Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындау


Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындау

Математика пәнінен ұлттық біріңғай тестке дайындау

Таңдау курсы:Ұлттық біріңғай тестке дайындау

Сағат саны: 68

Түсініктеме.

       Қоғамдық жүйедегі өзгерістер талабына сай,мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылуда. Курста практикалық бағыттағы материалмен қосымшалары маңызды орын алады.

Стандартқа сай оқулықтарымызда күрделі есептер аз беріледі.Сондықтан ҰБТ-ның  сапасы жақсы болу үшін қосымша жұмыстар жүргізуге  тура келеді.ҰБТ кітапшасында қиындығы жоғары есептер баршылық.Сондықтан оқулықтағы В және С тобының есептеріне ерекше назар аудара отырып,оқып жатқан тақырыпқа сай  мысалдарды  қосымша әдебиеттен алған жөн.Кәсіптік курстың міндеттерін жүзеге асыру үшін лекция,есеп шығару практикумы,семинарлар түрінде оқыту түрлерін пайдалану ұсынылады. Сыныптағы сабақта да,оқушының өздік жұмысында да оқытудыңнегізі оқушының зерттеу жұмыстары болуы тиіс.Жүйелі түрде қайталау  жұмыстарын жүргізген дұрыс.

Курстың мақсаты

         Оқушының өз бетінше есеп шығаруда әр түрлі әдістері және есеп шешу тәсілдерінің базалық  математика ұғымдары туралы білімдерін тереңдету,өздігінен және топта зерттеу жұмыстарын жүргізе білу компетенцияларын қалыптастыру. ҰБТ-дан жоғары балл жинауда оқушылардың санасын ояту.Оқушылар арасында тек алға ұмтылу бәсекелестігін тудыруға бағыт беру.

Курс міндеттері:

  • Оқушылардың ҰБТ-ға деген жауапкершілігін арттыру.
  • Күрделі есептерді шешу жолдарын үйрету
  • Нақты жауабын дұрыс таңдай білуге үйрету
  • Теориялық білімдерін тарау бойынша жүйелі қайталау
  • Білім сапасының артуына ықпал жасау.
  • Саналы ойлау қабілиетін қалыптастыру,математика жағынан ой-өрісін дамыту.
  • Есептер шешуде өздігінен жұмыс жасай алатын және оны ұйымдастыра алатын жеке тұлға тәрбиелеу
  • Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту
  • Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
  • Оқушының математикалық білімін көтеру.

Оқушыларда курсты оқу нәтижесінде қалыптасуы

  • Математикалық зерттеу әдістері,әлем тануда математиканың ролі туралы түсінектері
  • Есептеудің тәсілдері мен негізгі алгоритмі туралы білімдері
  • Білу керек:
  1. Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді
  2. Нәтижені сараптауды,ой қорытындылауды
  3. Өз қызметінің нәтижесін көре білуді,пікірталасқа қатысуды
  4. Есептеудің тиімді тәсілдерін таңдауды.

Қойылатын талаптар

Курс оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім,білік және тәсілдерді меңгереді

  • Математика ны қоршаған айналаны тану әдісі ретінде қабылдау ұғымы қалыптасады
  • Математикалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
  • Дәстүрлі емес есептерді шешу тәсілдерін меңгереді.
  • Дәстүрлі емес есептерді әртүрлі әдіс тәсілдермен шешуді үйренеді.
  • Өз ісінің нәтижесін көре білуге үйренеді
  • Іске өздік сараптама жасай білуге,нәтижесін бағалауды үйренеді.

Бағдарламаның бөлімдері:

  1. Арифметикалық өрнектер оларға амалдар қолдану-14 сағат
  2. Функция және оның қасиеттері, графигі-2 сағат
  3. Прогрессиялар-4сағат
  4. Тригонометриялық функциялар және өрнектер-2сағат
  5. Теңдеулер және олардың жүйелері (көрсеткіштік,логарифмдік, иррационалдық, тригонометриялық, модулі бар теңдеулер )-6сағат
  6. Теңсіздіктер және олардың жүйелері(көрсеткіштік,логарифмдік, иррационалдық, тригонометриялық, модулі бар теңсіздіктер)-6сағат
  7. Мәтін есептер-5сағат
  8. Туынды және оның қолданылуы-6сағат
  9. Алғашқы функция және оның қолданылуы.Анықталған интеграл.-5сағат
  10. Планиметрия бойынша есептерді шешудің әдіс-тәсілдері-6сағат
  11. Стереометрия бойынша есептерді шешудің әдіс-тәсілдері-6сағат
  12. Векторлар және жазықтықтағы координаталар әдісі-6сағат

 

Күтілетін нәтижелер:

  • Қиындық көрген тақырыптардың сараптамасын жасай алады
  • Формулаларды дұрыс қолдана білуді үйренеді
  • Формулалар жинағын шағын кітапшаға айналдыра алады
  • Есептерді алгоритм бойынша шеше алады.

Қолданылан әдебиеттер:

  1. И.П.Рустюмова,С.Т.Рустюмова    «Пособие для подготовки к единному национальному тестированию по математике»,Алматы 2007
  2. «Факультативный курс по математике.Решение задач 11 класс». Шарыгин И.Ф.М. «Просвещение»,1991г
  3. Ципкин,Пинский «Справояник перешению задач по математике»
  4. Математикадан тест тапсырмалары.2011-2013жж
  5. Егоркина Надежда Викторовна 2014ж «Талапкерге»1-2 Бөлім

 

Тексерілді                                                                                                             Бекітемін  

Оқу ісі жөніндегі орынбасар                                                                   Мектеп директоры

Р.Авакриев                                                                                                 М.Айсарова   

И.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі

ҰБТ-ға дайындық бойынша жоспар. 11-сынып (68-сағат)

 

Жүктеу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
Математикалық логика негіздері
5-сынып «Математикалық логика» қолданбалы курс бағдарламасы
Тізбек шегінің анықтамасы.Шектерге амалдар қолдану.Элементар және жоғары дәрежелік көрсеткіштік функциялар.Анықталған және анықталмаған инте
Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу
Қызықты математика
Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия қолданбалы курсы
"Функциялар және графиктер" қолданбалы курсының авторлық бағдарламасы
Тригонометриялық өрнектер және оларды түрлендіруге есептер шығару
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3544 | Қосты: Акбарова Т. Бакиева П | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык