Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы


Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы

Сабақтың тақырыбы: Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қиюшы, шеңберге жанама, жанасатын және қиылысатын шеңберлер ұғымдарын және қарастырылған теоремаларды қолданып, есептер шығара білу.
Дамытушылық: Есептер шығаруда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сызбаларды дұрыс сала білуге, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: көрнекілік әдіс
Сабақтың түрі: есептер шығару.
Оқыту формасы : сұрақ – жауап, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест парақшалары.
Сабақтың жүрісі: 
 I.Ұйымдастыру, оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
              Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. қайталау сұрақтары: «Ой қозғау»
              Топтар бір- біріне сұрақтар қояды.
          Түзу мен шеңбердің өзара орналасуына, екі шеңбердің өзара   орналасуларына.т.б.
IV. Тарихи мәлімет. Диаметр термині.
Сынып жұмысы 
V. оқулықпен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
№212 (А деңгей) , №218 ( В деңгей), №229 ( С деңгей)
VI. шығармашылық жұмыс. Оқушыларға үйден сөзжұмбақ құрастыру берілген болатын ,топтар бір бірімен алмастырып жауаптарын жазып, айтады.
VII. Тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. R1=0.6 дм, R2=0,4 дм, d=1 дм болса,
А) шеңберлер қиылысады
Б) шеңберлер қиылыспайды.
В) шеңберлер жанасады.
2. Шеңберге оның бойында жататын нүкте арқылы: 
А) екі жанама жүргізуге болады.
Б) бір жанама жүргізуге болады.
В) жанама жүргізуге болмайды.
3. (0;3) пен (0;5) шеңбері берілген және d=9. Осы шеңберлердің ортақ нүктелері бар ма?
А) ия Б) жоқ  В) бір нүктесі бар
4. Центрлері ортақ, радиустары тең шеңберлер қалай орналасады.
А) қиылысып, Б) жанасып В) беттесіп
2- нұсқа
1. R1=120 см,  R2=50 см, d=70 см болса,
А) шеңберлер сырттай жанасады.
Б) шеңберлер іштей жанасады.
В) шеңберлер жанаспайды.
2. Шеңберге одан тыс нүкте арқылы
А) бір жанама жүргізуге болады.
Б) екі жанама жүргізуге болады.
В) үш жанама жүргізуге болады.
3. Радиусы 4-ке және 3-ке тең тең шеңберлер берілген. d=6, шең- берлердің ортақ нүктелері бар ма?
А) ия  Б)  жоқ  В) бір нүктесі бар.
4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзуді шеңберге ... деп атайды.
А) жанама Б) қиюшы В) перпендикуляр
Жауаптары: 
1- нұсқа          2-нұсқа
1. Б            В
2. Б            Б
3. А           Б
4. А           В
VIII. Сабақты бекіту.
IX. Үйге тапсырма: § 17, № 213. 223
X. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шеңбер. Дөңгелек
Шар бетінің және оның бөліктерінің аудандары
Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып есептер шығару
Шар бетінің және оның бөліктерінің аудандары
Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды дифференциялдау
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Туынды функциясы
туынды
Үшбұрыштың бұрышын табу
Шеңбер және оның элементтері
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 14491 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык