Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ поэзиясының Хантәңірі


Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ поэзиясының Хантәңірі».

Тәрбие сағатының  мақсаты:
А)білімділік мақсаты:қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру
Ә)дамытушылық мақсаты:оқушылардың ой-өрістерін,танымдық қызығушылықтарын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,ақын өлеңдерін түсіне білуге,жан жүрегімен сезінуге,мәнерлеп оқуға жаттықтыру
Б)тәрбиелік мақсаты:отанға,туған жерге,дос-жолдас,бауырға деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:ақын туралы деректер,суреттер,слайдтар,ақын өлеңдері,шығармалары.
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты,қатысушылармен таныстыру.
ІІ.Кіріспе бөлім.
Мұғалім:Әрбір әрпі қанға тамған тарихына қараңдар,
Отырардай апат болған қала жоқ па,жараңдар?
Тату-тәтті бармысыңдар,
Армысыңдар,Адамдар!-дегендей,Мұқағали Мақатаев ағамыздың сәлемдесу салтымен амандасайық.
Қош келіпсіздер өлең сүйер,өнер сүйер қауым.
Тәлімгер:Пай-пай шіркін,
Неткен жыр,неткен ақын,
Қыр самалын,
Күн нұрын төккен ақын,
Өз атына өртеніп кеткен ақын,-деп ақын Абзал Бөкенов айтқандай,бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ поэзиясында сирек кездесетін сөз сазгері,лирик ақын Мұқағали Мақатаевқа арнамақшымыз.
Мұғалім:ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақынның жыл сайын 9 ақпанда туған күнін еске түсіріп,Мұқағали әндері,Мұқағали оқулары республикалық,облыстық,аудандық,мектепішілік көлемде өткізіліп тұрады.Мұқағали Мақатаев көптеген отты өлеңдердің,жүйрік поэзияның,небір әсем әндердің авторы.
Мұғалім:Мәне,ертең аяулы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туғанына 82 жыл толмақшы.
1931.Келді өмірге жас тұлға,
Қарасаздың төсінде,Хантәңірі астында.
Қара шалғын Қарасаз-мәпелеген бесігі,
Сонда алғаш ұлы ақын,ашты өмір есігін.
Келесі кезекке 2-сынып оқушыларын ақынның әр жылдардағы өміріне хронологиялық шолу жасауға ортаға шақырамыз.
Слайд:Хронологиялық кесте.
Мұғалім:Сырым да осы,
Жырым да осы-алдыңда
Байқашы бір,бықсыдым ба,жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты.
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
Өмір жайлы,өзің жайлы,ел жайлы,
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның,
Өлген күні болған емес,болмайды.
Мұқағали поэзиясы
Нұрсерік:«Менің анкетам».
Мұғалім:
Күйбең,азаппен өткен өлі күндерді қойшы,
Жырсыз өткен күндер,мен үшін өлі күндер,-деп поэзияны өзінің егізі санаған ақын барлық тақырыптарға қалам тартқан.
Ән:»Сәби болғым келеді»
Мұғалім:Мұқағалидың азан шақырып қойған аты-Мұхамедқали.Әкем соғыста қаза борлды.Мен бұл есімнің қадір-қасиетін білемін бе деген ой келді.Өйткені,ол есім ьүкіл адамзатты табындырған Мұхаммед Пайғамбардың есімі.Соны өзімше өзгертіп,Мұқасы мен Ғалиын ғана алып Мұқағали деп өзгертіп алдым.Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.Мұқағали жырлары мектеп оқулықтарында да кеңінен орын алған.
Қалматай:«Отан туралы»
 Мұғалім:Мұқағали поэзиясының қайнар көзі,шабыт тұғыры-туған жері,Отан тағдыры.
Нұржанат:Мұқағали Мақатаев-өз поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын.Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып,үйлесіп тұрады.Сондай өлеңдерінің бірі»Қарасаз».
Аяулым:»Қарасаз»
Мұғалім:Ақын жаны нәзік болады,әдемілікті,сұлулықты көре білген және сүйе білген.
Інжу:«Туған жерге».
Мұғалім:Қазақта «Әке-асқар тау,ана-ағып жатқан бұлақ,бала-жағасындағы құрақ»деген сөз бар.Мұқағали 10 жасқа толғанда әкесі соғысқа аттанды.Анасын жәнебауырларын 10 жасар Мұқағалиға аманат етіп тапсырды.Осы соғыстан оралмаған еді.Ақынның ана мен әкеге арнап жазылған өлеңдері жүректі шымырлатып,сағыныш сезіміне баурайды.
Мансур: »Әкеме»
Жібек:«Шеше,сен бақыттысың».
Ән:»Бақыт деген».
Мұғалім:Мұқағалидың Жұлдыз,Айбар есімді екі ұлы,Ләззат,Майгүл,Алмагүл,Шолпан деген төрт қызы болды.Жарының есімі-Лашын.
Ләззат 9 жасында,Майгүл 10 жастан асқанда қайтыс болды.Лашын жары да бұл күнде дүниеден өткен.Ақын қаламынан «Майгүліме»,»Лашынға»,»Қызыма»,атты өлеңдер туды.
Айнара:»Майгүліме»
Аружан:»Лашынға»
Мұғалім:Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне қаншама сазгерлеріміз ән жазды.Ақын өлеңдеріне жазылған әннің бірі Жібектің орындауындағы аяулы аналарға арналған «Құттықтаймын,мама туған күніңмен»әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Құттықтаймын,мама туған күніңмен».
Ән:Саржайлау.
Слайд:Ақын туралы ойлар.
Қорытындылау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Жырлайды жүрек
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Жырлайды жүрек
Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері
М. Мақатаев Фантазия
Мұқағали Мақатаевқа
Жырлайды жүрек
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4438 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык