Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы


Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы

Сабақтың тақырыбы Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы

Сабақтың мақсаты:  
Білімділік:             Оқушыларға натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы,     
                                 қосылыстары туралы  жалпы түсініктер беріп, күшті  
                                 тотықсыздандырғыштар, қасиеттерін ажырата білу, алыну      
                                 жолы,  маңызын түсіндіру, мағлұматтар беру
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез  
                               ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой- 
                               өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын  
                               қалыптастыру. 
Тәрбиелік:            Натрийдің өнеркәсіпте күнделікті тұрмыста қолданылуы, алған білім дағдыларын өмірде пайдалану, өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:   Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:   Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  Сұрақ –жауап, практикалық тәжірибе, ойындар, есептер т.б.
Көрнекілігі:         Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, тәжірибеге қажетті құрал жабдықтар, жаттығу есептері. 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қызығушылықты ояту үшін сұрақ –жауап интерактивті тақтадан Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы көрсетіліп сұрақтар койылады. 
- Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
- Сілтілік металдарды ата?
- Қандай топшада орналасқан?
- Валенттілігі нешеге тең?
- Электртерістілігі қандай?
- Тотығу дәрежесі қанша?
- Ядро заряды +11 ге тең қай элемент?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазады. Қызығуды ояту.
№1 Тәжірибе:
Натрийдің сумен әрекеттесуі. Метал натрийді пышақпен кесіп алып, суға салып жібереміз, сол кезде натрий судың бетінде жүгіре жөнеледі. Осы тәжірибені қызықтаған оқушылар мына жұмбақты шешеді.
Ақ түйір айналады, тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай.
Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады,
Не түзілді қай элемент кім айтады?  (Натрий гидрооксиді)
Тақтада сұрақ-жауап түрінде сызбанұсқа құралады.
1.Тірек сызба
Металл күйдегі натрий гидрооксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Қосылыстардың балқымасын электр тогымен ыдыратып алады
                    электр тогымен
3.Тірек сызба.Физикалық қасиеттері:
Оқушыларға натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет екенін түсіндіремін.
1. 4Naº+O2 º →2Na2+¹O-²
2. 2Na+S→Na2S                                                    
3. 2Na+2H2O→2NaOH+H2                 
 
Натрий иондары жалынды сары түске бояйды, ол үшін платина сымын алақанға салып ұстап, содан соң спирт шамының жалынына ұстаса жалын сары түске боялады. Неге? (себебі, адам терлегенде алақанда ас тұзы болады.)
Сілтілік MeO күшті негіздік қасиет көрсететін ақ түсті зат. 
Na2O +2H2O =2NaOH 
Олар теріні, матаны, 
қағазды жеп жібереді.
5.Тірек сызба. Табиғатта кездесуі.
Ашылу тарихы.
Натрий “натрон”, “сода”, “сілті”, деген араб сөздерінен шыққан. Натрийдің көмір қышқыл тұзы өте ерте кезден-ақ кір жууға пайдаланған. Сол кезде оның гидрат тотығыда белгілі болған оны сілті деп атаған.
6.Тірек сызба. Қолданылуы:
Алғаш натрийді күшті тотықсыздандырғыш ретінде алюминий өндіруге пайдаланды. Сол кезде алюминий алтыннанда қымбат болды. Қазір натрийді таза алтын алуға қолданады. 
 
 
IV. Жаңа сабақты бекіту:
 
Ой толғаныс:
Диктант.
Ия, Жоқ
 
1. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви алды (ия)
2. I-ші топтың қосымша топшасында (жок)
3. Сілтілік метал (ия)
4. Тотығу дәрежесі +1 (ия)
5. Ас тұзының минералын галит деп атайды (ия)
6. Натрий қан плазмасында кездеседі (ия)
7. Натрий қатты металл (жоқ)
8. Электр тогын өткізеді (ия)
9. Ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш (ия)
10. Су бетінде жүгіреді (ия)
11. Инертті газдармен әрекеттеседі (жоқ)
12. Бейметалдармен әрекеттеседі (ия)
13. Натрий ионы жалынды сары түске бояйды (ия)
14. Натрий судан ауыр (жок)
 
Есептер шығару 
1.Натрий қатыса жүретін реакция теңдеулерін жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңыздар. (хлор, су, тұз қышқылы, оттек, сутек, азот,)
2.Натрий хлоридінің NaCl, сильвиниттің NaCl*KCl, натрий нитратының NaNO3, мирабилиттің Na2SO4*10H2O құрамындағынатрийдің массалық үлесін есептеңіздер.
V. Үйге тапсырма § 6.4 №1 – 7
VI. Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Сілтілік металл -натрий
Натрий және калий
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Хлордың табиғатта таралуы және қасиеттері
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Алюминий
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7372 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык