Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Геометриялық пішіндер


Геометриялық пішіндер

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты:балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру,биік-аласа,үлкен-кіші ұғымдарын пысықтап өту,түстерді қайталау,балалардың ой-өрісін,дүниетанымын,тілін дамыту.
Көрнекілік құралдары: геометриялық пішіндер, «Бауырсақ»ертегісі бойынша ертегі кейіпкерлері,суреттер.
                                                         Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық.
2.Кіріспе бөлім.
- Қолдарыңа қалам алып,алдарыңдағы қағаздың бетіне ұшын тірейміз.Қаламды көтереміз.Не пайда болды?
- Нүкте.
- Енді сол нүктенің қасына тағы да нүктелер саламыз. Не пайда болды?
-Көп нүкте.
-Енді сол нүктелерді қосыңдар. Не пайда болды?
- Сызық.
- Ал енді мына жіпті партаның үстіне тастаймын.Қандай сызық пайда болды?
- Қисық сызық.
- Енді жіптің екі шетінен ұстап көремін де тартамын.Қандай сызық болды?
- Түзу сызық.
- Сонда балалар сызық екі түрлі болады.Түзу,қисық сызық.Осы жіпті алып,екі балаға ұстатып,сол түзу жіптен кесінді кесіп аламын.Алынған жіптің кесіндісі арқылы оның ұзындығының белгілі бір өлшемі бар.Бұл сызықты  кесінді  деп атаймыз.Енді маған кім осы берілген  түсініктерді тақтаға салып көрсетеді?(нүкте,сызық,түзу,қисық сызық,кесінді)
3.Жаңа сабақ
-Балалар осы кесінді арқылы қабырғалар құрастырамыз.Мысалы үш кесіндіден қандай пішін құрастыруға болады?
-Төртбұрыш.
-Мынау ненің суреті?
-Бағдаршамның суреті.
-Көше қиылыстырында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп  тұратын бағдаршам.Олардың үш көзі бар.Көздері неге ұқсас?
-Дөңгелекке.
-Әр көзінің өз сыры .Кім айтады?
-Бүгін біз балалар пішіндермен таныстық.Олар мынау-төртбұрыш.Неше қабырғасы бар?
-Төрт.
-Ал мынау –үшбұрыш.Неше қабырғасы бар?
-Ал осы үшбұрыш пен төртбұрыштың  неден тұрады?
-Кесіндіден тұрады.
-Мынау дөңгелек.Көп нүктелердің жиынтығынан құралған.Енді қалған тапсырмаларды ертегілер арқылы орындаймыз.Ендеше ертегімді бастаймын Мұқият тыңдаңыздар.
Ертеде шал мен кемпір болыпты.Бір күні шал кемпіріне:
- Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші,-дейді.
- Үйде ұн жоқ.Бауырсақты неден жасаймын.
- Қаптың түбін қырып,қалған ұннан пісір,-дейді шал.
Кемпірі қаптың түбін қағып,бір уыстай ұн жинап алады.Оған қаймақ қосып қамыр илейді.
Содан соң оны майға қуырып,піскен бауырсақты терезенің алдына суытып қояды.Сууға қойылған бауырсақ терезеден түсіп,домалай,домалай орманға қарай кетеді.
- Балалар сендердің аналарың үйлеріңде бауырсақ пісіре ме?
- Иә
- Түсі қандай?
- Сары
- Пішіні қандай?
- Дөңгелек
- Бауырсақ неге ұқсайды?
- Допқа,шарға
- Дұрыс айтасыңдар.Енді ертегіні ары қарай тыңдайық.
Бауырсақ домалап келе жатса,алдынан қоян шығады.
- Бауырсақ мен сені жеймін.
- Мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.
«Мен атамнан да қаштым
Мен әжемнен де қаштым
Енді сенен де қаштым».
- Балалар қоянның түсі қандай?
- Ақ.
- Пішіні қандай деп ойлайсың?
- Сопақша.
- Балалар  бауырсақты қояннан құтқару үшін бәріміз қоянға арнап үй салып берейік.Үйдің қабырғаларын тұрғызу үшін ,әуелі пішіндердің қайсысын  аламыз?
- Төртбұрыш.
- Үйдің төбесін жабамыз.Оған қандай геометриялық пішіндер таңдаймыз?
- Үшбұрыш.
- Қоянға үй жасап берілді.Енді алдымыздағы кітапқа назар аударамыз.  №1есепті ауызша
орындату.
Ертегімізді жалғастырайық.
Қояннан құтылған бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қасқыр шығады
- Бауырсақ мен сені жеймін.
- Мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.
«Мен атамнан да қаштым
Мен әжемнен де қаштым
Қояннан да құтылдым
Енді сенен де құтылу маған қиын емес».
- Балалар қасқырдың түсі қандай?
- Сұр,қорқынышты.
- Қасқыр қайда болады?
- Орманда.
- Орманда нелер өседі?
- Шыршалар.
- Неше шырша өсіп тұр?Санап көрейік.
- Ал,балалар мына шыршаларды мұқият қарайықшы.Қандай айырмашылықтары мен қандай ұқсастықтары бар?Қане кім байқады?Кім көрсетеді?
- Біреуі биік,біреуі аласа. 
- Ал,ұқсастықтары қандай?
- Жасыл.
- Дұрыс айтасыңдар,бәрінің түсі жасыл.Тағы қандай ұқсастықтары бар?
- Бәрі үшбұрыш.
- Дұрыс бәрінің пішіні бірдей үшбұрыш.
- Ертегіні ары қарай тыңдауға күш жинап алайық.Бойымызды жазып жіберейік.Қане,бәріміз орнымыздан тұрып, «Биік-аласа»ойынын ойнаймыз.
Биік-балалар қолдарын жоғары көтереді.
Аласа-қолдарын түсіріп,төмен басылып отырады.(осы тәсілді бірнеше қайталайды)
- Балалар енді дем алсақ кітаптағы №2 есепті орындап жіберейік.
Ертегімізді жалғастырайық.
Қасқырдан  құтылған бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қорбаңдаған аю шығады
- Бауырсақ мен сені жеймін.
- Мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.
«Мен атамнан да қаштым,
Мен әжемнен де қаштым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Енді сенен де құтылу маған қиын емес».
- Балалар аюдың түсі қандай?
- Қоңыр.
- Пішіні қандай?
- Дөңгелек.
- Неге ұқсайды?
- Допқа,шарға,күнге.
- Балалар,оң қолымызды көтеріп, ауада саусағымызбен шеңбер сызайық.Балалар бауырсақты аюдан құтқару үшін бойымызды  сергітіп алайық.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қорбаңдаған  аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Орнымызды табайық.
-Енді кітаптағы №3есепті қарап шығарып жіберейік.
- Сонымен аюдан құтылған бауырсақ домалап келе жатса... балалар осы жерде мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. «Өзі қу екен,жүрген жері айқай-шу екен»Бұл не?
-  Түлкі.
-  Дұрыс, бауырсақтың алдынан түлкі шығады.Түлкінің түсі қандай?
- Сары.
- - Бауырсақ мен сені жеймін.
- Мені жемеші мен саған өлең айтып берейін.
«Мен атамнан да қаштым,
Мен әжемнен де қаштым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да құтылдым,
Енді сенен де құтылу маған қиын емес».
- Әнің жақсы екен,бірақ мен қартайдым ғой,құлағым естімейді.Менің тұмсығыма шығып әніңді қайта айтып берші.Жақсылап тыңдап  алайын,-дейді түлкі.
Мақтанған бауырсақ ойланбастан түлкінің тұмсығына  мініп,әндете жөнеледі.Сол-ақ екен қу түлкі оны ап деп жеп алды.Қарнын сипап бір тояды.
- Бүгінгі ертегі осымен аяқталды.Балалар ертегі ұнады ма? Біз ертегі орманында қандай аңдармен кездестік.
- Қоян,қасқыр,аю,түлкі.
- Балалар қазір пішіндермен  ойын ойнап жіберейік.
Ортаға бала шығады.Бағдаршамнан қандай түс жанса сол түстегі пішіннің үстінде тұрып сол пішінге сипаттама береді.
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Біз не үйрендік?
№4 есепті үйге орындауға беремін.
- Ендеше бүгін сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға бауырсақ таратамын және бағалаймын.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сендерге рахмет айтамын


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
1-ден 10-ға дейінгі сандар.
Жабайы аңдар
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Жабайы аңдар
Ана- бақыт, ана -нұр
Бала-бақшаға 100 күн.
Мамандықтар әлемі
Бауырсаққа көмектес
Нан –дастархан байлығы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4376 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык