Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шоттар классификациясының есебі.


Шоттар классификациясының есебі.

Шоттар классификациясының есебі.

АКАДЕМИК Ж.С.АҚЫЛБАЕВТЫҢ БАЛҚАШ 

МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ

Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйе».

                                                                                        Бекітемін

                                                                                        ПЦК меңгерушісі

                                                                              Бурлинова М.У.

                                                                                         ________2012 ж.

                                 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Бекышова Ляйля

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Шоттар классификациясының есебі»

    

      Тапсырманың берілген күні «__»_______2012 ж

Курстық жұмыстың бағасы «___» (________)

Хаттама №___  «__»_______2012 ж

Курстық жобаның жетекшісі Бурлинова М.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................... 3

I.Есеп шоттар классификациясы мен жоспары.............................................. 5

1.1 Есеп шоттарды саралаудың мәнісі мен маңызы...................................... 5

1.2 Есеп шоттарды міндеттері мен құрылымы бойынша саралау............... 5

1.3 Шаруашылық процестерін есепке алу мен ақылау есепшоттары........... 6

1.4 Баланстан тысқары есепшоттар.............................................................. 10

II. Есеп шоттарды экономикалық белгісі бойынша саралау....................... 12

2.1 Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары....................................... 12

III.     14

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. 18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ.................................................

КІРІСПЕ

Бастапқыда  компьютер болмаған кезде  адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары  қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты  көптеген  қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы  ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге  тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.

Бухгалтерлік есеп есеп шоттары туралы түсінік және олардың құрылымы

Есепті кезең ішінде кәсіпорындарда (шаруашылық субъектілерінде) жүргізілетін шаруашылық операция санының көптігіне байланысты шаруашылық операцияларын тікелей бухгалтерлік баланста жазып отыру тиімсіз, әрі техникалық жағынан қиын жұмыс болып табылады. Оның үстіне шаруашылық қызметке басшылық жасау үшін шаруашылық ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайы туралы ғана дерек алып отыру жеткіліксіз. Бұларға қоса шаруашылық ресурстарының қым–қуыт айналасында жүргізіліп жатқан барлық процестер туралы, осы процестердің нәтижелері туралы ақпаратта қажет. Осылар арқылы субъекті мен оның жекелеген бөліктерінің қызметтеріне баға беріледі.
Осы мақсатта бухгалтерлік есеп жекелеген амалдар пайдаланылып, солар арқылы шаруашылық операциялары көрініс табады.Бухгалтерлік есеп әдістемесінің элементтері есеп шоттарын болып табылады. Бухгалтерлік есеп есеп шотарының жүйесе сапалық бірыңғай белгідегі ресурстардың, олардың көздері мен шаруашылық процестерінің қозғалысын көрсетеді. Өздерінің атаулары мен нөмірлері (шифрлары) бар есепшоттар жүйесінің ресми тізімі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары деп аталады. Ол экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындарға (банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) арналған. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есептің көптеген есеп шоттары субъектілердің қаржы шаруашылық қызметтінің ерекшелектеріне қарай оны пайдалану да мүмкін. Бұл жұмыс жоспарын есепке алуда бірінші бөлімдегі жекелеген есеп шоттардың мазмұның ашатын субсчеттар жүйесіне қоса есеп шоттар жасап, қолдануды қажет етеді.    
Қаржы ресурстарының әр түрінде болатын өзгерістерді тіркеу тиісті есеп шотқа олардың өсу (ұлғаю) немесе кему ауқымын түсіру жолымен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп есеп шоттарының жүйесі ресурстардың (активтердің), олардың көздері мен сапалық жағынан бірыңғай белгідегі шаруашылық процестерінің қозғалысын білдіреді. Соған қоса ресурстардың және олардың көздерінің түрлі топтары үшін, сондай–ақ шаруашылық процестерінің әр қилы деңгейлері үшін жеке есеп шоттары болады. Ол біркелкі белгі бойынша ресурстар мен олардың көздерінің, шаруашылық процестірінің қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп есеп шоттарын енгізу жекеленген шаруашылық операцияларын экономикалық жағынан топтастырудың, шаруашылық ресурстарының (активтерінің) қозғалысы мен олардың құралу көздерінің өзгерісіне ағымды бақылау жасаудың, сондай–ақ есеп жұмысында барлық шаруашылық процестерінің өзара байланысын қалыптастырудың тәсілі болып табылады.   
Сондықтан бухгалтерлік есептерді шаруашылық ресурстарының жағдайы мен қозғалысын олардың құрамына да, сондай–ақ көздеріне де қатысты ағымдағы және үздіксіз топтастырудың тәсілі деп қарастырған жөн. Топтастыру ресурстардың дұрыс пайдаланылуына басшылық жасау, сондай–ақ субъктінің өз міндеттемелері үшін жауапкершілігінің қажеттілігінен туындаған.
Ағымдағы есепті дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылық процестерінің көрінісі мен шаруашылық ресурстарының құрамындағы өзгерістерді (байланыстырып) ұштастырып субъект қызметі процесінің барысына өзара сабақтас сипаттама беру қажет. Бұған баланстың әрбір статьясы үшін ашылатын, алайда олар балансқа қатыстылығына қарай бір–бірімен өзара байланысты, демек баланстық қортындылауға қосылатын есеп шоттар жүйесін пайдалану жолымен қолжеткізуге болады. Осы арқылы баланста берілген есеп объектілерінің топтастыру бекітіледі. Шындығында есеп шоттар топтарына сәйкес келетін баланс статьялары да болады, сонымен қатар бірнеше баланстық статьялар сәйкес келетін есеп шоттар да болады. Сөтіп, баланыстарында субъектінің бүкіл шаруашылық-қаржы қызметінің процесі бүтіндей де, оның жекелеген бөліктері бойынша да көріне алады.
Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің мәнісі–ол шаруашылық ресурстарының жекелеген әрбір түрінің немесе олардың көздерінің қозғалысын көрсетуге, ресурстардың әрбір түрінің құрамы мен орналасуындағы өзгерістер туралы ақпарат алып тұруға және бухгалтерлік баланс жасауда қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мұндай бақылау бухгалтерлік есептің негізгі талаптарының бірі және оған есеп шоттар жүйесінің көмегімен қол жеткізіледі.
Әрбір бухгалтерлік есеп шотта ресурстардың жекелеген түрінің немесе олардың құралу көздерінің, сондай–ақ шаруашылық процестерінің жекелеген түрінің қозғалысы көрсетіледі. Есеп шот атауы есепке алынатын объектігі байланысты
беріледі. Мысалы, субъект кассасындағы қолма–қол ақшаның қозғалысын есепке алау үшін «Кассадағы қолма–қол ақша» есеп шоты, ал тауарлар қозғалысы үшін–«Алынған тауарлар» есеп шоты, сатып алушылар мен заказ берушілердің дебиторлық берешектерінің өзгерісіне «Алынуға арналған есеп шоттар»  есеп шоты ашылады және осылайша жалғаса береді.
Графикалық жағынан есеп шот карточкада, парақта,  кітап парақтарында екі жақты таблица формасында құрылады. 
Таблица (есеп шот) екі бөлікке бөлінеді. Есеп шоттың сол жағы (шартты түрде) «Дебет» деп, ал оң жағы  «Кредит» деп аталады. 
Есеп шоттың екі жақтылығы қандай да бір шаруашылық ресурстары түрлерінің немесе көздерінің ұлғаюы мен азаюын бөлек топтастырып, есепке алу қажетілігінен туған. Есеп шоттың бір жағы ұлғаюды жазуға, екінші жағы азаюды жазуға арналған, оның үстіне ұлғаю да азаю да сияқты есепке алынатын объектіге қарай есеп шоттың дебетіне немесе  кредитіне жазылуы ықтимал. Сондықтан «Дебетті» кіріспен (түсумен), ал, «Кредитті» шығынмен (шығыспен) теңдестіруге болмайды. Бұл терминдердің есеп шоттар жақтарының атауларынан басқа және тек шартты түрдегі, техникалық белгі болып табылады.
Есеп шот таблицасының формасы есепке алынатын объектінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Есеп шоттар таблицасының неғұрлым дәл реквизиттерді көрсетудің қарапайым формасы мынадай болады.

Дебет                                    (шот атауы)                                       Кредит

уақыты

Жазу

Операция
мазмұны

Сома 
(теңге)

уақыты

Жазу

Операция
Мазмұны

Сома
(теңге)

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу мақсатында бухгалтерлік есеп шоттың мынадай жеңіл схемасы пайдаланылады.


Дебет                (шот атауы)               Кредит

 

 

 

Есеп шот таблицасына қандай да бір шаруашылық ресурстары түрінің немесе олардың көздерінің ұлғаюы мен азаюы бойынша шаруашылық операциялары жазылады.
Белгілі бір кезеңдегі есеп шот дебеті немесе кредиті бойынша жазылу сомасының жиынтығы «Айналымдар» деп аталады. Есеп шот бойынша есептелінген қалдық «Сальдо» деп аталады. Кезеңнің басындағы (мысалы, айдың басындағы) ресурстың (активтердің) қандай да бір түрінің немесе оларды құрайтын көздердің алғашқы жағдайын білдіретін сальдо (қалдық) «Бастапқы сальдо» делінеді. Кезең соныңда (мысалы айдың соныңда) бастапқы сальдоны, есеп шоттың осы кезеңдегі дебеті мен кредиті бойынша айналысын есепке алғандағы кезең үшін бастапқы сальдо болады. Аталмыш есеп шоттың дебет бойынша жазулар сомасының (бастапқы сальдо мен айналымдардың) кредит бойынша жазулар сомасының артықтығын көрсететің сальдо «Дебеттік сальдо» деп аталады. Кредит бойынша жазулар сомасының дебет бойынша жазулар сомасының артықтығын көрсететін сальдоны «Кредиттік сальдо» деп атайды.  
Балансқа қатысы бойынша барлық есеп шоттар активті және пассивті болып табылады. Активтілер шаруашылық ресурстарының (активтерінің) құрамын, орналасуын және пайдаланылуын көрсетеді, пассивтілер осы ресурстардың (активтердің) құралу көздері мен мақсатты міндеттерін көрсетеді.
Дебеттегі активті есеп шоттар шаруашылық ресурстаның ұлғаюын тудыратын операциялар, ал кредитте олардың азаюы көрсетіледі. Пассивті есеп шоттар, керісінше, кредитте ресурстардың құралу көздерін ұлғайту жөніндегі операциялар, ал дебетте олардың азаюы көрсетіледі. Бүкіл активті есеп шоттар бойынша сальдо тек дебеттік болады, ал бүкіл пассивті есепшоттар бойынша–кредиттік болады. Активті есеп шоттардағы сальдо кезеңнің соңы мен басында дебетте көрсетіліп, баланс активіне көшіріледі, ал пассивтегілер– кредитке көрсетіліп, баланс пассивіне (міндеттемелер немесе жеке меншік капитал бөлімдеріне және басқаларға) көшіріледі.
Актив және пассивті есепшоттардағы жазуға схема түрінде бейнелеп көрелік:


Дебет                                     Активті есеп шот                                        Кредит

Есепті кезең басындағы сальдо 
(қалдық) (Бқ)

 

Ұлғаю (+)

Азаю (-)

Дебет айналымы (ағымдағы жазулар жиынтығы) (Да)

Кредит айналымы (ағымдағы жазулар жиынтығы) (Ка)

Есепті кезең соңындағы сальдо
( қалдық ) ( Ск )

 

Дебет                             Пассивті есеп шот                                     Кредит

Азаю (-)

 Есепті кезең басындағы сальдо
(қалдық) (Сн)

Азаю (-)

Ұлғаю (+)

Есеп айналымы (ағымдағы жазулар жиынтығы)  (До)

Кредит айналымы (ағымдағы жазулар жиынтығы) (Ко)

 

Есепті кезең соңындағы сальдо
(қалдық) (Ск)

Кез – келген есеп шотта ресурстардың белгілі бір түрінің соңғы қалдығы (Ск) оның бастапқы ұлғаю және азаю қалдығынан (Бқ) туынды шама болып табылады. Сөйтіп, бастапқы сальдо (Бқ), дебет айналымы (Да), кредит айналымы (Ка) және соңғы сальдо (Сқ) мына формулалармен байланысты.  
Активті есеп шоттар үшін:        Бн + До – Ко = Сқ
Пассивті есеп шоттар үшін :      Бқ + Ка – Да = Ск
Мысал үшін субъектідегі ақша қозғалысын көрсететін «Кассадағы қолма–қол ақша» есеп шотын алайық. Қолма–қол ақша қалдығы осы есеп шоттың дебетінде көрсетіледі. «Кассадағы қолма– қол ақша» есеп шоты активті шот болып табылады, ендеше соған сәйкес (ережелер) жазу да солай жазылады.
Айталық, айдын басында кассада қалған қолма–қол ақша 30000 теңге делік. Одан соң ай басындағы операциялардың «Банк есеп» айырысу шотынан кассаға 12 000 теңге түссе, екінші операцияға 8000 теңге жұмсалды, үшіншісінде 40000 теңге түссе, төртіншісінен 32 000 теңге түсті, бесіншісінде 25 000 теңге жұмсалды, ал алтыншысында 72000 теңге жұмсалды.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бухгалтерлік есеп принциптері
Бухгалтерлік есеп принциптері
Бухгалтерлік есеп пәні мен оның объектілері туралы түсінік
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Сандарды жуықтау және арифметикалық ортасын табу
Қашықтық, жылдамдық , уақытқа байланысты есептер
Көпбұрыштың периметрі
Көпбұрыштың периметрі
ЭЕМ да есеп шығару кезеңдері: есептің берілуі, алгоритмі, тәсілі.
Есеп шығару
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2654 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык