Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9795 |
|
|
|
Нан –дастархан байлығы
Тақырыбы: Нан –дастархан байлығы
Мақсаты: Оқушыларға нанның адам еңбегімен, маңдай терімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: Нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Халық ауыз әдебиеті арқылы оқушылардың сөздік қорын арттыру.
Жүргізуші:
Ардақты нан! Ана мінез асыл нан!
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім,
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан-дей отырып «Нан-дастархан байлығы » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-оқушы:
Желкілдеген желменен
Жерді егін тербеген.
Өсіреді диқандар,
Тамшылаған терменен.
2-оқушы:
Кең жазира теп-тегіс,
Тербеледі нұрланып.
Толқындаған көк теңіз,
Егін жатыр ырғалып.
3-оқушы:
Көзді тартып қиырдан,
Көңіліңді ашады.
Күн нұрына тойынған,
Кере қарыс масағы.
4-оқушы:
Комбайыншы ағайым,
Орады егіс жайқалған.
Атанып жүр әрдайым
Еңбек ері майталман.
5-оқушы.
Диқан бабаң епті де,
Еңбектен еш қашпады
Алдыңа кеп төкті де
Ақ нанды үйіп тастады.
6-оқушы:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан-өмірдің, ана сүті арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар?!
Хормен: Ақ нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды
Жүргізуші:
Нан-қасиетті тағам. Оның біздің дастарханға жетуі үшін қаншама адам еңбектенуі қажет. Астық өсіріп, нан алу үшін қыста егістіктерді даярлап, қар тоқтатып, ылғандандырады. Көктемде жерді жыртып, дән себеді. Жаз бойы егіншілер егінді суарып, күтеді. Күзде егін жиналып, өнім астық қоймасында кептіріледі.
Енді, балалар нан туралы сіздерге толық түсіну үшін бізге қонаққа ертегіден Бауырсақтың өзі көмек сұрауға келді.Міне, бауырсақтың да өзі келіп қалды.
Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер мені таныған шығарсыңдар деп ойлаймын.
Балалар: Ия, біз сізді таныдық, сіз Бауырсақсыз!
Бауырсақ: Дұрыс айтасыңдар. Өздеріңіз білетіндей мен апам мен атамнан қашып жүрмін. (осы кезде кенеттен қоян шығады)
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Айналайын ақ қоян, жемеші мені, қалағаныңның бәрін де орындаймын. Мына отырған балалар маған көмектеседі.
Қоян: Жәрайды, онда сен маған бидайға ұқсас егіндік дақылдарын атап берші!
Бауырсақ: Балалар маған көмектесіңдершіІ Кім біледі айтыңдаршы, әйтпесе қоян мені жеп қояды.
Балалар: Жарайды, бауырсақ біз саған көмектесеміз.
Бидай:
Нан-атасы-бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып, піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбек етіп, баптаған,
Еліме сый сыйлаймын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын, ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім
Нанды қастерлеңдер. Жолда нанның қоқымын көрсеңдер теріп алып, ит, мысыққа беріңдер. Нанды үнемдеп, керекті бөлігін ғана үзіңдер.
Хормен:
Ақ нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.
Қоян: Балалар, сендер өлеңді жақсы біледі екенсіңдер, оларыңа рахмет. Мен енді бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Алақай, алақай, мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым, мен қояннан қаштым. Алақай! Алақай!
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, сен сондай тәттісің, алыстан иісіңді сезіп қойдым, қашып құтыла алмайсың.
Бауырсақ: Жемеші мені, айтқаныңның бәрін орындаймын.
Қасқыр: Орындайсың ба?
Бауырсақ: Жарайды. Сен маған нанның қайдан шығатынын айтып берші. Сонда ғана мен сені жемеймін.
Көрініс: «Тышқан мен мысық»
Қасқыр: Ал, балалар, мен бауырсақты жемеймін, қорықпаңдар. Қойған сұрағымның дұрыс жауабын таптыңдар. Мен кеттім.
Бауырсақ: Алақай, алақай, мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым, мен қояннан қаштым, мен қасқырдан қаштым. Алақай! Алақай!
Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жейінші.
Бауырсақ: Жоқ, аю, аю жемеші, мен тәтті емеспін
Аю: (Иіскеп) О, қандай тәттісің!
Бауырсақ: Жемеші, айтқаныңның бәрін де орындаймын, отырған балаларда маған көмектеседі.
Аю: Жарайды, ендеше сен маған нан туралы, нанның қасиеті туралы көріністер көрсетіп берші.
Бауырсақ: Ия, балалар, маған көмектесесіңдер ғой!
Балалар: Ия, сені аюға жегізбейміз, саған көмектесеміз.
І көрініс
Балалар далада ойнап жүр. Үйінен қолында наны бар Берік шықты. Ол нанын жеп тауыспай, лақтыра салып, балалармен ойнауға жүгіріп кетті. Оны көріп қалған Гүлсім:
- Берік, нанды лақтыруға болмайды!-деді.
- Бідің үйде нан көп, қаласам басқасын жеймін,-деді Берік.
- Сен олай деме, нанның қалай дастарханға келетінін білесің бе?-деп сөзге аралысты Әділжан, Білмесең тыңда.
Көрініс: Қасқыр мен егінші
- Нан болмаса, бағыңның кетері бар,
Нанмен ғана өмірдің өтері бар.
Жолда жатса егер де бір үзім нан,
Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал.
- Елді ырысқа бөлеген,
Ән-өмірің, ән-өлең.
Ержеткен соң жер жыртып,
Егін салып, дән егем.
Берік: - Кешіріңдер, бұдан былай мұндай қылықтарды жасамаймын. Мен нанның осындай ауыр еңбекпен келетінін білмеппін. Енді білетін боламын.
Бауырсақ: Аю аға, мұғалім мен балар шаршады ғой деймін, кішкене демалса қалай болады. Сен де демал. Мен сіздерге ән салып берейін.
Ән: «Қазақы дастархан»
Аю: Ой, бауырсақ, көмекшілерің сондай ақылды. Өзіңнің де дауысың керемет екен, әнді жақсы айтады екенсің. Жарайсың. Менің тапсырмамды орындадың. Мен сені жемеймін бара бер.
Бауырсақ: Алақай, алақай, мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым, мен қояннан қаштым, мен қасқырдан қаштым, мен аюдан қаштым Алақай! Алақай!
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін және мына отырған балар мен мұғалімді жейін деп келдім.
Бауырсақ: Жемеші, біз дәмді емеспіз, айтқаныңның бәрінде орындаймыз, тек бізді жемеші.
Түлкі: Жарайды, онда сендер маған нанға байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші!
Бауырсақ: Балалар, маған көмектесіңдерші, енді мен атам мен апамнан қашпайтын боламын.
Балалар: Жарайды, көмектесеміз
Көрініс: «Нан қиқымын шашпаңдар»
Түскі астан соң Маржан ұстел үстіндегі нанның қиқымы мен қалдығын сыпырып алып, қоқысқа тастамақшы болады.
Құрбысы: Маржан, сен не істегелі жатырсың? Нанның дастарханға қандай еңбекпен келетінін әлі түсінген жоқсыңба? Ендеше сыныптас достарымыздан не айтады екен, тыңдайық.
1-оқушы:
Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасымнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер қасыңнан.
2-оқушы:
Нан ардақты, адал ас,
Аттамас оны кәрі жас,
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оған жуымас.
3-оқушы:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
4-оқушы:
Дастархан басынан
Үзілмес асыл дәм.
Ақ тоқаш ақ қалам,
Адамның асы-нан.
5-оқушы:
Ұқ мұны, сен бөбек,
Нан деген дәм бөлек
Жерге оның түйірін
Түсірмей жеу керек.
6-оқушы:
Нан болса, ойнап-күлеміз,
Нан барда еркін жүреміз.
Тіршілік көзі нан ғана
Нан қадірін білеміз.
Маржан өз қатесін мойындай отырып былай деді:
Ас біткен ардақтысы-нан,
Нан көрінер әр астың арасынан.
Қоқымын да түсірмей, наның енді,
Артық көрем көзімнің қарасынан.
Мақал-мәтелдер
Нан-тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы.
Тістем наның қадірін,
Тарыққанда білерсің.
Қоныс көркі+там,
Дастархан көркі-нан.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жәні тәтті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді.
Дастарханның наны жоқтың-тамағының сәні жоқ.
Қамбасында дәні жоқтың.
Дастарханында наны жоқ.
Тістем наның қадірін,
Тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін,
Зарыққанда білерсің.
Қарны ашқанда,
Қара нан да май татыр,
Шөлдегенде,
Қара су да бал татыр.
Түлкі: Жарайсыңдар, бәрінде жақсы біледі екенсіңдер. Қорықпаңдар, мен бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Алақай, алақай, мен атамнан қаштым, мен апамнан қаштым, мен қояннан қаштым, мен қасқырдан қаштым, мен аюдан қаштым , мен түлкіден де қаштым. Алақай! Алақай!
- Балалар сендерге көп рахмет! Маған көмектестіңдер! Енді сендер нанның қадірін түсінді деп ойлаймын. Енді мен атам мен апама барайын. Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: Орасан еңбекпен дастарханға келген ақ нанды халқымыз қасиетті тағам дейді. Жер-анамыздың бізге сыйлаған қазынасын ұқыпты да, ысырапсыз пайдаланайық. Қасиетті нанды қадірлеп, қастерлейік.
Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң, жерді бұлт торлайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де, оның да
Мерейі үстем ғып тұрған,
Ол-НАН!
Ендеше , бүгіні «Нан-дастархан байлығы» атты кешімізді аяқтаймыз. Назар салып тыңдағандарыңыз көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |