтілік металдар деп аталатын микро аудан бар. Бұл ауданның бұлай аталуының өзіндік сыры бар. Сумен қосылысып, барлығы дерлік сілті түзеді, сондықтан осылай аталған. Бұл микроауданның  үйлері қызылмен боялған, басқаларынан ерекшеленіп тұруы үшін. Осы микроауданда 3 көшенің 11 пәтерінде натрий тұрады. Бұл үйді ол Менделлев атамыздың қолынан алған. Өзінің қасиеті алуан түрлі, барлық жұрт осы натрийден хабардар. Ешқашан жалғыз жүрмейді, мүмкін өзінің шатақ мінезінен қорқатын болар, сондықтан қасына үнемі біреу еріп, қосылып жүреді. Мінезі де қызық, өзі металдардың ішіндегі ең жұмсағы, дегенмен өзі жарықты ұнатпайды, қараңғы бөлмеде жатқанды ұнатады.

         Өзі өте белсенді, жұртпен тез тіл табысады. Қолындағысын жұртқа беруге даяр, ешқашан біреуден бірдеңе алған емес. Жалғыз электронын біреуге қажет болса, қиналмастан бере салады. Өзі суда жақсы жүзеді, ауаға сутекті бөліп, суды да сілтіге айналдырады. 8 пәтерді тұратын оттекті көрсе, жана түседі, сары жалынға айналады.

       II. Мағынаны тану. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады. Сілтілік металл Натрий.

Жаңа сабақты тірек- сызбалар арқылы сатылай кешенді түсіндіру.

 

 

1 – тірек сызба.

2 – тірек сызба. Атом құрылысы.

Na n=11 III период І топ А

11e-

Ar(Na)=23                             2e- 8e- 1e-

Электондық формуласы: 1s22s22p63s1

Графиктік 1s2 2s2p6 2s1

формуласы:

3 – тірек сызба.

Біздің планетамызда таралуы бойынша 6 – шы орында.

Na

Галит Nacl

Миробилит Na2SO4·10H2O

Сода NaCO3

4 – тірек сызба. Ашылу тарихы.

Натрий – «натрон», «сода», «сілті» деген араб сөздерінен шыққан. 1807 жылы ағылшын химигі Дэви сілтілі балқытып, электронүдеу арқылы ашты. Натрийдің көмірқышқылы тұзы өте ерте кезден – ақ кір жууға пайдаланған. Оның гидрод тотығы белгілі болған, оны сілті деп атаған.

5 – тірек сызба. Алынуы.

+1 -2

1.     2Na0+S0=Na2S-2. Натрий сульфиді.

+1

Na0-1e-→Na (тотығу реакциясы)

+1 -2 +1 0

2.     2Na0+2H2O=NaOH+H2

Мұғалім тек оқушылардың айтпаған мәліметтерін ғана қосады, сөйтіп оқушының өзінің алуына мүмкіндік тудырады.

  •         жұмысы.
  • №1. Натрий сумен әрекеттесуі, сутек газы бөлінгенін анықтау.
  • №2. Пайда болған ерітіндінің ортасын анықтау.
  • №3. Na+ ион анықтауға сапалық реакция (NaCl суда ерітіп спирт шамының үстіне қойып қыздыру арқылы жалынның сары түске боялғанын көрсету.)

6 – тірек сызба.Натрийдің алынуы. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз әдісі арқылы алды.

       2NaCl →2Na + Cl2

7 – тірек сызба

Оқулықтағы натрийдің қолданылуы атты мәтінді оқушылар өз бетімен оқып шығып, «Инсерт» стратегиясы арқылы белгілейді, ондағы құс қанаты (V)-бұрынан білемін, + белгісі мен үшін жаңалық, – белгісі келіспеймін, ? белгісі сұрағым бар дегеніді білдіреді.

V

+

-

?

 

 

 

 

ІІІ. Ой толғаныс

  «Кім білімпаз?» ойыны интерактивті тақтада есептер шығару.

№1. Реакция теңдеулерін аяқтап, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңыздар.

1.     Na + Cl2 =

2.     Na + HCl=

3.     Na + H2 =

4.     Na + N2 =

«Кім жылдам?»  Оқушыларды топтарға бөлемін.Кубизм әдісі бойынша әр топ  шығып есептерді шығарады

1-топ:

№1 .Натрий хлоридіндегі ,натрий гидроксидіндегі натрийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?

№2. Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Na→NaOH→NaCl→NaNO3

2-топ:

№1. 9.2 г натрий суда ерігенде түзілетін гидроксидтің массасын есептеп шығарыңдар

№2.Зат мөлшері 2моль натрийді суда еріткенде сутектің қандай көлемі (қ.ж) бөлінетіндігін есептеңдер

 

 

Графикалық диктант.

___  иә,     Ω жоқ     

1.1807 ж ағылшын химигі Дэви алды. (иә)

2.І-топтың қосымша  топшасында. (жоқ)

3.Сілтілік металл. (иә)

4.Тотығу дәрежесі (+1) .(иә)

5.Электрондық   формуласы: 1S.  2S.  2P.   3S. (жоқ)

6.Ас тұзының минералын галит деп атайды. (иә)

7.Натрий қан плазмасында кездеседі.(иә)

8.Натрий қатты металл. (жоқ)

9.Электр тогын өткізеді. (иә)

10.Су бетінде жүреді. (иә)

Мұғалім: жаңа сабақты мына өлең жолдары арқылы қорытындылайды:

Мен – натрий, сілтілік жеңіл металмын

Өзім жайлы баяндауға бет алдым

Алуан түрлі қасиетім бойымда

Қосылысым сабынның да бойында

Бу түрінде сары түске енемін

Суыңды да айналдырам сілтіге

Су бетінде еркін жүре бермін

Мен ауаға сутекті де бөлемін

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем

Сол арқылы пайдамды да тигизем

Космоста да сары түсті буыммен

Зымыранды көз алдыңда жүргізем.

 

Өзін -өзі бағалау карточкасы.

Орындалатын жұмыс

Ауызша тест

Карточкамен жұмыс

Инсерт

Кім білімпаз?

Кім жылдам?

Кім тапқыр?

Графикалық диктант

Оқушының аты -жөні

Бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма. §65 оқып түсіну. №6 есеп.

Шығармашылық жұмыс:  натрийдің қосылыстары және олардың қолданылуы туралы қосымша мәліметтер жинап, жазып келу.

«Сілтілік металдар әлемі» тақырыбына сілтілік металдардың, натрийдің химиялық, физикалық қасиеттерін сиппаттай отырып, ертегі құрастыру. Жоғарыда айтылған өлең жолдары сияқты, натрийдің қасиеттерін көрсете отырып құрастырады. Оқушылар қосымша мәліметтерді физика, биология кітаптарынан, интернеттен іздеуіне болады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Практикалық сабақ №3. Металдар
Натрий және калий
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Кальций және оның қосылыстары
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Алюминий
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 9136 | Қосты: Мусагалиева Альбина Бекболатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык