Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 8140 |
|
|
|
Тіктөртбұрыштың ауданы
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың ауданын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Түрі: теориялық-практикалық
Пәнаралық байланыс: сызу
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, слайд.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№ 311
АВС үшбұрышының AD медианасы үшін 2 AD = AB + AC теңдігі орындалса, онда ( АВ – АС)2 = ВС2 теңдігін дәлелдеңдер.
Есептің жауабы:
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Тік төртбұрыштың ауданы
1) Тең фигуралардың аудандары тең болады.
2) Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
3) Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1 – ге тең.
Салдар 1. Егер бір фигура екінші фигураның бөлігі болса, онда бұл фигураның ауданы екінші фигураның ауданынан кем болады.
Салдар 2. Тең құрамды фигуралардың аудандары да тең болады.
Тіктөртбұрыштың қасиеттері :
Қабырғалары а және в болатын тік төртбұрыштың ауданы мына формуламен анықталады:
1-деңгей. Оқулықпен жұмыс.
Р/с а b S
1 3,4 см 5,5 см ?см2
2 2 м 7 м ?м2
3 2/3 дм 3/2 дм ?дм2
4 1,2 см 1,5 см ?см2
5 ¾ дм 4 дм ?дм2
Жауабы:
Р/с а b S
1 3,4 см 5,5 см 18,7 см2
2 2 м 7 м 14 м2
3 2/3 дм 3/2 дм 1 дм2
4 1,2 см 1,5 см 1,8 см2
5 ¾ дм 4 дм 3 дм2
Тест тапсырмалары.
1. Қабырғасы 8 см және 12 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз?
А) 100 см 2 Б) 96 см 2 В) 96 м2 Д) 100 м2
2. Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм 2, ұзындығы 5 дм. Оның ені неше дециметр.
А) 4 дм Б) 5 дм В) 4,4 дм Д) 4,5 дм
3. Қабырғасы 15,7 дм тең квадраттың ауданын есептеңіз?
А) 246,5 дм2 Б) 246 дм2 В) 246,49 дм2 Д) 250 дм2
4. Жай фигураның ауданы қандай шама?
А) теріс шама Б) оң шама В) 0 – ге тең шама
5. Ауданы 1,69мм 2 болатын квадраттың қабырғасын табыңыз?
А) 13 мм; 13мм Б) 1,3мм; 1,4мм В) 1,3мм; 1,3мм Д) 12 мм; 1,2м
№ Нұскасы
1 Б
2 В
3 В
4 Б
5 В
2 - деңгей. Сематикалық картамен жұмыс
р/с S а Жауаптар
в=4дм в=8,5м в=21,4см в=9м в=2,7м
1 27,2 м2 3,2 м
2 28 дм 2 7 дм
3 684,8 см2 32 см
4 12,15 м2 4,5 м
5 9,36 м2 1,04 м
3- деңгей. Сәйкестендіру кестесі
Қасиеттеріне сәйкес кестеден белгіле
1.Қарама-қарсы қабырғалары параллель + + + +
2.Барлық қабырғалары тең. - - + +
3.Қарама-қарсы бұрыштары тең, іргелес бүрыштарының қосындысы 1800 + + + +
4.Барлық бұрыштары тік. - + - +
5. Диагоналдары қилысып, қилысу нүктесінде қақ бөлінеді. + + + +
6. Диагоналдары тең. - + - +
Сергіту сәті.Төрт бұрышты анықта:
Үйге тапсырма:
№ 325. Суретте көрсетілген ABCD тік төртбұрышы мен EBCF параллелограмы тең құрамды болатынын дәлелдендер.
326. Суретте көрсетілген ABCD тік төртбұрышы мен AKD үшбұрышы тең құрамды болатынын дәлелдендер. Мұнда AE=EK.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |