|
|
Адам және отбасы.
Сабақтың тақырыбы: Адам және отбасы.
Мақсаты: отбасы жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу;
-отбасындағы жарасымды, сыйластық қарым - қатынастың дамуына ықпал ету;
- отбасындағы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ойын, пікірін айту.
Көрнекілігі: түрлі - түсті қағаз, суреттер, фламастер,видео ролик, слайд, стикер.
Сабақ барысы: Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін сендерге жұмбақ жасырамын; Көшеде бір кісі келе жатыр қолында алты тапа нан. Осынша нанды қайтесің ? деп сұрағанда: « Екеуін қарызыма беремін, екеуін өзіме, екеуін қарызға беремін » дейді. Сонда жолаушы кімдер жайлы айтып тұр?
Жұмбақтың шешуі: екеуі – ата- анасына, екеуі –өзіне және әйеліне, екеуі --балаларына.
Ия, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы отбасы жайлы болмақ.
* Балалар отбасы туралы біз не білеміз, отбасы деген не?
* Отбасы мүшелерінің отбасындағы орны, атқаратын қызметтері қандай ?
(Оқушы жауаптары тыңдалады)
Үй жұмысы : төмендегі тақырыпшаларға сахналастыру түрінде жауаптары тыңдалады.
- “ Отбасы кеше ” ,
- “ Отбасы бүгін ”
- “ Отбасы ертең ” - қандай болмақ ?
Шығармашылық жұмыс.
“Суреттер сөйлейді“
Топтық жұмыс, суреттерді топ мүшелері өздері таңдайды. Суреттерге тақырып қойып, эссе жазып қорғайды.
Әңгімелесу.
Ойланайық, пікірлесейік айдарымен берілген сұрақтарға әңгімелесу әдісін жүргізу.Бұл сұрақтар арқылы отбасында кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білуге, туыстық қарым- қатынастарын қалыптастыруға, отбасында баланың өз орнын анықтай алуға жетелейді.
1. Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады ?
2 . Өзің шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата- анаңмен еркін сыр бөлісе , ақылдаса аласың ба ?
Ойқозғау.
Ата - анасына деген сағынышын ( қытай тілінде) әнімен жеткізген бала туралы видео ролик көріп тыңдау.
* Бала әнінде не жайлы айтылды деп ойлайсыңдар?, эссе , өлең жолдарымен түсінігімізді жеткізіп көрейік .
Назар аударыңыз.
Кабуснамадан үзіндіні оқыта отырып, ұрпақ үшін атқарған ата - ананың еңбегін қайтару міндет екенін пайымдату, ойландыру.Өзінің ішкі дүниесіне үңілуін талап ету, жан сезімін шығаруына мүмкіндік жасау.
Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - анасы.
Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма.... Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырма.
Сені жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқашанда жақсылыққа ылайық емессің, өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата – анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент - жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, тәтті болады. Яғни ата – анаға деген ізгі тілегіңнің қабыл болғаны.
Қорытынды.
« Бір- бірімізді қаншалықты жақсы білеміз » -- анкетамен жұмыс:
Ата- анаңның назарын қандай жылы сөздермен өзіңе аударасың |
|
Ата- анаң сенің назарыңды қандай жылы сөздермен өзіне аударады |
|
Ата- анаңның сүйікті түсі, әншісі, тағамы, спорт түрі |
|
Сенің сүйікті түсің, әншің, тағамың, спорт түрі |
|
Ата- анаң адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді ұнатады |
|
Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді ұнатасың |
|
Дәйексөз. Мақал - мәтелдің мәнін түсіндіріп, орыс тілінде айту .
- Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. * Что птица увидет в гнезде, то и покажет в полёте.
- Жеті атасын білмеген жетесіз .
* Тот, кто незнает семь предков - безтолковый.
- Ата анаңның қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін ,
Жалалы болғанда білерсің.
* Цену родителей познаеш,
Когда сам родителем станеш.
А, родственник познается в беде.
- Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар .
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
* Хороший сын приведёт к славе,
Плохой к безчестъю.
- Жақыныңды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.
* Оговаривая ближнего -- опозоришься сам.
Сергіту сәті , ойын. Анаңа көмектесесің бе?
( топтардан оқушының өз еркімен бір- бір оқушы шығады, стол үстіндегі жабулы тұрған орамалдың бірін таңдайды, екі минут уақыт беріледі. )
- Ботқасын бер, (анаңның тамақ істеуден қолы босамай жатыр, ініңнің тамақ ішетін уақыты болды, анаңа көмектес.)
2 . Сүтін ішкіз, ( соскасы бар , бір литр ыдыстағы сүтті ішкізу)
Кері байланыс.
* Бүгінгі сабақ ұнадыма, не білдік, не ілдік?
* Қандай ой түйдің ?
Стикерге ата- анамызға, отбасы мүшелеріне шынайы тілегімізді жазып киіз үй салынған плакатқа ілеміз.
Мадақтау. Төмендегідей номинациялық атаулармен оқушылар
бірін - бірі мадақтайды; - Ең инабатты қыз. - Ең батыл бала. - Сері жігіт. - Өнерлі жан т.б.
Ананың сүюі
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуаныш, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа ең болмаса жұлдыз сайын,
Хабарыңды бер, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше.
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле – өлгенше.
Анашым.
Ардақтым менің аяулы жүрек, ақ анам,
Сағыныш тербеп қанатын қақты шағалам.
Алыстап кеттің, қолымды қанша созсам да,
Жанына сені алып та кетті - ау тағалам.
Сағынам сені анашым менің табылмас,
Жан жоқ шығар анасын сірә сағынбас.
Жанымда жүрсің, сеземін сені асылым,
Құлының сенің, ойлаудан сені арылмас.
Түн ұйқысын төрт бөлсе, кім үшінде,
Суық бесік таянып түн ішінде.
Аналарды ардақта , ей адамзат,
Аналарды аяла тірісінде!
Өмір.
Недейсің , мына өмірге недейсің?
Көңілің құлазыған кедейсің.
Эй, құрбым неге сонша толқисың,
Айналаңа көз жүгіртіп , басыңды сен шұлғисың.
Түсінбеймін пенделердің ісіне,
Неге сонша бір- біріне, қодыраңдайды ісіне.
Бұл өмірдің жалғандығын білсеңде,
Қамшының сабындай, қысқалығын білмейсің.
Мен қалаймын,
Жаз күніндей достарды,
Мен қалаймын,
Бақытты ғұмыр кешкен қос қартты.
Сенде қала, Алладан сұрап тұрып,
Өмірдің құлағынан бұрап тұрып,
Берсін Алла ! ғұмырды бұлақ қылып.
Таң атып, Күн батады ілезде,
Сағынасың бұл күндерді бір кезде.
Сол үшінде бір- біріңнің көңліңе,
Қаяу салмай , бақытты ғұмыр сүргейсің.
Асыл әжем. Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі.
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанша үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже – ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
Әке туралы жыр. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі.
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күн ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсемдағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
Ана туралы жыр. Сөзі: Шәмші Қалдаяқовтікі.
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем , кеш мені,
Сыйлар ем ,ай күнін,
Қолыма түспеді.
Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім,
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім.
Бол риза , анашым,
Қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |