Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас математик


Жас математик

Жас математик

Сабақтың тақырыбы: Жас математик

(7сынып)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  танымдық белсенділіктерін арттыру

Тәрбиелілігі:  Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Математикалық сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақтың жоспары:     

І. Ұйымдастыру.     

ІІ.Бәйге

ІІІ. Полиглот

IV.Ғажайып үштік

V. Көкпар

VI.Жорға

VII. Қорытынды.

         Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 7 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жас математик» сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі қатынасатын сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар мүшелерін сайлап алайық.

Әділ қазылар мүшелері:

1.

2.

І-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Жас математик» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

         І. «Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

1) Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

2) Геометрияның негізгі ұғымы? (нүкте,түзу,жазықтық)

3) π-дің мәні неге тең?          (3,14-ке)

4) Анықтыма дегеніміз не?     (Ескі ұғымдар арқылы жаңа ұғым алу)

5) Бұрыш дегеніміз не?         (Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтық бөлігі)

6) Шеңбердің ең үлкен хордасы.  (диаметр)

7) Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

(Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле)

8) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?         (0)

9) 2 ғасырда неше жыл бар?            (200)

10) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геметриялық фигура (бұрыш)

11) Кез – келген  екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)

12) Координаталық жазықтықта неше ширек бар?   (4)

13) Қандай түзулердің ортақ  нүктесі жоқ?  (параллель)

14) Бұрышты өлшейтін құрал   (транспортир)

15) Кез-келген санға қалдықсыз бөлінеді?  (1)

         І-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Полиглот» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

ІІ. «Полиглот»

1) Алтау ала болса ауыздағы кетеді, .... түгел болса төбедегі келеді

(төрт)

2) Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама.

 (кітап, книга, book)

3)Бір тал кессең, ... тал ек  (он)

4)Қызға .... үйден тыю (40)

5)....рет  өлшеп, бір рет кес (7)

6).... саусақ бірдей емес (5)

7)Білгенің бір ... , білмегенің тоқсан тоғыз (тоғыз)

8)... жақсы қас болмас, .. жаман дос болмас (екі)

2-жүргізуші:

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп, ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын ІІІ бөлімін бастаймыз.

ІІІ. «Ғажайып үштік»

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі. Ұпай аз 3 оқушы ойыннан шығады.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

1) Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым? (геометрия)

2) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кесте, бөренені кесуге қанша минут кетеді?  (6 минут)

3) Негізгі ұғымдар дегеніміз не?

30 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.

1) Бейне сұрақ

2)Бейне сұрақ

3)Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш           (доғал)

40-ұпайлық сқрақтар

  1. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
  2. Әсемпоездыңбасынанесептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездыңсоңынанесептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздарбірвагондаболды. Поезда неше вагон болған?(13)
  3. Аспандабірқатарүйректерұшыпбарады. Біреуі алдында, екеуіартында, біреуіартында, екеуі алдында, біреуіекеуініңортасында. Барлығы неше үйрекұшыпбарады?(3 үйрек)

         2-жүргізуші:

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп, ойнымыздың «Көкпар»IV бөлімін басталақ. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Логикалық есептер

 1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста?           (үште)

2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?           (15 км/сағ)

3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша?              (10)

4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?  (екеуі тең)

5) Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай?             (1 метр)

Геометрия

1)Ең қарапайым көпбұрыш?     (үшбұрыш)

2)Кесінді дегеніміз не?

3)Дәлелдеу дегеніміз не?

4) Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

«Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.

  1. Атадан 10 боламыз,

Бір-біржастанарамыз.

Қосылыпкейдебасымыз,

Азайыпкейдеқаламыз.

Бөлініпкейдеарамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

 

  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтірайырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

 

  1. Түзудіңбірбөлігі

Екішеткінүктекөрігі

Ұзындығы және бар

Айтшысыйлықсенікі(кесінді)

 

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)

 

  1. Санасаң сан жетпейтіннүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғышізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

  1. Дүниеде бүтіннәрсе бола бермейді

Көңілгеармандағанқанабермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікірдемейді(жай бөлшектер)

1-жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау – дей отырып, ойынымыздың «Жорға»V бөлімінде әрбір ойыншыға жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

1-оқушыға сұрақ

1) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш     (тең бүйірлі)

2)Заттарды санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)

 3)1-ге және өзіне бөлінетін сандар (жай сан)

4) Үлкен хорда                       (диаметр)

5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы              (1800)

6) Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі  (кесінді)

7) Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

8) Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі      (стереометрия)

9) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем   (теорема)

10) 56 санына қарама-қарсы сан? (-56)

11) y=x3 функциясының графигі          (куб  парабола)

12) Жазыңқы бұрыштың шамасы                (1800)

13) Ең кіші жай сан            (2)

14)Жұп сандар қандай цифрлармен аяқталады            (0,2,4,6,8,)

15) ОХ осі қалай аталады?  (абсцисса)

2-оқушыға сұрақ.

1) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш        (тең қабырғалы)

2) Қиылыспайтын екі түзу       (параллель)

3) Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі        (планиметрия)

4) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады? (бұрыс бөлшек)

5) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

6) Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең?            (60)

7) Бір нүктеден шыққан түзу             (сәуле)

8) Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең?      (5 см)

9) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.           (аксиома)

10) Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

11) y=x2функциясының графигі                (парабола)

12) Тік бұрыш неше градусқа тең?                (90)

13) Ең кіші натурал сан  (1)

14) Тақ сан қандай цифрлармен  аяқталады? (1,3,5,7,9)

15) ОУ осі қалай аталады?  (ордината)

Қорытынды.

Сайысты қорытындылау үшін сөз әділ - қазылар алқасына беріледі. Жеңіп шыққан оқушыны дипломмен марапаттап, қатынасқан оқушыларға сыйлық ұсынылады.

1-жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты,

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Осымен «Жас математик» атты сайысымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
«Математика алғыры»
Тапқыр достар
Талантыңмен таныл
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
ХХІ ғасыр көшбасшы. Ашық сабақ
ХХІ ғасыр көшбасшы
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ»
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 9471 | Қосты: Айтбаева Динаш Қуанышбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык