Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2674 |
|
|
|
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1. Бухгалтерлік есеп пен және әдістемесі.
Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты–бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру. Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен «Есеп саясаты және оның ашылуы» туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген. Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатынқалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі–ауқымды (глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі–жергілікті (локальный).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР-ның Ұлттық банкі, ҚР–ның Аудиторлар палатасы, Салалық- министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б.
Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай–ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
- Есептеу. Табыс–нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол–ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.
- Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.
- Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.
- Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
- Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.
- Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық–мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.
- Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
- Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.
- Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
- Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
- Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.
Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2.2 Бухгалтерік есеп әдістемесінің жалпы сипаттамасы.
Бухгалтерлік есепке жататын заттар мен құбылыстардың жалпы тізіміне сипаттама беру үшін оның теориясында бухгалтерлік есеп объектілері түсінігі қолданылады. Латыннан сөзбе–сөз аударғанда объект дегеніміз затты білдіреді. Философиялық ұғымда объект субъектінің практикалық және танымдық қызметеріне жататындарды білдіреді. Шаруашылық қызмет арқылы нақты жүзеге асатын объектілерді басқару субъектісі бухгалтерік есеп арқылы бақылап, таниды. Заңды немесе жеке тұлға құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың кімге және меншіктің қандай формасына жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып табылады.
Субъект ресурстары дегенде оның шаруашылық қызметі барысында пайдаланатын түрлі активтерінің, міндеттемелері мен жеке меншік капиталының жиынтық құңы түсініледі. Актив–субъектінің өткен оқиғалар нәтижесі ретінде бақылайтын ресурсы, оны пайдалану бәлкім экономикалық пайда көзі болуы мүмкін. Субъект міндеттемесі өткен оқиғалардан туындайды, ол бойынша жасалатын есеп ресурстардың кері қайтуымен аяқталады да, олар өзіне экономикалық пайда қамтиды. Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі (немесе субъектінің борыштан тысқары мүлкін) активіндегі қалдық мүдде. Бухгалтерлік есеп пәнімен егжей–тегжейлі танысу үшін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің түрлерін және олардың қызметінің ұйымдастырылуын қарастырып көрелік. Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің әралуан түрлерін қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін оның иесі белгілейді. Ол міндеттер: қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі жоғары өнім шығару. Оларды өткізу табысты молайтады, өнім тапсыру келісімшарт орындауға ықпал етеді. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жол ашады, осы негізде бүкіл қаржы–шаруашылық қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін меншік иесі берген өкілеттілік негізінде жүзеге асырады. Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық әдістері шешуші орын алады, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейеді. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодекске сәйкес шаруашылық субъектінің мынадай түрлері құрылады:
1.Шаруашылық серіктестіктер:
- Толықсеріктестік.
- Коммандитті серіктестік.
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
- Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
- Ашық акционерлік қоғам (ААҚ).
- Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ).
- Еншілес шаруашылық серіктестік.
- Тәуелді акционерлік қоғам
2. Өндірістік кооператив:
3. Мынадай түрдегі мемлекеттік кәсіпорындар:
Шаруашылық жүргізу құқына негізделінген мемлекет кәсіпорын.
Шұғыл басшылық құқына негізделінген мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Еншіліс мемлекеттік кәсіпорын тек қана мемлекеттік кәсіпорын арқылы құрылады.
4. Коммерциялық емес ұйымдар. Мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, кооперативтері, діни бірлестіктер, ассоциация (одақтар) түріндегі бірлестіктер. Шаруашылық қызмет дегеніміз шаруашылықпен айналысушы субъектінің өмір сүру формасы; ол оның қаржылық ресурстарының қозғалысы (жағдайының өзгеруі) шаруашылық қызметтің өмір сүруінің экономикалық формасы болып табылады. Сондықтан қаржы ресурстарының қозғалысы мен пайдаланылуын басқарып алмайыншашаруашылық қызметті басқару мүмкін емес. Ол үшін мыналырды білу қажет:
1. Шаруашылық–қаржы ресурстарының мәні болып табылатын құнның бар екенің заттай формасын (құрамын) немесе сол ресурстар немесе салынғанын (инвестицияланған).
2. Субъектіде қаржы ресурстарының қайдан және қандай себеппен пайда болғанын (көздері мен олардың пайда болуы) және бұлар кейін тиісті екенін (орналастырылуы).
Субъектілер мейлінше көп заңды қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, соның бірі мынадай: Қаржы ресурстары көзінің пайда болуын көбінесе олардың мақсаты анықтайтын, яғни оларды қалай пайдаланған жөн, қайда жұмасаған дұрыс. Сондықтан да, жаңа ғана айтылған ақпараттың екі түрі қаржы ресурстарының тиісінше салынуын салыстыруға, сөйтіп олардың дұрыс пайдаланылғаны туралы қорытынды жасауға, нормадан ауытқу себептерін анықтап, туындаған қолайсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді. Субъектінің қаржы ресурстары жағдайының бухгалтерлік, ақпараттық үлгісіне (бухгалтерлік баланс) олардың құрамы мен орналасуы жөніндегі аталған екі белгінің бірі: Салынған қаржының бағыты мен оның пайда болу көзі бойынша цифрлық деректер қосылады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |