Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару


Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Тақырыбы: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Сабақтың мақсаты:  -  Теңдеулерді шешуде және есептеулерді жеңілдету 
                                       үшін көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей білу.
                                        Көпмүшедегі ортақ көбейткішті тауып, оны жақша 
                                        сыртына шығару,таңба ерекшеліктерін ажыратуға  
                                        үйрету.
- Оқушылардың ұқыптылыққа тәрбиелеу,ұжымдық 
сезімін ояту
                                         -Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,  шығарма-
                                          шылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі:   интерактивті тақтада жазылған сабақ тақырыбы ,сабақтың мақсаты мен жүрісі жазылған кесте,ребус, үлестірмелі карточка
Сабақтың түрі:  
1.Ұйымдастыру.
2.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
3.Мағынаны тану ,ажырату.
4.Ой толғанысы\есеп шығару\
5.Қорытындылау.
\Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру\
Алдымен,біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мынандай ребусты шешелік. 
 
 
1.2.т.3.4         кішті          с ' 40 2.3.т.4.5   на шы ' 
                         Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Олай болса,оқушылар,біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз «Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты: теңдеулерді шешу және есептеулерді жеңілдету үшін ,көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей білу және көпмүшедегі ортақ көбейткішті тауып,оны жақша сыртына шығару,таңба ерекшеліктерін ажыратуға үйрету.
Теңдеулерді шешкенде,есептеулерді орындағанда және  басқа да көптеген есептерді шешкенде көпмүшелікті бірнеше көпмүшеліктің көбейтіндісімен ауыстыруға болады. Көпмушелікті екі немесе бірнеше көпүшеліктің көбейтіндісі түріне келтіру көпмүшелікті көбейткіштерге жіктеу деп аталады.Жаңа тақырыптың мағынасын ашу үшін мысал қарастырамыз.Мынандай мысал қарастырамыз. 
1-мысал. 6а2в+15в2 көпмүшелігін қарастырамыз. Оның әрбір мүшесін біреуі 3в болатын екі көбейткіштің көбейтіндісі түріне келтіруге болады.
 6а 2в+15в2=3в•2а2+3в•в= шыққан өрнекті көбейтудің үлестірімділік заңын пайдаланып, екі көбейткіштің көбейтіндісі түріне келтіруге болады. Олардың біреуі-ортақ көбейткіш 3в, ал екіншісі 2а2 пен 5в ның қосындысы.
3в •2а 2 +3в•5в=3в(2а2+5в)
Сонымен 6а 2в+15в2=3в(2а2+5В) 
Бұл мысалда көпмүшелікті 3в бірмүшелігі мен (2а 2+5в) көпмүшелігінің көбейтіндісі түріне келтіру арқылы көбейткіштерге жіктедік. Көпмүшелікті көбейткіштерге жіктеудің өзіміз қолданған тәсілін ортақ  көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды.   Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы  көпмүшелікті көбейткіштерге жіктеудің мысалдарын қарастырамыз.
1-мысал. 3а2(в-2с)+7(в-2с) өрнегін көбейткіштерге жіктейік. Бұл қосындының әрбір қосылғышының құрамында (в-2с) ортақ көбейткіші бар. Осы көбейткішті жақша сыртына шығарамыз.
3а2(в-2с)+7(в-2с)= (в-2с)(3а2+7)
2-мысал.  2х2+3х=0 теңдеуін шешелік.   2х2+3х  өрнегінен жақша сыртына х көбейткіш шығады.Сонда х(2х+3)=0
Кемінде бір көбейткіш нөлге тең./х=0 немесе 2х+3=0 болғанда және тек сонда ғана  х(2х+3)=0 тең болады.
2х+3=0
2х=-3
х=-1,5   Олай болса,   х(2х+3) көбейтіндісі х=0 немесе х=-1,5 болғанда нөлге айналады. Теңдеудің екі түбірі бар.
Сонымен, бүгінгі өткен сабағымызды бекіту үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік:
Ортақ көбейткішті жақша сыртына қалай шығарамыз?
  ІІІ .Ой толғанысы.  /тақтамен жұмыс/
1.Бақылау диктанты
1.Көбейткіштерге жіктеңдер:
mx+my
4а-4в
кх-рх
 
1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:
5х+5у;   12 а+48 в;    -6с-9 вс
ІV.  Деңгейлік тапсырма  «Қайсысын қалайсың?»
            А-деңгей.
 7а+7в
 -10-10х
m-30k
 3с+15 d
              В-деңгей.
Көбейтінді түрінде жазыңдар:
14х+21у
100а-15 в
9ах+9вх
8ac-56 аk
С-деңгей.
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:
х3-х2+х
-12 у4-16у
а5в2+3а3в
V. Сәйкестікті анықта /тест/
с4-с3                              7(1+7с)
12х-36 у                        -12c(х+5у)
7+49 с                            с3(с-1)
-12сх-60 су                    12(х-3у)
VІ. Оқулықпен жұмыс.№709,710
VІІ.  Сабақты қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма№710,711 
Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
“Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары”
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Пысықтау
Жоғары дәрежелі теңдеулерді көбейіткішке жіктеу арқылы шешу
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
Қысқаша көбейту формулалары
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру
Бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығарту
Бүтін өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Ашық сабақ
Көпмүшелерді қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 7353 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык