Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Математика әлеміне саяхат»


«Математика әлеміне саяхат»

«Математика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

    Математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

-         Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

-         Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

 (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

 (М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика әлеміне саяхат» ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ойынды жүгізушілер: 11 сынып оқушылары Асылхан Мерей және Буканай Нұрайым.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

 Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

  Сіз оқытқан окушылардың,

      Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

  Арасында ойын ойнап жарысамыз.

    Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

 Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

 Нақты  білім, терең ой сыналады.

  Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

1-жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

 Ойынға бірге қатысуға,

 Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға 6-7 сынып оқушыларын шақырамыз.

Мұғалім: Оқушыларды топтарға бөлеміз, кеспе қағаздар арқылы. Мына кесілген қағаздарды біріктірсе, ереже шығады.

Топтар өздеріне ат қойып, ұранын дайындайды.

2-жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады топтарымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ өздерін таныстыруға жұрт алдына. 

І топ:

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:   Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

 Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ топ:

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:  Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

 Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

1-жүргізуші:

 

І кезең«Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал»  Бұл кезеңде ойыншыларымызға әзіл есептер оқылады. Мұқият тыңдап, ойланып жауап берулеріңіз керек. Кім бірінші қол көтерсе, сол ойыншы жауабын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі ойыншыға жауап беруге болады. Әрбір дұрыс жауап үшін 15 ұпай.

  1. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
  2. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
  3. КішкентайЕсеттімысықтырнапалғанда,ол 5 мин бақырып жылады,ал ара шағыпалғандаол 3 минұзақбақырып жылады,өзініңанасыұстапалыпсабынменжуындырғанда, Есет ара шағыпалғандағыданекіесекөпуақытбақырып жылады. Анасы  Есетті 11 мин жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін де  қанша уақыт бақырып жылады? (5мин)
  4. Ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың  жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді?
  5. Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде?  (Себебі шал бес жүз теңгені алса, онда еш қызық болмайды, келесіде оған 500 бен 50 теңгенің екеуінен таңдау жасатпайтын болады. Ол әр таңдау жасатқан сайын 50 теңгені алып тұра алады. жұртқа қызық керек, ақымақ шалдың қалай 50 теңгені таңдайтынын тағы бір мәрте көргісі келетін «ақылды» туристер әрқашанда табылар.)
  6. Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?( Сендер мені арыстандармен бірге торға қамайсыңдар дейді)

2- жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Оны сен білмесең,

Өте алмайсың көпірден – дей келесі кезең.

IІ. Математикалық ребус. (бағалау – 10 ұпай)

І топ

1. Әрбір  әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны

 1) АВ х  А =  CCC

Жауабы:   37х3=111

  1. ,

Т  100 У   (түзу)

ІІ топ

       С  2  З          (сегіз)  

  2) МННН- ККК = М

Жауабы : 1000-999 =1

1-жүргізуші:

Көрермендермен логикалық есеп шығару:

1)    Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? жұп сандар

2)    Заттардысанауүшінқолданылатынсандарқалайаталады?Натурал сандар

3)    Алмұрталмаданауыр, ал алмаөріктенауыр.Алмұртауырма, әлдеөрікауырма?Алмұрт

4)    7 ағалы-інілердіңбір-бірденқарындастарыбар.Отбасындабарлығынеше бала бар? 8 бала

2-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

1- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сіздерге, қадірлі ағайын.

ІІІ кезең. «Бәйге»  (бағалану  – 10 балл)

І топ

ІІ топ

2-жүргізуші:

ІV кезең. «Танграмм»  ойыны. (бағалау - 10 ұпай)

әр топқа геометриялық  фигуралар беріледі, барлық фигуралардан 1 жануар келтіру

Көрермендермен сайыс өткізу. «Қас-қағым сәт» сайысы (тез тұрып жауап  сұраққа жауап беру)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

6. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

7. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

9. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)  

10.Жарты алманың жартысы  неге тең? ¼

1-    жүргізуші:

Сандардың сырына біз үңілеміз,

Үйренбеген достардан түңілеміз.

Қасиетті сандарға байланысты,

Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.

V-кезең.«Сандар сыры». (бағалау  – 10 балл)

Тақтада көрсетілген 3,5,7 сандарына байланысты не білеміз?

 

 

 

балл

Үш саны

3 қуат

Ақыл,жүрек, тіл

 

 

3 бәйтерек

С.Сейфуллин, Б. Майлин, І Жансүгіров

 

 

3 байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық,

 

 

3 арсыз

Ұйқы, күлкі, тамақ

 

 

3 тәтті

Жан, мал, жар

 

 

3 тоқтам

Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық

 

 

3 ғайып

Ажал, қонақ, несібе

 

 

3 көз

Су анасы-бұлақ,Жол анасы-тұяқ,Сөз анасы-құлақ

 

 

3 жұрт

Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты

 

5 саны

5 асыл

Талап, еңбек, терең ой,  қанағат,  рақым

 

 

5 парыз

Қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр,   садақа (зекет)

 

 

5 дұшпан

Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ

 

7 саны

7 ата

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

 

 

7 күн

Бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына

 

 

7 қазына

Ержігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, таз, қыранбүркіт, мылтық

 

 

7 жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба(індет), өрт, соғыс, сел(тасқын), жерсілкіну

 

 

7 қаткөк

Ай күн, есекқырған(меркурий), шолпан, қызылжұлдыз(марс), мүштәрі(сатурн), сатурн

 

 

7 қатжер

Тұңғиық, жылан, су, қосбалық, қара тас, көкөгіз, жер

 

 

7 амал

Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанның кіруі

 

2-жүргізуші:

Көрермендермен сайыс өткізу. «Ойымды жалғастыр» сайысы.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

1-жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - дей келесі .

VI-кезең:«Сыр сандық құпиясы» (логикалық тапсырма) (бағалау – 10 балл)

Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады.

4 тең қабырғалы шаршылар орналасқан. 3 шырпының орын ауыстыру арқылы тең 3 шаршы құрастыр.

І топ

ІІ топ

6 тең қабырғасы  үшбұрыштан, 4 шыршының орын ауыстыру арқылы 3 үшбұрыш құрастыр.

2-жүргізуші:

VII. «Қазақша күрес» сайысы топ басшылары қатысады.  (бағалау – 10 ұпай) әр топ басшыларының арқасына бір сөз жасырылады, бір-бірінен жасырылған сөзін табу

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

  Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

 Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерге қайталау есептер шығару
«Ғажайып математика»
Білімді мыңды жығар
Көңілді достар
Математика ойын әлемінде
Математика әлеміне саяхат
Менің жұлдызды сәтім ойыны
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Сандар сырының құпиясы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5051 | Қосты: Сулейменкулова Сабира Куанышбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык