Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 2871 |
|
|
|
М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
Cабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: Білімділік
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, Мұқағалидің өміріне,
поэзиясына талдау жасай отырып, өлеңінің идеясын,
мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі,
эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау,
ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын
шығармашылығы арқылы үйрету.
Тәрбиелік мәні Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу,
елін, жерін сүюге, әнді, өлеңді қадірлеуге, таби,атқа деген
мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Талдау, сұрақ-жауап, салыстыру.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, бейнелеу.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
оқушы назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық
3. Үй тапсырмасы
Ақын өмірі, өлеңдері туралы оқу, ақын күнделігінен үзінді жаттау.
4. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
1. Мұқағалидің туған күні, жылы
2. Мұқағалидің әкесінің аты
3. Ақын қай жылы, қай мектепті бітірді?
4. Ақынның әжесі кім?
5. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды?
6. Ақынның шын аты кім?
7. Ақынның анасының есімі
8. Атақты Шәмшімен бірлесіп жазған ән
9. Ақынның жары
10. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы
Жаңа сабақтың мазмұны
5. Мағынаны таны.
1-топ. «Елім барда» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқыту.
Өлең не жайында жазылған?
Ақын Отанына деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?
Тақтаға өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу.
Өлеңді құрылысына қарай талда.
Авторы – М. Мақатаев қазақтың лирик ақыны, қазақ поэзиясының
мұзбалағы.
Тақырыбы – Отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімі
Шумақ – төрт шумақты өлең
Тармақ – әр шумақ төрт тармақтан тұрады (Тармақ – өлеңнің әр жолы)
Бунақ – Не сыйлады, не береді келер күн?!
Не де болса тірі тұрсам көрермін.
(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)
Буын – Желідегі құлынымын мен елдің – 11 буынды
Көгендегі қозысымын мен елдің – 11 буынды
(Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Ұйқас – Не сыйласын, несін берсін ел маған?! а
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. а
Таулар – менің таусылмайтын бақытым, б
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам. а
(Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз астарының үндестігі, өзара ұқсас,
дыбыстас естілуі. Қара өлең ұйқасы)
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – автор өз елі барда, жері барда алтынның керегі жоқ екенін, туған елі бақытты болса өзі де бақытты екенін айта келіп, Халықты Отанын, жерін, елін сүюге шақырады.
2-топ. «Анау-аспан, мынау-бақ» М.Мақатаев
А.Құнанбаев «Қыс»өлеңі
Ортақ қасиеті
6. Сергіту сәті.
1. Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)
2. Өзіңді қайдан көре аласың? (айна)
3. Кепкен жүзім қалай аталады? (мейіз)
4. Күздің бірінші айы (қыркүйек)
5. Мектептегі ең жақсы баға (бес)
6. Аяздың әсерінен қатқан су (мұз)
7. Өзіңнен кіші қыз бала (сіңілі, қарындас)
8. Шөптің түсі жасыл, ал теңіздің ше? (көк)
9. Шаш қырқатын орынды қалай атайды? (шаштараз)
10. Қыста болатын ызғарлы суық (аяз)
11. Кеше аптаның қай күні болды? (сәрсенбі)
12. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы (сын есім)
13. Нан пісіретін орынды қалай атайды? (наубайхана)
14. Жылдан құр қалған жануар (түйе)
15. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алт.)
7. Ақынның өз дауысынан өлең тыңдату.
8. «Кім жылдам?» ойыны. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
1. Туған жердей жер болмас, ...
2. Отанды сүю...
3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ...
4. Ерді намыс өлтіреді, ...
5. Бірлік болмай, ...
6. Дос жылатып айтады, ...
7. Жеті жұрттың тілін біл, ...
8. Жақсының ашуы – шайы орамал кепкенше, ...
9. Қына тасқа бітеді, ...
10. Білекті бірді жығар, ...
9.«Ойлан, тап!» ойыны. Ақын өлеңдерінен үзінді беріледі. Сол өлеңнің тақырыбын атау керек.
1. Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз ,
Қасиетіңнен суыңның! (Қарасаз)
2. Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. (Автограф)
3. Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай. (Арыз жазып кетейін)
4. Керегі жоқ,
Керегі жоқ,
Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ,
Керегі жоқ дәрінің! (Дәрігеріме)
5. Ол өмірге келгенде көктем еді,
Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді.
Саялатып сал самал өпкен еді,
Сол өмірге несіне өкпеледі?! (Майгүлге)
6. Бүгін де, кеше де өткенде,
Іздесең, қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе… (Лашынға)
7. Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз (Фаризаға)
8. Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. (Үш бақытым)
Сабақты бекітуге арналған сөзжұмбақ.
Үйге тапсырма: Ақын өлеңдерін жаттау.
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |