Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты математика


Қызықты математика

Қызықты математика

Түсінік хат
Үйірме жұмысының мақсаты:оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту.
 
Үйірмежұмысыныңміндеттері:
 
• Математикалық білімге қызығушылығын арттыру
• Ой-өрісін кеңейту
• Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
• Тапқырлыққа  тәрбиелеу ;
• Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
 
                     Үйірме 34 оқусағатынаесептелген.
 
Математикалық үйірменің жұмыс жоспарын құру төмендегідей принциптерге негізделген:
 
• Оқу материалын тереңдету.
• Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру
• Математика тарихынан мағлұматтар беру
• Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу
 
Күтілетін нәтиже:
 
• Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.
• Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.
• Логикалық есептерді шеше білу.
• Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.
• Математикалық ой-өрісін кеңейту.
• Математикалық білімін толықтыру.
• Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу.
 
      Үйірме сабағының құрылымы:
 
• Баяндама 5-10минут (математика тарихы бойынша, математик-ғалымдар туралы,қазіргі заманғы математиканың даму тарихы туралы,адам өміріндегі математиканың орны туралы және т.б..).
• Қиындығы жоғары есептер шығару.
• Қызықты есептерді шешу.
• Олимпиадалық есептерді шешу.
• Оқушылардың әртүрлі сұрақтарына жауап беру.
 
Үйірме жұмысын жүргізудің негізгі формалары:
 
1. Тақырыптық аралас сабақтар:
• Мұғалімнің немесе оқушының баяндамасы;
• Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу;
• Есептерге талдау жасау;
• Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату;
• Оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
• Үй тапсырмасы.
 
2. Түрлі конкурстар ұйымдастыру:
• Математикалық  карусель.
• Математикалық шабуыл, хоккей, футбол.
• Математикалық турнир, эстафеталар.
• Математикалық викториналар.
• Ауызша немесе жазбаша олимпиадалар.
 
3.Оқушылардың рефераттарын тыңдау;
4.Топпен  математикалық газет шығару:
5. Аудандық ,аймақтық олимпиада тапсырмаларын талдау, қатемен жұмыс жасату.
6. Әртүрлі тақырыптағы есептер шығару.
7.Үй тапсырмасына талдау жасау.
8.Математикалық модельдер жасау.
9. Есептер құрастыружәне оны шешу
10. Математикамен байланысты көркем шығармалардан үзінді оқу.
11. Математикадан видеофильмдер, кинофильмдер, диафильмдер көру.
 
           Математикалық үйірменің бағдарламасы
р/с Мазмұны Мерзімі
1 Сан сұраққа саяхат
2 Математика тарихынан ескілікті есептер
3 Қазақтың қулық есептері
4 Құюға арналған есептер
5 Математикалық фокустар
6 Соңынан шығарылатын есептер
7 Математикалық олимпиада
8 Өткелден өту есептері
9 Ертегі есептер
10 Сіріңке шиімен есептер
11 «Алгорифм» газетін шығару
12 Газеттегі есептерді шешу
13 Қарандашжәне қағаз
14 «Барлық», «Кейбір» және  кері жору ұғымдары
15 Таразыға тарту есептері
16 Әзіл есептер
17 Логикалық сипаттағы есептер
18 Арифметикалық викторина
19 Комбинаторика есептері
20 Таңдау әдісі
21 Геометриялық викторина
22 Кроссвордтар, сөзжұмбақтар
23 «Қызықты математика» газетін шығару
24 «Шеңбер» тақырыбы бойынша есептер
25 «Табиғат және математика»экскурсия
26 Кенгуру-2011 есептерін шығару
27 Малахит-2012 есептерін шешу
28 Олимпиада есептеріншешугепрезентацияларжасау
29 Олимпиада есептеріншешугепрезентацияларжасау
30 Жылдам есептеу тәсілдері.
31 Математикалық ойындар
32 Жұптық,симметрия.
33 «Адам өміріндегі симметрия» презентация жасау
34 Қорытынды.Үйірме жұмысы туралы презентация жасау
 
Мұғалімдергеарналғанәдебиеттертізімі :
 
• Қызықты математика. Джанабердиева С.А.  – Алматы: Әрекет-П, 2009.
• Математические кружки в школе.5-8 классы/А.В. Фарков.-М.:Айрис-пресс,2007.
• 1. Власова Т.Г. Предметная неделя математики в школе. Ростов-на-Дону: «Феникс»
.
Оқушыларғаарналғанәдебиеттертізімі:
 
• Математика тарихын оқыту-білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.-Ақтау, 2009
• Математический тренинг. Развитие комбинационной способности: книга для учащихся5-7кл./ М.И .Зайкин. М.:Гуманит из-во Центр ВЛАДОС,1996г.
• В царстве смекалки./ Е.И. Игнатьев.-М.:Наука. Главная редакция Ф-М литературы    1979г.
• Тысяча и одна задача по математике: Кн.: для учащихся 5-7 кл./ А.В.Спивак.-М.: Просвещения,2002г.
• Математические олимпиады в школе, 5-11кл./А.В.Фарков.-М.: Айрис-пресс,2004г.
• Задачи на резанье./М.А.Евдокимов.М.:МЦНМО,2002Г.
• Как научиться решать задачи./Фридман Л.М.-М.:Просвещение,1989г

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Өзіндік білім көтеру жоспары
Математикалық сандықша
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Рационал сандарды бөлу.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Екітаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 12030 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык