Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3498 |
|
|
|
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
сыныптан тыс сабақ
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ-қазылар алқасы! Сіздермен бірлесе отырып «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз бүгін 8 сынып оқушыларының сайысын тамашалаймыз.
Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс мына кезеңдерден тұрады:
• Сұрақ-жауап
• Тапқырлар қалашығында
• Формулалар елінде
• Шешілмеген құпия
* Кім жылдам?
1тур. Сұрақ - жауап
1. Жай санның неше бөліші бар? Жауабы: 2
2. Бағытталған кесінді калай аталады? Жауабы: вектор
3. Екі ғасырда неше жыл бар?
Жауабы:200
4. 640 саны 5-ке бөлінеді ме?
Жауабы: иә(128)
5. Дәлелденбейтін тұжырым қалай аталады?
Жауабы: Аксиома
6. Бір нүктеден шығатын, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура...
Жауабы: бұрыш
7.Бұрышты өлшейтін құрал... Жауабы: Транспортир
8.Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? Жауабы: Параллель
9.Кез келген екі нүкте арқылы не жүргізуге болады?
Жауабы: Түзу
10. Бұрыштың өлшем бірлігі... Жауабы: градус
11. Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер? Жауабы: Айқас
12. Ең үлкен хорда не деп аталады? Жауабы: Диаметр
13. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді қалай аталады? Жауабы: Медиана
14. 256 санының түбірі? Жауабы: 16
2 тур. Тапқырлар қалашығында
Логикалық есептер
1. Бір баланың жасы үл жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады. Ол қанша жаста? Жауабы: 3 жаста
2. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? Жауабы:15км/сағ
3. 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? Жауабы: 10
4. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20мин ұшады, ал кері 80мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесін? Жауабы: екеуі тең
5. Төрт ағайындының әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? Жауабы: 5
6. Үй қабырғаларында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық бар. Барлығы қанша мысық?
Жауабы:4
7. Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Егер қойды үшеуі бірігіп жесе неше сағатта жеп бітіреді?
Жауабы: 1 сағат
8. Сыныпта 18 оқушы бар. Оның 1/3 бөлігі ұлдар. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?
Жауабы: 6 ұл, 12 қыз
3 – тур. Формулалар елінде.
- Бұл кезеңде оқушыларға қиылған қағаздарда формулалардың бір бөлігі ғана жазылған, сол қиындылардан толық формуланы құрастырып шығуы керек.
4 тур. Шешілмеген құпия кестемен жұмыс. Ұяшықтар таңдау
20-1. Квадраттың қабырғасы 9 см, периметрі нешеге тең?
20-2. Трапеция қабырғалары 10 см және 9 см, орта сызығы қанша?
20-3. Қабырғасы 6см және 8см тік төртбұрыштың ауданы қандай?
30-1. a²+b²=c² кімнің теоремасы?
30 – 2 . нені береді?
30 – 3.
40-1. sin60° мәнін тап.
40-2. sin45°+cos45° мәнін тап.
40-3. Тәуліктің ¼ бөлігіне тәуліктің ½ бөлігін қос.
5 тур. Кім жылдам?Математикалық жұмбақ.
1. Есепті дұрыс шешеді,
Өзге тілдің сөзі ол,
Жауабын дұрыс береді,
Ойлан тапшы тез бол.
Жауабы: Калькулятор
2. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді.
Жауабы: Параллель түзулер
. Барлық сурет мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерінде
Компьютерден өшірген.
Жауабы: сканер
4. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
Жауабы: сағат.
5. Қос қуатты, 100 тісті, жүзінен бірақ іс түсті.
Жауабы: Ара
6. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтындаршы,
Оң, теріс сан бәрі осында.
Жауабы: Рационал сандар
Жеңімпаз оқушыларды «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Алғыс хаттарын» беріп марапаттаймыз.
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең,
- дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Ойынымызға келіп , қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың - мың рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |