Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»


«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

  «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

                                       ТАҚЫРЫБЫ:   «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ халқының салт дәстүрін дәріптеуге, құрметтеуге дағдыландыру. Ұлттық құндылықтарды білу, сақтау ұғымдарын қалыптастыру.

Әдісі:             сазды танымдық кеш

Қатысушылар: Жүргізушілер, Күн, Түн, Жер ана, Қыдыр ата,

                           Жұлдызшылар, Наурыз ата, айтыскерлер, ұлттық ойын көрсетуші балалар.

 Сахнаға «Наурыз» әнімен Қадірова Назерке шығады. Ән бітеді. Бір кезде есік қағылып, ішке Наурыз ата енеді )        

Бұлбұл: (әже): О, құдайы қонақ болдыңыз ғой, қош келдіңіз біздің мектебімізге, төрлетіңіз!

Наурыз ата: Ия, мен Наурыз ата боламын. Барлық елді мекенді аралап, наурыз тойын көріп келе жатқан жайым бар. Осында әнші, биші өнерпаздар бар деп естіп, қонаққа келіп жатырмын.

Бұлбұл: (әже): Әрине, бүгін біз мектебімізде ұлыстың ұлы күніне арнап Наурыз-думан өткізгелі жатырмыз, соны тамашалауға шақырамыз.

                         Ендеше, бүгінгі думан тізгінін біздің жастармызға берсек.

  • Нұрлан       :

Уа, халайық, құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең.

Наурыз тойы тойланады мектепте,

Қош келдіңдер меркені көруге.

  • Нұржанат            :

  Наурыз келді, наурыз келді ағайын,

Құшырлана құшағымды жазайын.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

 

1-:

         Қош келдің, Жас Наурыз жылдың басы!

Жұрттың күткен мінекей, ықыласы,

Көже құйып күйбеңдеп,бас асып,

Бермек әркім баршаға қонақасы.

2-: 

  Келегендері құттықтап бірін бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі жасы.

Көңіл түгіл, адамның сән келген соң,

Самарқанның елжіреп тұр көк тасы. 

 

  1. Ескі жылға шаң басқан, сағым басқан.

Қарайламай аяғы шалыңбастан,

Аспанға да, жерге де қонақтамай.

Наурыз келді еш заңға бағынбастан.

 

  1. О, бәрекелді керемет жыр жолдарын тыңдап, жанымыз тебіренгендей болды емес пе? Ия, Нұрлан?
  2. Армысыздар құрметті «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне жиналған қауым.
  3. Көктем мерекесі жыл басы Наурыз мерекесі құтты болсын.
  4. Наурыз мерекесі сонау ерте заманнан келе жатқан мейрам. Наурыз шығыс елдері үшін ежелден ынтымақ, ырыс мейрамы. Күн мен түннің теңеліп, жан-жануарлар түлеп, тіршілік көзі бүршік жарып, айналаның әсемдікке орануы. Адамдардың аузы аққа тиіп, жер үстіне шаттық орнайды.
  5. Бүгінгі ұлыстың ұлы күні, әз наурыз мерекесін ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ғарапшиев Берікжан Ғарапшаұлына беріледі.

Келген қонақтар:

  1. Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айнұр Сары

 

  1. Нұржанат сен би билегенді ұнатасың ба?
  2. Ия әрине, әсіресе, ұлттық билерді. Себебі қазақтың ұлттық билерін құдды қазақ даласын, оның әрбір талы мен гүлін бейнелегендей әсер қалдырады.

1.Олай болса, бүгінгі думанның ажарын мектеп қыздарының  «  Көктем келді » биімен ашпақшы. Тамашалайық!

 

  1. Бізге қонаққа күн мен түн де келіпті, олар не дер екен, құлақ түрелікші:

                (Ортаға күнмен түн шығады)

 Жансая. 5а

Күн: Армысың, Түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, Жаңа әлемдегі тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосар адамзат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңменен ажарлансын!

 Айнара. 5а

Түн: Қайырлы күн! Тылсым тыныштықта жатсам да жер бетіндегі тіршілік иелерінің тірлігінен хабардармын. Өзің айтқандай Елбасымыздың Жолдауындағы халқымыздың тұрмыс тіршілігін, әл қуатын көтерудегі оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды құшақ айқастыра тұрып құттықтағалы келдім.

 Айзада. 5б

Жер ана: Адам үшін тыныс алуға, ішуге мөлдір су, тіпті өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет. Табиғат  - арқашан да адамнан күшті және солай бола бермек те, өйткені адам оның бір ғана сәті, шынашақтай бөлшегі. Табиғат мәңгілік және шексіз. Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын, Түн менКүн, қазағымның қарышты қадамының тілекшісі бола берейік!

Дана 8в

Аластау:

 

  1. Қазақ ырымшыл халық. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Жолы ақ болсын, біреудің ала жібін аттамасын – дей отырып, үлкен сыйлы адамға тұсау кестірген. Шақырған қонақтар шашумен, сыйлықтармен келген. Бүгінгі наурыз мерекесінде қазақ халқының жаңа қаз-қаз басып келе жатырған сәбидің тұсаукесерін жаңа ырымға ала отырып, мектебіміздің биылғы түлектерінің де алды ақ, өмірде сүрінбей сынақтардан өте берсін, қиындыққа мойымай тек жақсылыққа ұмтылсын деп, кішкене ғана сәбидің ақ жолын осы түлектерімізге арнап тұсауын кескелі отырмыз. (кішкентай баланың тұсауын әже кеседі. 2 қыз екі жағынан жетектеп сәбиді ақ жайманың үстімен алып жүреді).

Әженің сөзі:

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Баланы жетектеп жүргізеді, шашу шашылады)

 

  1. Ендеше бүгінгі «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне жиылған қауым, наурыз дәмдерінен ауыз тиіңіздер!

 

                    Ортада дайын дастарханнан бауырсақ, көже шығарылады.                    (9 в сынып қыздары)

 

  1. Ендеше, осы көңіл күйімізді музыка пәнінің мұғалімі Сариева Гүлімханның орындауындағы «Сарыарқа» әнімен жалғастырсақ.

 

 

  1. Біздің елімізге тәуелсіздік алғалы бері, 22 жыл болды. Содан бері қазақ елі бір ел астында түрлі ұлттар мен ұлыстармен бейбіт өмір сүруде.  Бұл біздің қонақжайлығымызды, ауызбіршілігімізді білдірмейді емес пе? Наурыз мерекесін тек қазақ елі емес, әлемнің барлық түкпіріндегі қазақтар да, өз отанымыздағы басқа ұлттар да тойлайды екен. Наурыз Думанға арнайы орыс, татар, өзбек, грузин бауырларымыз келіпті. 

 

                Ортаға түрлі ұлттар шығады. 9 а,б сынып оқушылары. Наурыз мерекесімен  құттықтайды. 

 

       1.Нұржанат кішкене сергіп, ән-биді тамашалап болсақ, қызықты мағлұматтарға кезек берсек қалай болады.

  1. Жадыңызда жүрсін: 

 

Наурыз жұмбақ -  наурыз айында жұлдыздардың күн мен түн теңелуіне байланысты айтылатын жұмбақ өлеңдер.

Наурыз тілек-  адамдардың Наурыз тойында тақпақтап айтатын тілектері

Наурыз төл - наурыз айында төлдейтін мал, оны ерекше күтіп, бағады, төл басы сатылмайды, сыйға бермейді.

Наурызкөк-  наурыз айында ұшып келетін көктем құсы

Наурыз есім - наурыз күнініде немесе наурыз айында туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған.

Наурызшешек -  наурыз айында өсетін жапырақты өсімдік, «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік

Наурызнама-  шат шадыманды ойын сауық, той.

Наурыз жыры -  жаңа жылға арналған өлең жырлар

Наурыз бата -  наурызға арналып сойылған малға, тойға арналған бата

Наурыз айтыс  - наурызға арналған айтыс. Айтыс қазақтың ежелден бері келе жатқан көркемсөз өнері. Талай қазақтың қыздары мен жігіттері осы сайыста сөз жарыстырып, додаға түскен. бұл өнер қазірде жалғасын тауып келе жатыр, ендеше айтыстың қызығын тамашалайық.

 

Ендеше осы айтысты тамашалайық: Наурыз айтыс                              

  1. 8в сынып оқушысы Қонаров Мұхтар және 8б сынып оқушысы Қуанышкереева А.

 

Әрі қарай 7сынып оқушылары дайындаған ұлттық, спорттық ойындар мен жәрмеңкені тамашалаңыздар.

 

  1. Қазақ халқы әр кезде де өз қарияларын сыйлап келген: үлкенге құрмет кішіге ізет дейді дана халық, ендеше әз қариямыз Қыдыр атадан бата алайық:  

 

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Әруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сактап, төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты,

 Іздесе де таппасын. Әумин!

 

І.  Қайта түлеп халқымның ар иманы,

Наркескеннің намысқа жаниды әлі.

Өзің келіп түзеттің.  Жылдың басын.

Тек қаңтардан қарсы алар қағиданы.

 

  1. Қысты қысып, әр күні жазды үдетер,

Сұйылтпайық сәулелі сазды бекер.

Наурызды қарының тойып іше,

Наурызкөже деп ұғу аздық етер.

 

1-    Жүргізуші: Наурыз десе көгімде жүзді Күнім,

Наурыз десе көркейтер түзді гүлің.

Наурыз деген ырысым, ынтымағым,

Наурызым дәстүрім, ізгілігім.

 

2-    Жүргізуші: Олай болса, үзіліп ән қаймағын,

Шаттығына шомылсын арда аймағың.

Берік ұстап қолына ар байрағын,

Болашаққа самғай бер, Нар мейрамым!

 

         1.Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.

2.Ұлыс күні ұлы кісіден бата алса, ол жылы олжалы болар.

1.Ұлыс күні құтты болсын, төрт түлік сүтті болсын

2.Ұлыс күні береке берсін, жамандық жерге енсін.

1.Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Қош,келдің Наурыз!
Қош келдің-Әз наурыз!
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2874 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык