|
|
Отбасы құқығы негіздер
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Теңге ауылы №14 орта мектебінің
құқықтану пәнінің мұғалімі
Исболсынова Света Азанкуловна
Адам.Қоғам.Құқық.
(10-сынып)
Білімділік: Оқушыларға отбасы,неке,баланың құқықтары,ата-ана жауапкершілігі туралы ұғымының мәнін ашып көрсету Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіріп,тиянақтай отырып,жаңа сабақпен байланысытрып,отбасы,неке,бала құқығы,ата-ана жауапкершілігі,жалпы конституциялық құқық нормаларының қайнар көздерін аша білуге көз жеткізу Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының Конституцияда берілген заңды орындауға, заңсыз іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу Көрнекілігі: слайдтар,тірек сызбалар,бейнефильмдер Әдісі: Тірек сызбаларды пайдалана отырып, өзара белсенділікті арттыру Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а)амандасу,қатынас алу. ә) оқушының сабаққа бейімдеу. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспары: 1)Отбасы түсінігі.Отбасы құқығы. 2)Неке түсінігі.Неке шарты. 3)Баланың құқықтары.
Ойтолғау:
а)Отбасы ұғымын қалай түсінесіңдер? ( Отбасы- некеден (ерлі-зайыптылықтықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарыннан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып,дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.) ә)Отбасы қатынастар дегеніміз не?( Некеден,туыстықтан,бала асырап алудан,балаларды отбасына тәрбиеге алудан туындайтын қатынастар отбасы қатынастары болып табылады.)
б)Отбасы қатынастары қалай реттеледі? ( Отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасы құқығы деп аталады.Неке-отбасы қатынастарын 2011 жылғы желтоқсанның 26-да қабылданған ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы»Кодексі реттейді.)
Отбасы бірнеше түрге бөлінеді:
Толық емес отбасы Ата-анасының біреуі ғана бар отбасы |
Толық отбасы Ата-анасы және балалары бар отбасы |
Кеңейтілген отбасы Ата-анасымен балаларынан басқа туыстары бар отбасы |
Отбасы
Отбасы құқығының принциптері
Отбасы құқығының қағидаттарына мыналар жатады:
- Ер-азамат пен әйелдің некелік(ерлі-зайыптылық)одағының еріктілігі
- Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі
- Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік
- Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу
- Балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы,олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық
- Отбасының кәмлетке толмаған,қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау
- Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету,осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері
- Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдануы
Тапсырма:
- - Әрбір қағидаттың мағынасын ашыңдар.
- -Отбасы үшін бұл қағидаттардын маңызы неде?
- -Сендердің бұл қағидаттарға деген көзқарастарың қандай?
Неке отбасын құру үшін негіз болып табылады.
Неке- ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған ер-азамат пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Неке және отбасын қорғау екі нысанда жүзеге асырылады:
Юрисдикциялық нысан |
Юрисдикциялық емес нысан |
Отбасы құқығын,бұзылған немесе таласқа салынған құқықтарын қорғау бойынша Өкілетті мемлекеттік органдардың тартылуымен қорғау. |
Отбасылық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша ұйымдар мен азаматтардың әрекеті.Бұл әрекеттер көмек сұрап мемлекеттік органдарға жүгінусіз,азаматтардың өз бетімен жүзеге асырылады. |
Неке, неке жасына –он сегіз жасқа толған ер-азамат пен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде қиылады. Егер неке зорлық, алдау, қорқытудың жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз болып жариялануы мүмкін. Некеге отыруға келісім некені тіркеу процесінде некеге отырушы тұлғаның тікелей өзімен ауызша білдіріп оның қол қоюымен расталады.
Некені тіркеу некеге отырушы адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады.Сенімхат немесе өкіл арқылы неке қиюға тиым салынады.Күзет қарамағындағы немесе бас бостандығыннан айырылған адамдар да некеге отыра алады.Бұл ретте,мемлекеттік тіркеу бостандығыннан айыру немесе күзет қарамағындағы орнында өткізеді.
Некені тоқтату дегеніміз-ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуы.
Неке заңмен анықталған мән-жайлар салдарыннан немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің тілек білдіруімен тоқтатылады.
Некені тоқтататын мән-жайларға мыналар жатады.
- -жұбайының қайтыс болуы
- -ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болғаны туралы сотпен жариялануы
- -некені бұзу(ажырасу).
Некені тоқтату туралы негіздер тізімі осылармен тұйықталады.
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырма.
1)Ажырасулардың өсуінің себептерін ашыңдар.
2)Ажырасулар азаюы үшін қандай шаралар қолдануы қажет?
3)Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Тапсырма.
Бейнефильм(“Жетімдер”) қарап,соған байланысты көрініс көрсету.
Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар.Бала өз ата-анасының тәрбиесіне,өз мүддесінің қамтамасыз етілуіне,жан-жақты өсіп жетілуіне,өзінің адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Баланың мүлікітік құқы бар.Алимент,жәрдемақы,зейнетақы ата-ананың қарауына түскенімен,ол балаға білім беруге,тәрбиелеуге және басқа да қажетті шығындарына жұмсалуы керек.
Тапсырма.
“Бала құқықтары”туралы заңда оқи отырып,балалар соған байланысты постер қорғайды.
Қорытынды:
1)Отбасы және отбасылық қатынас ұғымдарын түсіндіріңдер?
2)Ажырасу(некені бұзу)ұғымына түсінік беріңдер.Некені бұзудың некені тоқтатудан қандай айырмашылығы бар?
3)Балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру мәселелерін ата-аналар қалай шешуге тиіс?
4)Отбасы және отбасы тәрбиесі туралы қазақ мақалдарын тауып,олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Ү. Үйге тапсырма:
“Менің отбасым”тақырыбында эссе жазып келу.
ҮІ. Бағалау:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |