|
|
"ЭКСПО КӨШБАСШЫСЫ" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
Мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту,тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: "ХХІ ғасыр көшбасшысы"зияткерлік бағдарламасы негізінде.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар. Сайыстың барысы.І.1.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру. 1. 1. Мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Абдраимов Бауыржан
- Ағылшын пәнінің мұғалімі Қойлыбаева Айгерім
- Орыс тілі пәнінің мұғалімі Мирзаева Зульфия
ІІІ.Сайысымызда білімі және тапқырлығымен сыналатын оқушылардың өздерін таныстыруына кезек береміз.Оқушылар аты-жөні,сыныбы және өмірдегі ұстанымын айтып өздерін таныстырады.
№1. 11"А" сынып оқушысы Құрбанов Асылбек. Ұраны: "Өнерлі өрге жүзер!" Үлгі ұстар тұлғасы: Асаналы Әшімов.
№2. 11 "А" сыныбы оқушысы Пурханов Абай Ұраны: "Тәрртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды!" Үлгі ұстар тұлғасы: Бауыржан Момышұлы.
№3. 10 "А" сыныбы оқушысы Ғанибаева Мария. Ұраны: "Тек қана алға!" Үлгі ұстар тұлғасы : Шоқан Уәлиханов
№4. 10 "А" сыныбы оқушысы Уразымбетов Сардар Ұраны: "Оқу,үйрену,білу!" Үлгі ұстар тұлғасы: Асқар Жұмаділдаев
№5. 10 "А" сыныбы оқушысы Салыбекова Оразгүл. Ұраны : "Өмірге адам болып келген соң,адам болып кету керек!" Үлгі ұстар тұлғасы: Абай Құнанбаев.
№6. 8 "Ә" сыныбы оқушысы Абдіқадырова Анара. Ұраны: "Оқы,оқы және оқы!" Үлгі ұстар тұлғасы: Абай Құнанбаев
№7. 8 "Ә" сыныбы оқушысы Аллиярова Азиза. Ұраны: "Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен!" Үлгі ұстар тұлғасы: Мұқағали Мақатаев.
№8. 8 "Ә" сыныбы оқушысы Сәрсенбаева Аружан. Ұраны: "Қыз өссе елдің көркі!" Үлгі ұстар тұлғасы: Мағжан Жұмабаев.
Сайыстың барысы:
І. бөлім. "Бәйге".Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
- Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?
- Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?
- 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті?
- 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Лондонда тұрғызылған ғимарат?
- АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?
- Австро- Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізген еді?
- 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
- 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандй құралды ұсынған ?
- 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?
- Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты ?
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?
- 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта,Кеңес Одағының павильонына 13 млн.көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2015 жылы өтетін қала?
- 2010 жылы "Жақсы қала - жақсы өмір" тақырыбымен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- 2005 жылы "Табиғат даналығы" тақырыбымен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- 1988 жылы " Техника ғасырындағы бос уақыт" тақырыбымен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- 1986 жылы " Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем" тақырыбымен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- 1855 жылы адамдар алғаш рет көгалшапқыш,кір жуу машинасы,сөйлейтін қуыршақ сияқты өнертабыстарымен танысқан көрме өткен қала?
- Франция астанасында австриялық император І Франц Иосиф,пруссия королі І Вильгельм және ресейлік патша ІІ Александр кездескен дүниежүзілік көрме қалай аталған?
- Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Францияда алғаш қай жылы өтті?
- Халықаралық көрмелер бюросына қазіргі күнде қанша ел мүше?
- Халықаралық көрмелер бюросының штаб - пәтері орналасқан қала?
- 2000 жылы "Адамзат,табиғат және технологиялар" тақырыбымен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
- 1851 жылы Лондонда өткен дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің символына айналған ғимарат қалай аталған елһді?
- Алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны және Томас Альва Эдисонның телеграфы көрермендер назарына ұсынылған көрме өткен қала?
- Дүнижүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?
- 1986 жылы Ванкуверде өткен дүниежүзілік көрменің символына айналған роброттың атауы?
- 1893 жылғы Чикагодағы алғашқы көрме қалашықтарының қарлығашы не деп аталды?
- Қазақстанда 2017 жылы өтетін мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің тақырыбы не деп аталады?
- Қазақстан 2017 жылы ЭКСПО дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған күн?
- 1925 жылы Париж көрмесінде этнографиялық концертке қатысып,күміс медальға ие болған қазақтың дарынды әншісі кім?
- Бірінші рет Қазақстан жалауы 1998 жылы қай ел көрмесінде желбіреді?
Сайыскерлерді іріктеу.Ұпай саны аз 2 оқушы сайыстан шығады.
ІІ бөлім "Көкпар". Жасырын сандар беріледі.Бұл сандардың астында сұрақтар жасырылған.Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
20/1: Қазақстан Халықаралық Көрмелер Бюросына мүше болған жыл? ( 1997 жыл)
20/2: Тұңғыш дүниежүзілік көрме өткен жыл? ( 1851 жыл)
20/3: Қазақстан ЭКСПО - 2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған күн? (2012 жылы 22 қараша)
30/1: Лондондағы алғашқы дүниежүзілік көрме өткен саябақтың атауы? ( Гайд саябағы)
30/2: 1958 жылы Брюссельде өткен дүниежүзілік көрменің символына айналған ғимараттың атауы? ( Атомиум)
30/3: 1889 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің символына айналған ғимараттың атауы? ( Эйфель мұнарасы)
40/1: ЭКСПО - 2017 мамандандырылған көрмесінің өтетін уақыты? ( 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығы)
40/2: Шанхай ЭКСПО - 2010 -дағы Қазақстан павильонының тақырыбы қалай аталған? ( "Астана- Еуразия жүрегі")
40/3: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ құрылған уақыт? ( 1928 жылы 22 қалаша)
Сайыскерлерді іріктеу.Ұпай саны аз 2 оқушы сайыстан шығады.
ІІІ бөлім. "Тіл өнері" Мұнда дүниежүзілік көрмелерде қол жеткізген жаңалықтар туралы жұмбақ - сұрақтар қойылады.Жауапты кім бірінші болып тапса,сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай,орысша дұрыс жауабы 20 ұпай,ағылшынша дұрыс жауабы 30 ұпай,жауапты үш тілде жеткізген оқушыға толық 30 ұпай қосылады.
- ЭКСПО атауының түбірі қандай сөзден шыққан? (Жәдігер,экспонат,... )
- 1851 жылғы тұңғыш дүниежүзілік көрменің символына айналған ғимарат? ( Хрусталь сарайы, ...)
- 1904 жылғы Сент - Луис көрмесінің атын шығарған,бір ғасырдан өтседе ескірмей келе жатырған жаңалық не? ( Балмұздақ, ... , ... )
- ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы не деп аталады? ( "Болашақтың энергиясы",... , ...)
- 1893 жылғы Чикагодағы алғашқы көрме қалашық не деп аталды? ( "Ақ қала", ..., ... )
Сайыскерлерді іріктеу.Ұпай саны аз 2 оқушы сайыстан шығады.
ІУ бөлім. "Жорға"Танымал тұлғалар..Әрбір сайыскерге 5 - 5- тен сұрақтар беріледі.Сандардың астында сұрақ жауабының суреті жасырылған.Дұрыс жауап берілсе,суреті ашылады.
1-сайыскерге қойылатын сұрақтар:
- 1867 жылы Парижде өткен көрмеге қатысқан танымал тұлғалар, мемлекет қайраткерлері де болды. Мәселен, Португалия патшайымы Мария Пиа Савойская, Швеция ханзадасы Оскар, Бельгия королі Леопольд II және оның әйелі Мария-Генриетта,түрік сұлтаны Абдулазиз, жапон ханзадасы Токугава Акитаке, Отто фон Бисмарктер мен бірге көрмені тамашалаған орыс патшасын атаңыз? (ІІ Александр)
- 1876 жылы Филадельфиядағы көрмеге телефонды ұсынған ғалым кім? ( А.Грэм Бэлл)
- 1958 жылы Брюссельде өткен дүниежүзілік көрмеде "Қарақұм ГРЭС - індегі таң" картинасы үшін күміс медаль иеленген қазақтың ұлы суретшісі кім? (О.Таңсықбаев.)
2-сайыскерге қойылатын сұрақтар:
- Америка құрлығының ашылғанына 400 жыл толу құрметіне 1893 жылы Чикагода өткен бүкіләлемдік көрме испан саяхатшысының есімімен қалай аталды? ("Колумбтық" )
- 1925 жылы Париж көрмесінде этнографиялық концертке қатысып,күміс медальға ие болған қазақтың дарынды әншісі кім? ( Ә.Қашаубаев.)
- 1876 жылы Филадельфиядағы көрмеге жазу машинасын ұсынған ғалым кім? ( Ремингтон)
Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.Сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебімізде "ЭКСПО КӨШБАСШЫСЫ" 10 "А" сынып оқушысы Уразымбетов Сардар болып анықталды.Жеңімпаз сайыскер мақтау қағазымен марапатталды.
Пікір
Тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Қантұрғанқызы Алибекова мектебіміздегі шығармашылықпен табысты жұмыс істеп жүрген ұстаз.Жоғары санатты.
Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу үшін ашық сабақтар және сыныптан тыс іс - шаралар ұйымдастырып отырады.Бұл іс - шаралар оқушының шығармашылық қабілетін нығайтып,тарихи зерделілік қасиеттерін дамытады. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін оятады. 2014 оқу жылының қаңтар айында оқушылармен ұйымдастырған сыныптан тыс жұмыстары осыған дәлел.
"ЭКСПО - 2017 көрмесі елдіктің ерен жеңісі" апталығында 6 "А" сыныбында "ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан " 8-10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "ЭКСПО - дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы" конференция сабағы және "ЭКСПО КӨШБАСШЫСЫ" зияткерлік сайысы жауапкершілікпен ұйымдастырылып,тәжірибелі маман екенін дәлелдей алды.Мектебіміздегі әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.
Озат тәжірибе ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы орынды деп есептейміз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |