Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ас-адамның арқауы


Ас-адамның арқауы

Тақырыбы: Ас-адамның арқауы

Мақсаты: Қыз балаларды отбасы этикасына,қонақ қарсы алу,дастархан жаюдың эстетикалық мәдениетін дамыту,қазақтың салт-дәстүрі мәдениетіне қатыстыра отырып бойларына сіңіру. Сыныпаралық сайыс ретінде қыздарды шапшаңдыққа баулу.   
Тамақты дайындау,жасау барысында тазалыққа,ептілікке үйрету. Ұлттық тамақтар   
дайындау барысында ырым,тиым сөздерге мән беру.                                             
Көрнекілігі: Пісірілген тамақтар түрі, ыдыс-аяқтар, салаттар, ұлттық тағам түрлері, ұлттық сусындар. 
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру: Залдың ішінің дайындығын, оқушылардың сабаққа тапсырмаларға дайындығын байқау.
Мұғалім: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгін бізде «Ас-адамның арқауы» деп аталатын 3 «а»  сыныбында  сайыс өтпекші. Осы сайысымызға хош келдіңіздер. Жалпы айтар болсақ сайыс                   3 шарттан тұрады.
1-ші шартымыз әр сынып өзін-өзі таныстырады.
2-ші шартымыз дайындалған тағамдарды үстел үстіне рет-ретімен қою.
3-ші шартымыз қазақ халқының ырымдарын,тиым сөздерін, мақал-мәтелдерін айту. (Тамаққа байланысты.)
Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейік.
1.Еңбек пәні мұғалімі Досыбаева Жазира .
3.Музыка пәні мұғалімі  Сабытаева Жазгул 
Жүргізуші:
Ал енді осы шарттарға байланысты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ду қол шапалақпен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.Осылайша әр сынып қыздары сахнаға шығып өздерін таныстырады.
Өте жақсы ,сайыскерлерімізге қол соғып қошемет көрсетіп қояйық.
Жүргізуші:
Осы сайыс бойынша әділ-қазы мүшелері бағасын берсін. Ал, енді келесі шартымызға көшейік. Әр сынып дайындаған тағамдарын үстел үстіне қойып орналастырсын. Сосын таныстыру, дайындау  жолдарын  айтып шықсын.
Осылайша әр сынып дайындаған тағамдарын үстел үстіне әкеліп қояды. Сайыскер әрбір тағамдарын таныстырып шығады. Оның қалай дайындалатынын айтып шығады. Қазақ халқы үшін дәмнен үлкен нәрсе жоқ Ас- адамның арқауы деп халқымыз бекер айтпаған. Жалпы тағам ұннан еттен, жеміс-жидектерден жасалады. Ендеше  әрбір оқушы дайындаған та
ғамдарының құрамымен жасалу жолдарымен таныстырып шығады. Осылайша оқушылар жасаған тағамдары туралы қысқаша айтып шығады. Ал әділ-қазылар осы шарт бойынша әділ бағаларын береді.
Ал енді келесі шартымыз мақал-мәтелдер,ырымдар, тиым сөздерге байланысты. Бұл жерде де сайыскерлеріміз өздерінің дайындап келген мақал- мәтелдерін, тиым сөздерін, ырымдарын айтады.
Жүргізуші:
Берілген мақал-мәтелдер:
1. Ас-адамның арқауы.
2. Таңғы асты тастама.
3. Сыйлап берсе суын іш.
4. Тату үйдің тамағы тәтті.
5. Астұрған жерде ауру тұрмайды.
6. Сыйласқанның суын іш.
7. Аштың ақылы астан әрі аспайды.т.б.
.
Жүргізуші: Сонымен оқушылар бүгінгі сайысымыз осымен мәресіне жетіп келе жатыр. Ендігі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі сайыс тамаша өтті. Әр оқушы өзінің шама-шарқынша жауап беріп жатыр. Суретке түсірілді. Бәрі жақсы. Енді сайыс болған соң марапаттау болады. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Қатысқан атсалысқан барлық оқушыларға рахмет айтамыз. Ендеше марапаттау рәсімін бастайық. Барлық оқушылар марапатталды. Естелік суретке түсірілді.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Анасын көріп қызын ал»
Әжесі мен немересі
« Ал,кәне, Әжелер»
Қазақшаңыз қалай?
Алтын күз
Айналайын, ақ әжем!
Жарасымды отбасы
"толағай" отбасылық сайыс
үлгілі отбасы
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2881 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык