Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сандар сырының құпиясы


Сандар сырының құпиясы
Сабақтың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін,білік дағдыларын кеңейту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,зейінін ,логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға,жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға,еңбекке баулуға,жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Компютер,слайдтар,газеттері
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Сабақтың  барысы:   I.   Топтар өзін таныстыру.
 II.   Мақалдың жалғасын тап.
  III. Қасиетті сандар ұғымы туралы.
 IV.  Жұмбақ есеп.
V.   Ойлан тап.
 VI.  Кім жылдам.
 VII. Қорытынды.
  I. 1-топ сәлемдесуі, әннің әуенімен математикалық ән айту.
    2- топ сәлемдесуі, әннің әуенімен математикалық ән айту.
 II.1-топ жеті мақалдың жалғасын табу.
    2-топ жеті мақалдың жалғасын табу.
 III. 1-топ   Үш қуат, бес асыл, жеті күн.
       2-топ    Үш ғайып,  бес дұшпан,  жеті қазына.
 VI. 1-топ, 2-топ      Өлеңмен берілген жұмбақ есеп. 
 V. 1-топ,  2-топ   Бір-бірденлогикалық есеп .
 VI.1-топ,  2- топ     Сегіз сұраққа  бір минутта жауап беру.
VII.Қорытындылау. Сайысқа қатысқан оқушыларды  марапаттау.
 
 
 
   Шақырамыз келіңдер жарысуға,
 Күш өнер білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Кәнеки, кім шығады сайысуға деп ортамызға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Екі  топ келгесін әділ қазылар алқасын сайлау.
Сайыстың жоспарымен  таныстыру.   
I-бөлім
1-топ сәлемдесуі: Шаршы алаңға жарысқа,
                                Шықты біздің тобымыз
                                Жеңілсекте  жеңсекте,
                                Ашық болсын жолымыз! 
Әні:   Мектепке келдім ұстазды көрдім,
          Жазу,сызумен санауды үйрендім.
          Сан мен өрнек,теңдеу мен бөлшек,
          Сырына оның үңіліп көрсек.
               Математика-бар ілім басы,
              Математика- ғылым патшасы.                          
               Математика-өмір тірегі,
               Математика-шәкірт жүрегі. 
        Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
        Сенсіз үйлерді сала  алмаймыз!
        Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
        Сенсіз тарихты жаза  алмаймыз, 
          2-топсәлемдесуі:  Сәлем саған көрермен,
                                           Сәлем саған көп қауым
                                           Сәлем  саған қарсы жақ,
                                           Сәлем  саған
      Әні:     Өзге емес өзім айтам өз жайымды 
                  Жүрегім жалын атқан сөз дайында 
                  Сайысқа түскенменен жоқ таласым
                  Қорықпа болады деп бақталасым
                          Өмірде сан тараулы болу керек
                          Шамалап былай көзбен шолу керек
                         Екінші орын сіздер иемденіп,
                         Біздерге бірінші орын беру керек.
II-бөлім                    Мақалдың жалғасын тап     
 1-топқа   Бір күндік жолға шықсаң ,(үш күндік азықал)
                Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
               Жерді екі рет жыртқан,(өнімді екі есе көп алады)
              Досыңды үш күн сынама,(үш жыл сына)
              Бес саусақ (бірдей емес)
             Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады)
             Болар бала он бесінде баспын дейді,(болмас бала 30-да жаспын дейді)
 2-топқа  Алты жыл аш болсаңда, (атаңның салтын ұмытпа)
               Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)
               Дос егіз болса ,(дұшпан сегіз)
               Он рет айтқаннан, (бір рет көрсеткен артық)
               Он бала бір әкеге жүк болмайды, (бір әке он балаға жүк болады)
                 Жалғыз ағаш орман емес , (жалғыз кірпіш қорған емес)
                 Отыз тістен шыққан сөз, (30рулы елге тарайды)
III-бөлім. Қасиетті сандарға байланысты дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.
1-топқа:      Үш  қуат (ақыл ,жүрек, тіл)
                       Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 
                      Жеті ата (әке,бала, немере,шөбере, шөпшек, немене,туажат)
2-топқа:        Үш ғайып (ажал, қонақ, несібе)
                        Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)
                        Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ілімбілім, жүйрік ат, тазы,
                                  қыран бүркіт, берен мылтық)
IV-бөлім       Жұмбақ есеп
1-топ         Он бір түйе,бес жылқы
                       Екі сиыр бес ешкі
                      Екі қоян үш түлкі
                      Таба алмасаң бос күлкі (28)
2-топ           Бес бұтақты ағашта
                     Бұқтақ сайын бес алма
                     Біреуін бер алашқа
                     Қалады сонда қанша алма? (24)
V-бөлім     Сансыз есеп болмайды
                   Есепсіз дана болмайды
                   Қызық есеп айтайын
                   Сынап сені байқайын
                  Жауап берші бөгелмей
                  Шешуін кім шешеді?
  Логикалық есеп:   1-топ  Он –оннан асығы бар үш бала асық ойнады.
      Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: -Қанша асық ұттың?-дейді
      Ол:   -Онша ұтқыза қоймаппын,сегіз асығым қалыпты,-дейді.
     -Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді
       үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
      Ең көп асық ұтылған мен болдым,-дейді мұңайып бірінші бала.
     Ойыннан соң кімде неше асық қалды?.(4;8;18)
 2-топ.    Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған.
             Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген.Ал баласы 12
             сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?. (28)
VI-бөлім.     Кім жылдам?        сұрақ-жауап.
  1-топ        1.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?(бұрыс)
2. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?(әрпі бар өрнек)
3. Бір км- де қанша  м  бар?(1000м)
4. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)
5. Бес санына кері сан?(1/5)
6. Нолден кіші сандар?(теріс сандар)
7. Ең кіші жай сан?(екі)
8. Кесіндіні өлшейтін құрал?(сызғыш)
      2-топ     1. Көбейтіндісі бірге тең болатын сан?(өз ара жай сан)
2. Санның 100-ден бір бөлігі?(процент)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлшек?(дұрыс бөлшек)
4. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш?(шаршы)
5. Бірлік кесіндісі  берілген сәуле?(координаталық сәуле)
6. Нолден үлкен сандар?(оң сандар)
7. Екі қатынастың теңдігі?(пропорция)
8.Алты санына кері сан?(1/6)
VII.Қорытынды:
  Әділ қазылар алқасының қорытындысы шыққанша санамақ ойынын
 ойнау.
 Осыменен, «Сандар сырының құпиясы »атты сайысымыз аяқталды.
 Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Қызықты математика
Математикалық дәмхана
«Математика әлеміне саяхат»
Математика ханшасы сайысы
7 саны мен цифры
Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы
ХХІ ғасыр көшбасшы. Ашық сабақ
ХХІ ғасыр көшбасшы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4250 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык