Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Анасын көріп қызын ал»


«Анасын көріп қызын ал»

 «Анасын көріп қызын ал»

 Тақырыбы:  «Анасын көріп қызын ал»

 Сайыстың мақсаты:   Сайысты өткізе отырып. Жас ұрпақ бойындағы  жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Анасы мен қызының арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.

 Көрнекеілігі: Сайыс тақырыбы, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

 Сайыстың өтілу барысы

І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Қазылар алқасын сайлау

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Сайысқа қатысушы аналар мен қыздарымен танысу
б) Сайыс шарттарымен таныстыру.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
а) Сайысқа жеңімпаздарын марапаттау
б) Сайысты қорытындылау

 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Армысыңдар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған  «Анасын көріп қызын ал» сайысына қош келдіңіздер!
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Бүгінгі бойжеткендерімізге  отбасында анасы әртүрлі жайларды үнемі түсіндіріп, ұғындырып отыру қажет. «Анасын көріп, қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалылығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айту қиын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлтының салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын.  Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайықты болу қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса екен дейміз.  
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақтың бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балалардың анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймыз. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, – дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы анасы мен қыздарды  қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1. Ақылбекова Айымгүл  анасы  Молдағалиева Дания

  1. Зайдолла Аққалжан анасы Каукенова Бағила
    3. Құспанғали Айым анасы Құспанғалиева Эльвира
    4. Нұрғали Айжамал анасы Бүркітбаева Нұрлы
    5. Сержанова Алтынзер анасы Тынымбаева Лаура
  2. Қуанғалиева Аида анасы Құспанғалиева Майра

Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікір, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________

 

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса.
«Анасын көріп қызын ал» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. «Кәне, таныс болайық!» /Таныстыру/
    2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /Өнер көрсету/
    3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
    жаман» /салт дәстүрге байланысты көрініс көрсету/
    4. «Кім шапшаң?» /Сұрақ жауап сайысы/
    5. «Ас адамның арқауы»
    /Анасы үйден дайындап әкелген қамырын жаяды, қызы оны кеседі/
    6. «Ана көрген тон пішер» /анасы құрақ қияды,қызы оны тігеді/
    7. «Кім тапқыр!» /берілген мақалдың немесе тыйым сөздің жалғасын табу/

 

1 шартымыз.
Армысыздар, айналайын дана халқым.
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата-баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру парызы әрбір жастың,
Өнерлерін паш етер отбасылар,
Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша
«Кәне, таныс болайық!» таныстыру кезеңі. Ортаға  біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .

 

2 шартымыз.
Сымбатына өнері жарасатын.
Аспандағы айменен таласатын.
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,
Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын – дей келе бұл шартымызда «Өнерпаз болсаң әрқалан» анасы мен қызы өз өнерлерін көрсетеді. Бұл кезекте тапқырлығы мен ой ұшқырлығын байқаймыз.

 

3 шартымыз.
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін  таланттының – деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» салт дәстүрге байланысты көрініс көрсету ортаға шығып анасы мен қызы  бірігіп салт дәстүрге байланысты көрініс көрсетеді.

 

4 шартымыз.
Көңілін халқыңның таптың бүгін
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Байқайық сайыскерлер тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша аналар мен қыздарын ортаға шақырып «Кім шапшаң?» деп берілген сұраққа жауап аламыз

 

5 шартымыз.
Осындай болып жатты ұлы жиын.
Жиынның мыңнан бірін айту қиын.
Еті тау, қамыры көл деуге болар
Айтқанда тартыңқырап астың сыйын,  яғни бұл шартымызда «Ас адамның арқауы» деп аталатын бұл шартымызда үйден илеп алып келген дайын қамырымызды анасы жаяды, қызы оны кеседі.

 

6 шартымыз.
Шеберлердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз «Ана көрген тон пішер» анасы құрақ қияды, қызы оны тігеді. Анасы мен қызы бір біріне қалай көмектесетінін байқаймыз.

 

7 шартымыз.
Біле білген білімді зерек дейміз
Білімінен ел-жұрттан ерек дейміз
Бәсекеге қабілетті жас болғанға
Оқу - оқып, білім қуған керек дейміз деп аналар мен қыздардан  бұл шарт бойынша «Кім тапқыр!» кезеңінде берілген мақалдың немесе тыйым сөздің жалғасын сұрайық.

Сайыс аяқталып ойын жеңімпаздарын анықтау, марапаттау.

Осымен сайысымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
«Анам және Мен»
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
СУПЕР АНАМ ЖӘНЕ МЕН
Сынып аруы -2014
Ас-адамның арқауы
Айналайын, ақ әжем!
Бозбала мен бойжеткен
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3611 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык