Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 8 саны мен цифры


8 саны мен цифры

Тақырыбы: 8 саны мен цифры

Бөлімдері: Математика
Оқу  тәрбие  міндеттері:
Білімділік: Сандар  қатарын  қайталау, 8 санын қосу  және  алу. 8 санының  құрамынмен  таныстыру.
Дамытушылық: Оқу –танымдық, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық  құзыреттіліктерін, ойлаудың  математикалық  стилін, логикалық  ойлау құрылымдарын  дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік  және  экологиялық  тәрбие  беру.
Сабақтың  түрі:Ертегі  сабақ
Сабақтың  әдіс-тәсілі: Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау, ақпаратты- коммуникативті  технологиясы.
Сабақтың  көрнекіліктері: интерактивті  тақта.
Сабақтың  барысы: 1.Психологиялық  ұйымдастыру  кезеңі. «Достар» психологиялық  жаттығуы  арқылы  көңіл-күй  орнату.Топта  отырған  оқушылар  бір  қолдарын парта ортасына  біріктіріп,  бір-біріне  іштей  жақсы  тілектер  тілейді.
Кіріспе  әңгіме:
- Балалар бүгінгі  сабақ   өзгеше  болады.Қалың  орманның  қандай  болатынын  білесіңдер ме?Сендер  өздеріңді  орманда  серуендеп  жүргендей   сезініңдер.Реолаксация  жасалынады.
(Оқушылардан  көздерін  жұмып, ормандағы  сайраған  құстардың дауысын, жапырақтардың  иісі, т.б  көздеріне  елестетеді.Көздерін  қайта  ашу сұралады.)
-Орман  ішінен  бізге  жол  көрсететін  бір  құс  кездесті. Бұл құсты  танисыңдар ма?Бұл  оқымысты  үкі.(интерактивті  тақтадан қолына  кітап  ұстаған, көзілідірік  киген  оқымысты  үкі  шығады)
-Балалар  оқымысты  үкінің  бізге арнайы  дайындаған  тапсырмалары  бар  екен.
Үкінің  1  тапсырмасы:Суретте  7 ағаш көрінеді.
(Арнайы  нота  берілген батырманы  басып, үкіні  7 рет  гуілдетеді.)
Алған білімдерінің  диогностикалық  кезеңі.
Үкінің  2-ші  тапсырмасы:
2 санының  көршілерін  ата!
5 санының  көршілерін  ата!
Аптаның  5-ші күнін  ата!
Аптаның  7-ші күнін  ата!
Аптаның  нешінші  күні  демаламыз?
Көршілеріңнің  нөмерін ата!
Мысалы: мен  6-шы  үйде  тұрамын,Балнұр 7-ші  үйде  тұрады,  ал  Ринат қай үйде  тұрады?
7 саны  неге  (зат) ұқсайды?
Жаңа  сабақ.Үкінің  3-ші  тапсырмасы: №1  есепті  шығарып  жаңа  сабақты  түсіндіру.
1-7  =8        8-1=7
6+2=8         8-2=6
5+3=8         8-3=5
4+4=8         8-4=4
Әліппе-дәптер  бойынша  есептерді  шығару.
Үкінің  4-ші  тапсырмасы. Жемістер  арқылы №2 есепті  шығару  беріледі.
Үкінің 5-ші  тапсырмасы  сендерден  орман туралы  ән есту  екен.Бізде  үкінің  тапсырмаларын  орындаймыз деп  шаршаппыз, кішкене  сергіп  алайық, балалар.
Сергіту  сәті. Мыстан  кемпір
Қалың  орман арасында,
Теріс қарап  үйшік  тұр.
Сол  үйшіктің  ортасында,
Мыстан  кемпір  билеп жүр.
Қыран құстың  ұрыны  бар,
Көзі оттай  жайнаған.
Жез  тырнағын  іске  салып,
Дудар шашын  тараған.
Қорқып  кеттік  жалмауыздан,
Жүрегіміз дүрсілдеп.
Түрін  сенің  қандай  жаман,
Ағаш  аяқ  дүрсілдеп.
Оқымысты  үкінің  6 – шы  тапсырмасы.8  санының  жазылуын  үйрету.
Үкінің 7-ші  тапсырмасы: математикалық  жұмбақтар
Үйге  кірді Алдияр,
Оған  қоса  Мадияр.
Кейін  келді  Айдана,
Қанша  болды бар  бала?(1+1+1=3)
Ағаштағы  төрт  алмұрт,
Өскен  екен  тимей құрт.
Самал  алып  екеуін,
Қалдырған екен  нешеуін?  (4-2=2)
Көлден ұшты 7  қаз,
Қайтып  қонды  2  қаз.
Қонбады  оның  нешеуі,
Қане  кім  тез  шешеді?  (7-2=5)
8.Сабақты  қорытындылау кезеңі.Үкінің  соңғы  тапсырмасы  8  санына  байланысты  есептер  құрастыру.
Үкі  шығып  оқушыларға  рахмет  айтады.
Үйге  1ден – 8ге  дейін  тура  және  кері  санауды  үйрену, сабаққа  қатысып  отырған оқушылар  бағаланады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
10 санының құрамы
0 саны және цифры
Қайталау
«4 саны мен цифры»
7 санының құрамы
10 санының құрамы
3 саны және цифры.
4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.
10 санының құрамы
7-саны және цифры
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4859 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык